Реферат «Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру»


Интеллектісі бұзылған балаларға көмек көрсетудің даму тарихы



бет2/6
Дата07.02.2022
өлшемі29,79 Kb.
#94750
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
11 апта Жақыпова Ризат Инклюзив

Интеллектісі бұзылған балаларға көмек көрсетудің даму тарихы
Интеллект дамуының бұзушылығы олардың тәрбиесі және оқытылуы үш үлкен кезеңге бөлінеді: Қазан төңкерісінен кейін, КСРО-да және қазіргі уақытта. Әрбір кезең нақты бағыттармен ерекшеленеді. Қазан төңкерісіне дейін қоғам ойшылдары, философтар, педагогтер, дәрігерлер ақыл-ойы кем тұлғаларды тәрбиелеу және емдеу туралы өз ойларын жеткізеді. Ерекше көзқарастар А.И. Герценде, Белинскийде, Чернышевскийде, Добролюбовта болды, тек Добролюбов қана «икемі аздардың» жағдайын ашып, оларға шыдамдылық танытты. Ақыл-ойы кем балалар саны жылдан-жылға көбейе береді, бірақ оларға оқыту және тәрбиелеу көмек беруі қолға алынбады, ал сондай көмектер болған уақытта, олар тек жеке пайдасында және қамқорлық жолдарында ғана жүзеге асырылды. Олигофренопедагогика дамуында үлкен рөлді дәрігер-психиатрлар атқарды (В.И. Яковенко, И.Г. Игнатьева, П.И. Ковалевский). Ақыл-ойы кемтарларды оқыту мен тәрбиелеудің маңызды рөлін Ресейде 2-съезде орыс іскерлік, технологиялық және кәсіби білім арқылы көрсетті. Қазіргі заманғы дефектология үшін үлкен қызығушылықты Г.И. Россолимоның сөз сөйлеуі тудырды. Революция съезінде көмекші мектептің іс-әрекетінің көптеген сұрақтары көрініс тапты. Терең ақыл-ой кемістігі бар балаларға көмек көрсетуді дамытумен ұйымдастыруда үлкен рөлді Е.К. Грачеваға (1866-1934) берілді. – ақыл-ойы кем балаларды оқыту және тәрбиелеу шарттарын қалыптастыру; – дәрігерлік – педагогикалық кездесуді даярлау; – қажетті оқу бағдарламасын құрастыру. Революция съезінде көп сұрақтар арнайы ретінде мектептерде табылды. Ақыл-ой кемістігі бар балалардың терең көмек көрсетті және олар үлкен рөлі пайда болуына Грачева жатады. Ақыл-ой кемістігі бар балалар ұйымының пайда болуына үлкен үлесін қосқан орыс ғалымы Е.К. Грачева (1866-1939). Грачева алғаш рет Ресейде идиот және эпилептик балаларға арналған балалар үйін ашты. В.П. Кащенко (1870-1943) анамальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырудың белсенді қатысушысының бірі болды. Дәрігер В.П. Кащенконың кемістіктері бар балаларға арналған мектепсанаториі бұл уақыттарда емдеу тәрбиелеу және оқыту жолдарымен 10 балалардың даму жетістіктері түзетіліп, оларды пайдалы өмірге еңбекке дайындаған, алғашқы емдеу - тәрбиелеу мекемесі болып есептеледі. Бұл ОЖЖ әр түрлі бұзылыстары балаларды оқытумен тәрбиелеу сұрақтары бойынша ғылыми әдістемелік орталықтардың бірі болды. Кащенко дәрігері ғылыми-әдістік орталығы сол уақытта ең алғашқы орталықтарының бірі болып табылады. Олигофренопедагогиканың қарқынды дамуына өз үлесін қосқан ғалым Граборов А.Н. (1885-1949). 1915 жылы Граборов ғалымы Петербург қаласында ең алғаш рет жеке меншік мектеп-пансионатты ашты, уақыт өтегеле пансионат орталық арнайы мектеп деп есептелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет