Байланысты: Жасөспірмдердің қылмыстық әрекеттерінің алдын алуда психологиялық қызмет
2-ші кезең - өмiрдiң қиын жағдайларына тап болған, қаңғыбастық пен әлеуметке жат қылықтарға бейім балаларды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуға себеп болушы бiлiм беру ортасының мүмкіндігін дамыту.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін бірінші кезеңде мынандай басым міндеттерді шешу көзделіп отыр: - мемлекеттік, құқық қорғау және қоғамдық ұйымдардың құқықтық, өнегелік мәдениетін қалыптастырудағы және кәмелетке толмағандар арасындағы әлеуметке жат қылықты болдырмау жөніндегі қызметін бірлесіп жүргізуді қамтамасыз ету;
- қала құқық қорғау органдарының қылмыс жасайтын және әкімшілік құқық бұзушы немесе соны жасауға бейім балаларды дер кезінде анықтап табу, есепке алу, алдын алу жұмыстарын жүргізу;
- маскүнемдіктен, нашақорлықтан, токсикоманиядан зардап шегетін немесе психикаға зор әсерін тигiзетiн заттарды қолдануға бейім кәмелетке толмағандарды айқындау, есепке алу және кейіннен оларды оңалту, кәмелетке толмағандар арасында медициналық алдын алу жұмысын жүргізу; кәмелетке толмағандар мен ата-аналарға құқықтық бiлiм беру.
Екінші кезеңде:
- спорт алаңшаларының құрал-саймандарын, құрал-жабдықтарын қосымша сатып алу және аула клубтарын ашу, кәмелетке толмағандарды қала өмірінің мәдени, спорт саласына белсенді қатыстыру.
Бағдарлама мынандай бағыттарды көздейді: - емдеу-диагностикалық іс-шаралары;
- ақпараттық-насихаттау қызметі (алдын алу);
- әлеуметтік-педагогикалық жұмыс (оңалту және бейімдеу);
- материалдық базаны кеңейту;
Кәмелетке толмағандармен және әлеуметтік-педагогикалық процеске қатысушылармен жаңа материалдық-техникалық база негізіндегі әлеуметтік серіктестік пен құқық бұзушылықтың алдын алу тиімділігін жетілдіру жөнінде іс шаралар кешені өткізілетін болуы тиіс.