НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1 Көркемөнерден білім берудегі ұлттық сана мен мәдени құндылықтардың өркендеу көрсеткіштері Көркемөнердің барлық саласы бойынша профилдік ерекшеліктері бар мамандықтар дайындалады. Көркемөнерден білім берудің өзіндік атқаратын қызметіне, мамандар дайындайтын бағытына қарай көркем педагогикалық білім беру, шығармашылық мамандықтар, арнайы көркемөнерден білім беру, қосымша білім беру мекемелері жұмыс жасайды.
Арнайы білім беру мекемелері тек қана көркемөнер түрлері музыка, сахна, театр, бейнелеу өнері жанрлары, дизайн, сәндік өнер және т.б., арнайы кәсіпке арналған мамандарын орта білім беру арқылы дайындайды.
Қосымша білім беру мекемелері мектептен тыс үйірме жұмыстары көкремөнер салалары бойынша оқытылады. Мысалы, оқушылар сарайы және студиялар, өнер галереяларында курстар және т.б.
Жоғары педагогикалық оқу орындарында арнайы факультет, инстиуттардың құрылып, көркемөнер саласы бойынша мамандар даярланады.
Бүгінгі әлемдік жаңғыртулар жағдайындағы көркемөнерден білім беру республикамызда өзіндік өзгерістерге бейімделуде. Жаңартылған оқу бағдарламаларының жалпы орта білім беретін мектептерге енгізілуі де, жалпы орта білім, арнайы білім, кәсіптік білім беру мекемелеріндегі көркемөнерден мамандар даярлаудың білім беру бағдарламаларын қайта қарап, классификаторлары өзгертілуде. Әрине, кезкелген жаңалық, өзгеріс оң және теріс көзқарастар туғызады. Дегенмен, ғылым мен техниканың дамуы, еліміздегі әлемдік дамыған елдер қатарына қосылу саясаты, жастарға білім беру ісінде жаңашаландырусыз жүзеге асырылмайтыны белгілі. Көркемөнер саласында тәжірибелік ғана сабақтарды беріп жүрген аға буын өкілдерінің мұндай өзгерістерге көзқарастары мен қабылдаулары ауыр болды. Не себепті, өйткені тек қана практикалық тұрғыда ғана үйретіп, шеберлікке дайындап үйренген оқытушылар үшін, іздену арқылы, зерттеу арқылы теориялық мағлұматтар жинап, түсіндіріп, дайындалып әдістемелік дайындығын қайта жетілдіру жұмыстары көптеген құзіретіліктерді талап етуде.
Жаңартылған оқу бағдарламалары мазмұнына оң көзқарасты да мамандар бар деп айта аламыз. Ол, мектепте әдіскер, зерттеуші мұғалімдер мен жас мамандар болса, жоғары оқу орнында жаңартылған білім беру мазмұнын жетік түсініп, жаңашылдыққа бейімі бар ғалым педагогтар, суретші, музыка пәні мұғалімі мен жас мамандар.
Дегенмен, көркемөнер пәндері бейнелеу өнері, сызу, технология пәндерінің сағат санының қысқартылуы, арнайы пән ретінде оқытылмауы, үш пән кіріктіріліп, көркем еңбек пәні болуы. Аптасына 1-сағат ғана бастауыш сыныптарда оқытылуы. Міне осындай жағдайлардың бәрі де мектепте еңбек етіп жатқан пән оқытушыларының әлеуметтік, кәсіби әлеуеттеріне оң әсер берген жоқ. Мұндай білім беру процесіндегі жаңашылдықтар кезкелген маман иесінің жаңашылдыққа бейімділігіне, кәсіби құзіреттілігі мен бәсекеге қабілеттіліктерімен анықталуда.
Еліміздің білім беру жүйесі мұндай жағдайда жаңартылған білім беру бағдарламалары бойынша қайта даярлау курстарын ұйымдастырып, әдістемелік дайындықтарын жетілдіріп, мектеп, коллдеж, жоғары оқу орны оқытушыларына барлық сала бойынша көмектесуде. Солардың бірі,педагогикалық шеберлік орталықтарында әрбір оқу жылында жалғасын тауып жатқан ДББҰ «Назарбаев интеллектуалды мектептері» бөлімінде «Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагогикалық жоғары оқу орны бітіруші курс студенттеріне арналған қосымша кәсіби білім беру бағдарламасы» бойынша оқытылып жатқан жеті модуль бойынша әдістемелік даярлықтың оқу үдерісінде тиімділігі жоғары. Кезкелген оқытушының білімді жаңаша түсіндіріп, тартымды сабақтарды ұйымдастыруы үшін шебер әдіскер болуына аталған модулдердің ықпалы орасан екені құптарлық.
Міне, жоғарыда айтылған көркемөнерде болып жатқан жаңартылулар жоғары көркемөнерден білім беру жүйесіне де, жаңаша қарауды талап етуде. Осы негізде көркемөнерден білім алудағы жаңғырту жағдайындағы негізгі көркемөнерден білім берудіңбүгінгі алғышарттарын анықтадық. Олар:
Өнер мен ғылым байланысы маңызы артуы;
білім беру бағдарламаларын қоғам талабына қажетті арнайы,
кәсіптендірілген пәндерді енгізіп оқыту;
компьютерлік сауаттылық пен кәсіби бағдарламаларда эскиз, жоба,
сызбалар мен дизайн жобалар орындауға қабілеттілік артып, көркемөнер саласының цифрланудағы қажеттіліктер;
уақыт мен кеңістік арасындағы өзара келісімді, көркемөнер ортасын
құру үшін көркемөнер маманына артменеджментті меңгеру қажеттілігі;
көркемөнерден өнертанымдық білімді болудың мәні артуда;
метапәндік оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері;
дәстүрлі көркемөнер мен заманауи көркемөнер ұғымдарының
арақатынасын түсінуі;
тәжірибелі еңбек өтілі бар оқытушының өзінің кәсіби біліктілігін жаңарту тиімділігі;
көркемөнерден білім беру жүйесінің өзгеруі, яғни қашықтықтан
білім берутехнологиясы мүмкіндіктері;
кейбір көркемөнер мамандықтарының нарықтағы сұраныстан шығуы және т.б., міне осындай жаңашылдықтардың әсері мен өзін-өзі қайта жаңарту да, көркемөнер мамандары үшін де, білім алушыларға да маңызды болып тұр.
Көркемөнерден білім берудің алғышарттары біздерге, өнердегі негізгі түбірі - дәстүрлі шығармашылық арықылы ұлттық сана мен мәдени құндылықтардың өркендеуіне ықпал ету болып табылады. Сондықтанда, жалпы білім беру ісі мен қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік ахуалдар негізінде болашақ жастардың ұлттық санасының қалыптасуы мен ашықтығы жедел даму кезеңінде аса маңызды. Жастар ұлттық санасының қалыптасуына көркемөнер пәндерінің мүмкіндіктері де жоғары екенін байқауға болады. Қандай сала болсада, негізі, пайда болуы, тарихы мен дамуыбар. Сол сияқты, қазақ көркемөнер саласында бейнелеу өнері, сәндік қолөнері және дәстүрлі музыка біздерге негізі жетекші құрал болады.