Реферат жеңіл атлетика негізгі қимылды жаттығулар Нұр-сұлтан 2020-2021 Жоспар


Жеңіл атлетиканың негізгі қимылды жаттығулары



бет2/10
Дата07.02.2022
өлшемі130,42 Kb.
#85227
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Жеңіл атлетиканың негізгі қимылды жаттығулары — тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.
Жүру – адамның табиғи қозғалуының бір түрі болып табылады. Адам жүру арқылы тіршілік жасаудың мүмкіндіктерін ашады, кеңейтеді. Жүру кезінде адам бойындағы барлық бұлшық еттер, сүйектер, ағзалар жұмыс жасау мүмкіндіктерін арттырып бейімделеді, тыныс алу, қан айналымы, зат алмасу жүйелері жұмысы жақсарады. Спорттық жүрудің жай жүруден айырмашылығы онда адымдау жиілігі мен аяқтың жұмысына басқаша талаптар қойылады. Мысалы спорттық жүру кезінде спортшы бір минутта адым жиілігін 190-200 реттен арта қайталай алады.
Спорттық жүру жарысы кезінде арнайы төрешілер тағайындалып олар спортшының адымдауы кезінде екі аяқ табандары жерден бірдей көтерілмеуін қадағалайды. Спорттық жүріс кезінде аяқ табандарының жерден бірдей көтеріліп кетіп кеңестікте дененің қалқуының пайда болуы, адамның жүгіру түріне өтуі деп саналады. Осындай жағдай болғанда спортшыны жарыстан шығаруға шешім қабылданады.
Жүру — 20 шақырым спорттық жүріс. Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші — жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттың жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды.
Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін жақсы меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз. Ал жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге айтарлықтай әсер ете қоймайды. Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты.
Лақтыру — диск, найза, граната, балға, доп және ядро. Секіру — орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.
Жеңіл атлетикалық көпсайыс — көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар — жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет