Реферат жеңіл атлетика негізгі қимылды жаттығулар Нұр-сұлтан 2020-2021 Жоспар



бет3/10
Дата07.02.2022
өлшемі130,42 Kb.
#85227
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан оралмадық.
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолдана­ды. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек.
Жүгіру – жеңіл атлетиканың негізгі түрі болып саналады. Жүгіру түрлері мен қашықтықтары әртүрлі болып келеді. Жүгіру жағдайы секіру, лақтыру сияқты қозғалыс түрлерінің де құрамында кездеседі. Жүгіруде адамның адымдауы кезінде дене ұшу, қалықтау жағдайына енуімен ерекшеленеді. Жүгіру, адам организімінің жұмыс жасау қаблетіне үлкен талаптар қойады. Асықпай жай жүгірулер түрлері адамдарды сауықтыру мақсаттарында жиі қолданылады.

Қысқа қашықтықтарға жүгіру (спринт) жылдамдық пен күш қаблеттерін қажет етсе, орта және алсы қашықтықтарға жүгіру жылдамдық пен шыдамдылықты ал кедергілер арқылы жүгіру спортшыдан ептілік пен икемділікті, жылдамдықты талап етеді.


Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа — 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет