Реферат жасөспірмдердің қылмыстық әрекеттерінің алдын алуда психологиялық қызмет



бет3/4
Дата21.09.2022
өлшемі22,38 Kb.
#150220
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Жасөспірмдердің қылмыстық әрекеттерінің алдын алуда психологиялық қызмет

Жасөспірім қылмысының сипаты келесі белгілер жиынтығымен анықталынады:
1. қылмыстың түрімен-объект, қылмыстық салдардың ауырлық сипаттылығымен;
2. айыптау формасы, қылмыстың мақсаты мен мотиві;
3. қылмыс жасаудың амалы немесе әдісі;
4. қылмыс жасаудың жағдайымен;
5. жұмсарту жағдайының бар болуы;
6. қылмысқа жасөспірімнің қатынасы, жасалынған қылмыстан кейінгі жүріс-тұрысы.
Жасөспірімдердің жағымсыз жат әрекеттерімен күресудің бірден-бір жолы ретінде, жастармен профилактикалық-алдын-алу жұмысын жүргізудің мақсаты-табысты әлеуметтенуге жағдай жасау мен адамдарда қабілететтілік, жауапкершшіліктік қасиеттерін қалыптастыру процесіне көмек ету болып табылады.
Профилактика жасөспірімдерді тәрбиелеудің жалпы процесінін кұрама бөлігі, қылмыспен күрестегі басты бағыт, "өз ішіне медициналық педагогикалық аспектіні алатын басты әлеуметтік мәселе". Құқық бұзу профилактикасы, қылмыс туралы алдын-ала ескерту немесе баска да асоциалды құбылыстар жайлы ескерту мақсатында қоғамға қарсы өмір салтын жүргізіп жатқан жеке адамдарға жүйелік түрде іске асатын, мақсатты бағытталған әсерді болжайды
Бүгінгі таңда елімізде 17 000-нан астам жасөспірім қылмыстық есепте тұр. Аз көрсеткіш емес. Дегенмен тәртіп сақшылары «жеткіншектер арасындағы қылмыс көрсеткіші жыл өткен сайын азайып келеді» деп «алақайлауда». Мамандардың алға тартқан статистикасына көз жүгіртер болсақ, 2004 жылы 6 500-дей жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылса, былтырғы көрсеткіш 4,5 мыңнан аспапты. Мамандар «Білім басқармалары мен Ішкі істер министрлігінің, қоғамдық ұйымдар мен қоғамдық институттардың бірлесе отырып жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатындағы атқарған іс-шараларының арқасында жыл сайынғы жасөспірімдердің қылмыс жасау деңгейін 6,7 пайызға төмен түсіру мүмкін болып отыр», - дейді.
Келеңсіз жағдайлардың ата-ананың баласына жеткілікті көңіл бөлмеуі және отбасындағы белгілі бір проблемалық мәселенің оң шешімін таппауы салдарынан үйдегі моральдік-психологиялық тұрғыдағы кері ахуалдың қалыптасуынан болып отырғандығы болуы мүмкін. Ата-анасының тікелей қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбей өскен балада қоршаған орта мен ұжымға деген қалыптаспаған, дұрыс бағытталмаған кері негативті көзқарастың қалыптасатыны және де бала тарапынан берілген кез-келген сұраныстың қандай мақсатта жұмасалатыны сұралмай қанағаттандырылуы жасөспірім бойындағы жалқаулықтың, өмірлік құндылықтарды бағалай білмейтін өзімшілдіктің қалыптасуына әкеліп соғып, ұстаз бен оқушы арасындағы кикілжіңнің білім мекемелері мен уәкілетті органдар арасындағы түсініспеушіліктің туындауына әкеліп соқтырады.
Жасөспірімді қоғам жағынан қадағалауқажет. Отбасы жасөспірімдік қылмыстың алдын алуға мүмкіндік беретінін естен шығармау қажет. Себебі, көбінде жанұя қоғамдық қадағалауды жүзеге асырады. Қадағалаудың екі түрі бар. Біріншісі, тікелей қадағалау - бұл сыртқы болып табылады, оған шектеулер және жазалаулар жатады. Ата - аналары баланың уақытында сабақтан келуін, жолдастарымен қарым-қатынасқа түсетін кіші топтарды қадағалап, тексеруі жатады. Сонымен қоса уақытында баланы жазалап, көмектеседі. Екінші түрі, көмекші қадағалау- бұл сыйластық және махаббат. Жасөспірім ата- анасына және басқа да адамдарға осы сезімдерді сезінеді. Олардың тәрбиесі мен іс-әрекетін махаббат басқарады. Ата-анасына және басқа адамдарға махаббат, сыйластықпен қараған бала көп жағдайда қылмысқа бармайды. Себебі, жасөспірімдерге үміт артып, сенетін адамдарды ренжітіп, көңілін қалдырғысы келмейді.
Жоғарыда аталған мәселелерге көңіл бөле отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен әлемнің жетекші елдерiнiң тәжiрибелерiне негізге ала отырып, балаларға қарым-қатынас қоғамның әлеуметтік жетiлуiнiң көрсеткiшi болып табылады деп айтуға болады. Сондықтан да Бағдарламадағы берілген мәселелердің шешуі өкілетті және атқарушы үкiметтiң салмақты көңіл аударуын талап етеді.
Бағдарламаның мақсаты өзара сiңiсушiлiк түрде және сабақтастық принциптеріне негізделген :
1-ші кезең- кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу жөніндегі кешенді шаралар жүйесін құру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет