1 – дәріс Бухгалтерлік есеп



Дата11.05.2022
өлшемі16,26 Kb.
#142692
Байланысты:
1 - дәріс
medicines, Хир рубеж, БАЗА300 , grants 2021 kaz protected, Реферат Мади, Блок1, Situatsionnye zadachi OKh, Metod Patologya-pri-berem 28.10.2014, ВБ перевод с каз ЧЕ ТАМ, Лучший-цифровой-продукт-Иванов-Е.Л, UX СОӨЖ №4

1 – дәріс
Бухгалтерлік есеп бақылау және басқару мақсатында шаруашылық жүргізуші ұйым туралы ақпараттарды үздіксіз бақылап, өлшеп, тіркеп, өңдеп және ұсына отырып, шаруашылық қызмет пен шешімдер қабылдайтын тұлғалар арасын байланыстыратын буын болып табылады.
Бухгалтерлік есептің мақсаты келесілер:

  1. Барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақытында есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына бақылау жасау.

  2. Ұйымның өз экономикалық және саяси жағдайына тән шаруашылық қызметін тиімді жолдармен басқаруға қажетті ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз ету.

  3. Кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімді тұрғыдан орындалуы, ұйымның өзін өзі қаржыландыруы мен табыс табуы.

Бухгалтерлік есептің міндеттері келесілер болып табылады:

  • шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметі туралы толық ақпарат жинау;

  • ақшалай, материалдық, еңбек, отын–энергетикалық ресурстарды норма мен нормативтерге сәйкес бақылау жасау;

  • қаржылық-өндірістік қызметтік тиімділігін арттырып, жоғалтулардың алдын алу;

  • өндірілген өнім, көрсетілген қызметтің іс жүзіндегі құнын анықтау;

  • шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытындыларын анықтау.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық ақпараттық мәліметін пайдаланушылар негізінен келесі екі топқа бөлінеді:

  1. Ішкі пайдаланушылар (кәсіпорынды басқарушылар)

Кәсіпорында басқарушыларға осы ұйымның алдына қойған мақсатына жетуіне және оның қызметіне толықтай жауапты адамдар жатқызылады. Мұндай адамдарға кәсіпорынның иесі, кәсіпорынның басшысы, бөлім басшылары т.б.
Бұл топқа жататын адамдарды кәсіпорынның:

  • соңғы есепті жылдағы таза пайдасының көлемі (мөлшері);

  • нақты алынған табыс көлемінің жоспармен сәйкестігі;

  • өндірген әрбір түрлі өнімнің өзіндік құны;

  • қызметтің қандай түрінен табыс көбірек алатындығы қызықтырады.

  1. Сыртқы пайдаланушылар

  • кәсіпорыннан тыс орналасқан, бірақ қаржылық жағдайына тікелей мүдделі тұлғалар;

  • кәсіпорынның қаржылық қызметіне жанама мүдделі тұлғалар.

Кәсіпорыннан тыс орналасқан, бірақ қаржылық жағдайына тікелей мүдделі тұлғаларға қаржы салымшылары (инвесторлар), несие берушілер (банктер және банктік емес мекемелер), жабдықтаушылар есептелінеді. Бұл тұлғалар өздерінің салған салымдары мен сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай ақ берген несиелерінің уақытында қайтарылатындығын білу үшін ұйымның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін зерттейді.
Ал кәсіпорынның қаржылық қызметіне жанама мүдделі тұлғаларға салық органдары, аудиторлық ұйымдар, сақтандыру компаниялары, сатып алушылар мен тапсырыс берушілер жатады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы күнделікті болып отыратын барлық операцияларды, шаруашылық үдерістері мен шаруашылық құралдарының қозғалысын олардың өнім өндіруге қатысуы мен оның нәтижесін есептеу үшін үш түрлі өлшем қолданылады.

  1. Сандық өлшем кәсіпорынның кіріске алынуға, есептен шығаруға және сонымен қатар түгендеуге тиісті өнімдері мен заттарын, материалдары мен негізгі құралдарын өлшеу, санау, көлемін анықтау үшін қолданылады. Бұл сандық өлшемнің өзі өлшенетін шаруашылық құралдарының түріне қарай әр түрлі болып келеді.

Мысалы: ағашты өлшеу үшін – текше метр (куб/м), жерді өлшеу үшін – гектар, астықты өлшеу үшін – центнер және тағы да басқа өлшемдер қолданылады.

  1. Еңбек өлшемі өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс уақытын өлшеуге арналған. Басқаша айтатын болсақ еңбек өлшемі бір дана өнімді өндіруге қажетті уақытты анықтауға немесе белгілі бір уақыт аралығында өндіріліп шығарылатын өнім санын анықтауға арналған. Бұл еңбек өлшемі жұмыс күнінің саны, сағаты және минуты сияқты уақыт өлшемдерін қолдану арқылы жүргізіледі. Жұмыс уақытының көрсеткіштері кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлерге тиесілі еңбекақы сомаларын және еңбек нормалары мен оның өнімділігін есептеу үшін қажет.

Мысалы: жүмысшының өнімді өндіруге, жасап шыгаруға кеткен уақыты (адам күні, сағаты) мен сол уақыттағы өндірілген өнімнің санын анықтау арқылы еңбек өнімділігі көрсеткішін есептеуге болады.

  1. Ақшалай өлшем кәсіпорындағы жұмсалған шығындар мен алынған табысты, өндірілген өнімдер мен тағы да басқалардың есебін жүргізу үшін қажет. Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында ақшалай өлшем көбіне сандық өлшем және еңбек өлшемімен бірігіп барлық мәліметтерді жинақтап қорытындылау үшін қолданылады.

Мысалы: құрылысты салуға кеткен барлық шығынның құнын анықтау үшін, сонымен қатар өндірілген өнімдерді, сатылып алынған тауарларды сату, бағалау және тағы басқалары үшін ақшалай өлшем көп қолданылады. Кәсіпорынның балансын құру барысында да тек қана ақшалай өлшем қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет