Жеңіл атлетикадағы жаттығу негіздері
Жеңіл атлетикадағы қолданылатын жаттығулар өзінің түрлерімен, көлемімен ерекшеленеді. Сондықтан жеңіл атлетика түрлерімен жаттыығудың әрбірінің өзіндік ерекшелігімен қатар барлығына ортақ жақтары да бар.
Жеңіл атлетика түрлерімен жаттығудың барлығына ортақ негізгі қағидалары бар, оларды жаттықтыру жұмыстарында пайдалану міндетті болып саналады.
Негізгі қағидаларға:
жалпы және арнайы дайындықтардың бір бірімен байланыста болуы;
жаттығу жұмысының жүйелі өтуі;
аздан көпке қарай;
қарапайымнан күрделіге қарай деген талаптардың сақталуы.
Жан-жақты дайындық спорт түрінің ерекшелігін ескеру арқылы іске асырылады. Жоғары жетістіктер спорты міндетті түрде мамандануды қажет етеді. Сондықтан спорттық жаттығу жалпы және арнайы жаттығу түрлері бойынша өткізіледі.
Жалпы жаттығу адамның дене қаблеттерінің жетілуіне арналып өткізілгенімен ол болашақ спорт түріне маманданудың негізін салады. Онда дене қаблеттерінің артуымен қатар, психологиялық тұрғыдан дайындығын арттырады, таңдаған мамандығы бойынша әртүрлі әдіс-тәсілдерді меңгеруге көмектеседі.
Арнайы дайындық спортшыны таңдаған мамандығы бойынша қажетті техникалық шеберлік және тәсілдерді жетік меңгеруге бағытталады. Маманданған спорт түріне қажетті барлық дене қаблеттерін арттыруға жұмыс жасалады.
Жалпы және арнайы дайындық жаттығудың барлық кезеңдерінде орын алады, тек олардың өзара мазмұны, түрлері, жүктеме мөлшері ауысып отырады.
Үздіксіз жаттығу үнемі жаттығу жүктемесін берумен анықталмайды. Ол жаттығу жүктемелерінің арасында берілетін демалу үзілістері, организмнің қалыпқа келу мүмкіндігімен анықталады. Спортшы организімінің неғұрлым бастапқы қалыпқа келуі жыдам болса, онда организімінің қалыптасу мүмкіндігінің жақсы дамығандығын көрсетеді. Әр жаттығу сабақтарының арасындағы үзіліс ұзақтығы адамға берілген жаттығу жүктемесінің адам организміндегі болған физиологиялық және биохимиялық өзгерістердің жүктеме берілген уақыттан кейінгі әсерін есепке алу арқылы анықталады. Берілген жүктеменің адам организімінде қалтырған ізі арқылы болашақта жаттығу сабақтарында орындалатын жүктемелердің көлемі мен қарқындылығын реттеуге болады. Жаттығуды жүйелі орындату спортшының шеберлігін арттыруға көмектеседі. Белгілі физиолог А.Ухтомский «Әрекет ету, жұмыс жасау адамның дене құрлысын жасайды» деген. Адамның еңбек етуі оның ішінде дене жұмысын жасауы, оның сапасының артуы жаттығуды арнайы мақсатта көптеген рет қайталап отырғанда ғана артатындығын көрсетті.
Спортшының үлкен жүктемелерді орындағаннан кейінгі оның организімінің қайтадан бастапқы қалыпқа келу уақыты, дене қаблеттерінің жетілуінің негізгі көрсеткіші болып табылады.
Көп мөлшерде берілген ауыр жаттығулардан кейін организмнің бастапқы қалыпқа келуі жылдам жүреді адамның демалыс жиілігі (ДЖ), жүрек соғысы жиілігі (ЖСЖ), қан қысымы (ҚҚ) бірнеше минуттан кейін қалыптасады.
Жеңіл атлетика жаттығулары тек арнайы жатығулар емес оларға көмекші көптеген жаттығулар түрлерін қолданудан тұрады. Мысалы, адам организімі жұмыстарын арттыру, жүгіру, секіру т.б. түрлердің әдістемелерін жетілдіру т.б. Осы жұмыстардың барлығын меңгерту мақсатында жаттығу сабақтарын күніне екі – үш сабаққа дейін көбейтеді. Осылай өткізу адамның жүктемелерге бейімделу жағдайын арттырып, тез бастапқы қалыпқа келу мүмкіндігін көбейтеді.
Аздан көпке қарай қағидасы, жаттығу жүктемесін біртіндеп арттыру оның көлемін, қарқындылығын реттеуді мақсат етеді. Бір жүктеме мөлшерін меңгергеннен соң ғана одан жоғары жүктеме беру арқылы спортшы қаблетін арттыруға болады. Егерде берілген жаттығу жүктемесі өзгеріссіз қалып отырса онда спорттық көрсеткіш артуы тежеледі, бұл жағдайда адам организімі қалыптасудың бейімделудің жаңа сатысына көтеріле алмай қалады. Жаттығу жүктемесін беру ол адам организіміне ғана емес оның психикалық мүмкіндігіне де тікелей әсер етеді.
Жаттығу жүктемесі бағыты бірнеше тармақтан тұрады олар: жүктеме көлемі мөлшері, ұзақтығы, қарқындылығы және демалыс ұзақтығы мен түрі.
Жаттығу көлемі, мөлшері – ол барлық жаттығу жұмыстарының жиынтығы болып табылады. Жаттығу көлемі спорттық жетістіктің бастапқы кезеңінде шешуші роль атқарады ал кейіннен жаттығу көлемі жаттығу қарқындылығымен реттеледі.
Қарқындылық берілген жүктеменің нерв жүйке жұмысына, бұлшық еттердің жұмысына, денедегі физиологиялық, биохимиялық, психологиялық процесстердің өзгерістердің көрнісімен анықталады.
Қарқындылық екі жолмен арттырылуы ықтимал:
берілген жаттығудың жылдамдығын және күрделілігін арттыру;
жаттығу сабақтарының жиілігін арттырып арсындағы демалу уақыты
аралығын жақындату арқылы. Жүйелілік қағидасы – жаттығу жұмыстарындағы басты және негізгі талап болып табылады. Жүйелілікті іске асыру спортшының дене қаблеттерін арттыруда, спорттық шеберлігін, әдіс-тәсілдерді жетілдіруде, ерік-жігер психологиялық дайындығын арттыруда пайдаланылады.
Жаттығу жұмыстарын жүйелі қайталап отыру спортшының жоғары жетістіктерге жетуінің кепілі болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |