MS DOS операциялық жүйесі туралы қазақша реферат
Жоспар:
1. MS DOS ЖӘНЕ NORTON COMMANDER
MS DOS операциялық жүйесінің негізгі мінездемесі.
2. MS DOS-та каталогтармен жұмыс.
3. COPY – файлдың көшiрмесiн алу командасы.
4. COPY CON – мәтіндік файл құру командасы.
5. MSDOS-та дискілермен жұмыс.
6. NCпрограммасына жалпы түсінік.
7. Norton Commander: каталогтармен , файлдармен және файлдармен жұмыс
MS DOS операциялық жүйесін 1981 ж. Microsoft фирмасы IBM PC компьютерлері үшін IBM фирмасының тапсырысымен дүниеге әкелді. DOS – дискiлiк операциялық жүйе.
MS DOS операциялық жүйесi пайдаланушылармен компьютер арасындағы байланысты орнатуға, компьютердiң құрылғысынан өнiмдi пайдалануға жағдай жасайды. MS DOS операциялық жүйесi келесі бөлiмдерден тұрады:
1.Енгiзiп шығарудың базалық жүйесi (BIOS) – енгiзiп-шығару құрылғыларының жұмысын тексеретiн программаларды қамтиды. Бұл программалар компьютердiң тұрақты жадында сақталады.
2.Жүйелiк файлдар (ВIO.SYS, IO.SYS, MSDOS.SYS) – BIOS жүйесінің жұмысын толықтырушы бөлім. Ол сыртқы құрылғылар мен информацияны алмастырудың барлық операцияларын да орындайды.
3.COMMAND.COM – қолданушының программалары мен берілгендерді жадқа енгізу және оларды өңдеу.
4. CONFIG.SYS – үйлестіруші программа. Оның қызметі – жаңадан қосылатын сыртқы құрылғылардың драйверлерін MS DOS-қа қосу, орыс, қазақ әріптерін пайдалану, пернетақтаның функционалды пернелерімен және виртуалды жадпен жұмыс істеуін ұйымдастыру.
5.AUTOEXEC.BAT – шақыру символын экранға шығару, қажетті программаны каталогтан іздеу, ағымдық ай, күн және уақытты көрсету.
Анықтама: Дискiнiң информациялар жазылған бөлiгi файл деп аталады.
Әрбiр файлдың өз аты болады. Ол негiзгi және қосымша бөлiктерден құралады.
Мысалы, COMMAND.COM
Файлдардың қосымша бөлiгi оның түрiн (типін) анықтайды.
Мысалы:
.exe, .com – бiрден орындалатын файлдар;
.Вак – файлдың көшiрмесi;
.Bat – командалық файл;
. sys – жүйелiк файл;
.рas – Паскаль тiлiнде жазылған файл;
.вas – Бейсик тiлiнде жазылған файл;
.txt — текстік редакторда жазылған файл;
.arj – архивтiк файл.
Файл аты мен кеңейтілмесі нүкте арқылы ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |