«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ «ВЕТЕРИНАРИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ
КЛИНИКАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ
“Йод, хлор, формалин, дәрілік бояулар, фенол, крезол” РЕФЕРАТ ЖҰМЫС Орындаған: Канапия Д.
Тобы:ВМ-307 Тексерген: Туржигитова Ш.
АЛМАТЫ 2020
Жоспары:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Йод, хлор, формалин, дәрілік бояулар, фенол, крезол
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
І.Кіріспе
Залалсыздандыру, дезинфекция – адам мен жануарларда, өсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Залалсыздандыру – жұқпалы аурулардың кең таралып кетуін болдырмау шараларының бірі. Қазақ халқы залалсыздандыру тәсілдерін ерте заманнан бері қолданып келген. Мысалы, ауырған адамның ыдыс-аяғын бөлек ұстап қайнату, науқастан түскен шашты, тырнақты көміп тастау немесе өртеп жіберу; мал шарушылығында – қораларды, көң-қоқысты тазалап отыру, дәнді дақылдарды күнге кептіріп алу, т.б.
Дезинфекцияның мақсаты: емдеу сауықтыру мекемелерінің палаталарынан сыртқы ортаның объектілерінен инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын кетіру және жою.
Зарарсыздандырудың екі түрі бар: алдын - алу және ошақты.
Алдын - алу (профилактикалық) зарарсыздандыру емдеу сауықтыру мекемесінде АІИ алдын алу үшін жүргізіледі.
Ошақты зарарсыздандыру инфекция ошағын алғашқы 6-12 сағат ішінде қоздырғыштардан тазалау үшін жүргізіледі.