Байланысты: Жасөспірмдердің қылмыстық әрекеттерінің алдын алуда психологиялық қызмет
-Психологиялық фактор бойынша: Белгілі адамның мінезінің ерекшелігімен қарым-қатынас ерекшелігіне байланысты.
-Физикалық және органикалык элементтерінің әсерінен биологиялық фактор Социологиялық-әлеуметтік фактордың ішінде, зерттеу нәтижесінде, келесі себептер көп кездескен: - төменгі экономикалық - қоғамдық статус; - мәдениеттегі зорлық және бұқаралық ақпарат құралдары; - алкоголь және наркотикалық заттар; -құрдастарының әсері;
- отбасындағы психологиялық және атмосфералық жағдай
А. Е. Личконың айтуы бойынша әрбір құқық бұзушының мотивтері де әр түрлі болып келеді. Мысалы, гипертимді жасөспірімдердің ұрлыққа түсуі - өзінің жолдастарына өзінің мықтылығын көрсету, дәлелдеу болып табылады.
Көбінесе жасөспірімдердің қылмысты істеуі топ қылмысының арқасында жүзеге асады, яғни жолдастарын қолдаудан соқыр талпыныс сияқты мотивпен топ ішінде «авторитетке» иемдену. Криминогенді топтың тұрақтылығы, белгілі жасөспірімдердің қылмысты істеумен қамтамасыз етіледі. Жасөспірімдердің қылмыстық мінезінің негізінде көптеген мотивтер жатыр, олардың ішінде бірінші орында өзін таныту мотиві және топтың ішіндегі бірінші орынға талпыну және т. Б. Криминогенді топ спецификалық психологиялық механизмдер арқылы өздерінің мүшелеріне жан - жақты әсерін тигізеді :
1. Криминогенді топ қылмыстық әрекеттің негізінде жатқан бағдарлардың және көз - қарастардың қалыптасуының базасы болып табылады. Психологиялық механизмімен топ өзінің мүшесіне қылық көрсетсе, ол конформизм деп аталады. Бұндай топтардың қаншалықты антиәлеуметтік бағыты көрінетін болса, онда конформизм соншалықты қатты болып келеді.
2. Криминогенді топпен жасөспірімдердің идентификациясы қылмысты орындаудағы кедергілерге деген ішкі мотивтерінің әлсізденуіне әкеп соғады. Бұл құбылыстың негізінде психологиялық қорғаныс механизмдері жатыр. Әсіресе сының негізінде орындалған және орындалатын қылмыстық істің жауапкершілігінен іштей босатылады.
3. Криминогенді топ өзінің мүшелеріне қылмыстық әрекеттің психологиялық механизміне конформизм сияқты, енді елітеу қосылады. Жасөспірімдердің еліктеуге олардың жас ерекшелік ерекшеліктерімен анықталады.
Көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша криминогенді топтың бір мүшесі қалғандардың көзінше қылмысты орындайды. Содан кейін құрбы - құрдастарымен әңгіме барысында қылмыстық әретіне мақтанып, олардан қолдау алады. Жасөспірімдер істеген күштеу, золау қылмыстарына : бұзақылық, өлтірушілік, денеге ауыр зардаптар түсіру, зорлау жатады. 1995 жылдың аяғында жасөспірімдердің қылмыстық құрылымы: қастықпен әдейі өлтіруі - 0,6 %, ауыр дене зардаптары - 0,9 %, зорлау - 0,8%, бұзақылық -7,5% құраған.
Сонымен көріп отырғанымыздай жасөспірімдердің қылмыстық ісі көбінесе бұзақылық әрекетінде жиі байқалады. Сондықтан да ауыр дене зардаптары және өлтірулер негізінде бұзақылық мотивтеріжатыр. Криминологиялық зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, қылмыстық істің негізінде жасөспірімдердің өзін таныту қажеттілігі басым болып келеді. Өзін таныту қажеттілігі әрбір адамған тән, бірақ бұл жасөспірімдік кезенде анық көрінеді. Жасөспірімдердің күштеу мотивациясы жоғары эмоциялық және ситуативтілікпен сипатталады. Жеткіншектердің күштеу әрекет - қылығы қайырымсыздықпен байланысты болып келеді.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің тұлғалық типологиясында негізгі үш нәрсені қарастыру керек:
1. қылмыскер жасөспірімнің жалпы түрі;
2. белгілі категорияның қылмыскер тұлғасы;
3. белгілі түрдің қылмыскер тұлғасы;
Бұл градациялар бір-бірімен жалпы, ерекше, біркелкі деп сәйкестенеді. Тұлғаның әлеуметтік негізі болып оның бағыты, өмірлік қатынастардың жүйелері, мотивациялық-құндылық бағдары болса, онда осы негіз қылмыскер жасөспірімнің типін анықтауы керек. Қылмыскер жасөспірімнің типтік критериі, яғни асоциалды, антиәлеуметтік деформация мөлшері, өзіндік психологиялық реттеу кемшілігі оның қоғамдық қауіпсіздік дәрежесі болып табылады.
Осы критерий бойынша қылмыскер жасөспірімнің үш түрін бөліп шығаруға болады: 1. антиәлеуметтік жасөспірім,
2. асоциалды жасөспірім,
3. психологиялық өзіндік реттеудің кемшілігімен сипатталынатын
қылмыскер жасөспірім.
Жалпы әрекет қылмыс жасаған адамның субъективті жақтарын толық ашпайды. Заңды белгі бойынша ұсақ әрекеттер әр түрлі психологиялық факторлармен негізделеді. Қылмыскер жасөспірімнің криминалды - психологиялық классификациясының негізінде басыңқы позициялар: итермелеуші күші, мотивтары, қалыпты мақсаттары, қылмыс жасаудың амалдары, тұлғаның десоциолизация өлшемі, антиәлеуметтік бағдардың сипаты жатыр.