Реферат: «Ерте көшпелілер мәдениетінің қалыптасуы жағдайында Ежелгі Қазақстан аумағындағы энеолит және қола дәуірін зерттеудегі жаңа көзқарас»



бет2/5
Дата16.02.2023
өлшемі127,51 Kb.
#169050
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мағжан Реферат Тарих

Әлеуметтік және шаруашылық ұйым


Энеолиттік дәуір мал шаруашылыгы басым дамыған далалық өңірде де маңызды рөл атқарды. Қазақстан даласындағы энеолит мүлде басқаша көрінеді. Мұнда табиғи-экологиялық орта мүлде басқаша және оны игеру үшін адам ең оңай жолмен жүре отырып, бейімделудің басқа жолын тандап алды. Бұл жолда тас индустриясы кері кете қойған жоқ, керісінше бұрынғысынан да жогары деңгейге көтерілді. Адам тасты өндеудің (тесу, өздігінен қайралатын балталар, мінсіз аэродинамикалык түрдегі найзалардың ірі ұштары, оймалау және т. б.) мүмкіндіктерін ақырына дейін жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар өндірістік-шаруашылық (соның ішінде керамикалық және сүйек) саймандарының түр-түрін де шамадан тыс кеңейтті. Рас, бұл уақытта қалақша-қыстырма индустрия өз мәнін жоғалтқан еді. Энеолит дәуірінде климат ылғал болды. Сол арқылы ірі сүткөректілер санының белсенді түрде табиғи өсуіне, көбеюіне мінсіз жағдай жасалды. Бұл кезде мұнда жылқы да осындай болды. Бүл түрдің экологиялық, тепе- тендікті бұзбай күрт көбеюі, аң аулайтын алқап көлемінің бөлінісіне шаққанда оның мөлшерінің ұлғаюы басқа үрдістерді өмірге келтірді. Аңшылық ұжымдардың өздері көшіп жүретін аумақты кысқарту, ал кейде оны толық тоқтату есебінен өз алқаптарының көлемін кеміткені былай тұрсын, сонымен бірге бір жерде ұзақ уақыт бойы шоғырлана да білді. Тарылган аң аулау алқаптарындағы тұтынылатын биомассаның орнын толықтыру өз төлінің табиғи өсу есебінен ғана емес, сонымен катар аңшылардан босаған аумақтардан табындардың ағылып келуі есебінен де жүзеге асып отырды. Ботай мәдениеті. Көкшетау облысындағы Ботай бекеті жаныңдағы коныс- тын атымен аталған. Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстанның (Жайык- Ертіс өзендері аралығының) далалык энеолитін сипаттайды және мерзімі б. з. б. Ill — II мынжылдыктармен белгіленеді. Демек, ол бір мыңжыл болған. Ботай мәдениетінің калыптасуына неолиттік атбасар және маханжар мәдениетін кұратан тайпалар катысты. Оның калыптасу барысына Шығыс Каспий маңы өңірі мен Оңтүстік Оралдың сыртгай ықпал жасатаны жөнінде мәліметтер бар. Ботай мәдениетін В.В. Зайберт ашты". В.Н. Логвин, С. Қалиева оның батыстық нұсқасын, терсек мәдениетін бөліп көрсетті. Терсек мәдениетінде баска мәдениеттің ыкпалы айқын аңғарылады және оның кейбір ескерткіштері б. з. б. IV мыңжылдықпен белгіленетін алдыңғы энеолит дәуіріне жатуы ықтимал. Бірқатар қоныстар: Қостанай және Торғай облыстарында — Бестамақ, Түздыкөл-1, Ливановка, Қүмкешу, Қожай, Дүзбай-3; Көкшетау облысында Ботай, Красный Яр, Васильков-4 қоныстары ашылды; барлығы жиырмадан астам қоныс белгілі. Қоныстар әдетте шағын дала өзендері: Торғайдын, Терісакқанның, жоғарғы Тобылдың, Обаганның, Шагалалының, Иманбұрлықтың биік жағаларындағы алаптарды алып жатыр. Олардың көлемі кейбіреуінде 15 гектарға жетеді. Сипаттау үшін ең көп ақпарат беретіні Ботай қонысы болып табылады. Ол шамамен 200 жылды — б. з. б. XXIV — XXII ғасырларды қамтиды. Қазіргі бетінде 158 тұрғын үйдің жұрты табылды. Қазу барысында олардың қонысы тіршілік еткен соңгы кезенде салынғаны аныкталды. Негұрлым ертеректегі құрылыс кезендерінде салынган тұрғын үйлердің қалдықтары соңғыларын салу кезінде жойылып жіберілген. Ертедегі ауылдың кұрылыстары өте тығыз болған: тұрғын жайлар көбінесе бір-біріне жалғасып, өзінше бір топ кұрып жатқан. Мұндай томаға-тұйық жоспарланған орындарға жататын құрылыстар 30-га дейін жетеді. Олардың ішінен белгілі бір жүйені байкауға болады: ені 4—8 м болатын, ал ұзындығы 50 метрге дейін жететін параллель көшелердің екі жағына кейде 15—16 үйден салынған. Тұрғын жайлар былайша салынған. Терендігі 1 метрге дейін және көлемі 20 шаршы метрден 70 шаршы метрге дейін жететін 4—3 бұрыш түрінде шұңқыр қазылған. Қазу кезінде шығарылган балшық шұңқыр жиектеріне биіктігі 1 метрдей дуал етіп үйілген. Осылайша салынған қабырғаларга төбесі тарыла беретін шеген түрінде баганалар қаланған. Жасаған күмбез бұтақтармен және шым қабаттарымен жабылып, бұл орайда ортасынан түтін шығатын тесік қалдырылган. Кіретін есік кабырғада ойық түрінде калдырылып, оның сыртында шағын дәліз болған. Ішінде, ортадағы шұңкырда ошақ орналасқан. Ошақ пен есік арасы — шаруашылықка арналган орын, төрде — ұйықтауға арналган жер. Әдетте қабырганың бүйір жагынан азық- түлік сақтау үшін шұнкыр қазылады. Тобылдағы құмдауыт топырақта кұрылыс сипаты біршама өзгеше: кабыргаларының агаштан салынуы ықтимал. Өндірістік-шаруашылык саймандар алуан түрлі тастардан, сазбалшықтан, сүйектен жасалды. Құрал-саймандар түрғындардың шаруашылық жағдайы күрделі болғанын көрсетеді. Жүгеннің сүйек элементтері, кісенге арналган ілгектер жылкының қолға үйретіле бастағанын дәлелдейді. Тас токпақтар, пышактар, қанжарлар, боластар, жебелердің, сүңгілердің, най- залардың ұштары аң аулаумен байланысты құралдар. Шанышқылар балық аулау кәсібін көрсетеді. Тұрғын жайлар салу кезінде ағаш ендейтін кептеген аспаптар: балталар, шотгар, қашаулар, керткіштер, жоңғыштар, кескіштер, пышақтар, қырғылар пайдаланған. Тас пен сүйек өндеу едәуір жетілдірілген, ал оларсыз сапалы еңбек кұралдарын дайындау мүмкін емес еді. Қосалқы саймандар арасында шой балғалар, ретушерлер, балғалар, түрпілер, шакпақтастан жасалған бұрғылар, кескіштер, қалақшалар бар. Тері өндеу ісінде қырғыштар, қырнауыштар, пышақтар, кескіштер, жоңғыштар, жұмсарту үшін сүйек келілер, түрпілер және теріні тегістеуге арналған тегістегіштер қажет болды. Тігін керек-жарақтарының арасында инелер, тескіштер, біз бар. Ши тоқу үшін сүйек ілмектер, жіп иіру үшін ұршықбастар кажет болды. Керамика өндірісінде келсаптар, үгіткіштер, жылтыратқыштар, мейлінше әр түрлі қалыптар іске қосылды. Көптеген сүйек саптар мен тастан жасалған тестер табылды. Олжалар жиынтығында сондай-ақ діни нанымдық заттар, бойтұмарлар, әсемдік заттар да бар. Мезолит дәуірінде қару- жарақ ретінде садақ пен жебені жасау аң аулау әдістерін жетілдіруге мүмкіндік берді. Бұрынғы қамау тәсілі аркылы аң аулау жеке-дара аң аулау тәсілімен ауыстырылды. Ұжымда ерлердің рөлі біртіндеп арта түсті. Адамдар шаруашылықтың жаңа түрлерін, оның ішінде, жануарларды қолға үйретуді игере бастады.
Неолит дәуірінде мал шаруашылығы мен егіншілік пайда болды. Жалпы алғанда, табиғаттың дайын өнімін пайдаланатын шаруашылықтың тұтынушы түрлері — аң аулау, балық аулау, терімшілік сақталды. Біртіндеп мал шаруашылығы мен кетпенді егіншілік жетекші рөлге ие бола бастады. Егіншілік пен мал шаруашылығының дамуы әр түрлі кәсіптердің — әрмешілдік, ыдыс жасау, тері өңдеу және басқа да тұрмысқа қажетті заттарды жасаудың дамуына әкелді.
Осылайша коғамдық еңбек бөлінісі үшін негіз қаланды. Белгілі бір дағды мен тәжірбиені талап ететін кейбір бұйымдарды жасайтын мамандар пайда болды. Біртіндеп тұтас рудың қандай да бір кәсіптің түріне мамандану үдерісі жүре бастады. Шаруашылықтың іс-әрекетіндегі ілгерілеушілік тұрғындар санының өсуіне мүмкіндік берді, рулар көбейді. Азық-түлік қорының жетіспеуіне байланысты аналық рулық қауымнан жақын туысқандар кете бастады. Бұлар жаңа рулардың бастамасы болды. Олардан белгілі бір мәдени қауымдастық қалыптасты: бір шаруашылықтың түрін жүргізді, діни наным-сенімдері, сонымен бірге табыну рәсімдері және әдет-ғұрыптары бір-біріне ұқсас болды. Осы рулардың арасындағы өзара байланыстардың күшеюі тайпалардың құрылуына алып келді. Бұл жөнінде археологиялық деректер айғактайды.
Неолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанда Есіл бойында Атбасар мәдениеті тайпалары, ал Торғай үстіртінде Мақанжар мәдениеті тайпалары тарала бастады. Рулардың көбеюі мен жаңа туыстық топтардың пайда болуына байланысты неке қатынасына тыйым салу қалыптасты (екі атадан, үш атадан қосылатын туыстардың некелесуіне» тыйым салу).
Адамның шаруашылық іс-әрекетіндегі, аналық рулық кауымның Ішіндегі коғамдық қарым-қатынастардағы өзгерістер оның біртіндеп ыдырауына әкелді. Ақырында, ер адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің өсуі туысқандык есебін ауыстыруға және әке жағынан жеке мүлікке мұрагер болуына алып келді.
Энеолит дәуірінде рулық қауымның негізін көбінесе патриархалдық отбасы құрайтын болды. Патриархалдық ("pater" — әке, "агсһе— билік) отбасылар жақын туысқандардың үшеуден астам ұрпағынан тұрды. Ең үлкендері рулық бірлікке кірді, рулар тайпаға бірікті. Тайпалар қандас-туысқандық белгілеріне және шаруашылық ортақтығына қарай біріккен бірнеше рулық қауымнан құралды. Ал тайпалар кейінгі тарихи кезеңде тайпа одақтарын құратын болды. Біртіндеп үлкен патриархалдық отбасылардың үйге, малға, еңбек құралдарына, тұрмыстық заттарға жеке меншік пайда болды. Ру мүшелері жайылым мен аң аулайтын жерлерді де иемденді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет