Реферат «Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру»


Интеллект дамуында бұзылыстары бар оқушыларды оқыту міндеттері



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі29,79 Kb.
#94750
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
11 апта Жақыпова Ризат Инклюзив

Интеллект дамуында бұзылыстары бар оқушыларды оқыту міндеттері
Интелект бұзылыстары бар оқушы, тіпті жасөспірім немесе ересек мектеп жасында заттармен құбылыстар арасындағы байланыстармен тәуелділіктердің негізін ешқашан өз бетімен аша алмайды. Оқу материалын қабылдау оқушылардың танымдық әрекетінің бастапқы кезеңі болып табылады. Интеллектуалдық дамуында бұзылыстары бар балаларда дәл осы қабылдау жетілмеген, бұл оның оқытылатын материалды түсінбеуіне, тез ұмытуына әкеледі. Зерттеулер «арнайы мектептің оқушыларында сезіну мен қабылдаудың белсеңділігі мен мақсаттылығы төмен, талғамдылығы, түсінуі бұзылған» екенін анықтаған. Демек, қабылдау мазмұны жағынан ғана емес, сондай-ақ олардың білімінің сипаты бойынша да жұтаң. Оқу материалын түсіну – оқытылатын дүниелерді түсіну үдерісі. 1966 жылдан бастап олигофренопедагогикада арнайы мектептерде жеке оқу пәндерін оқытудың әдістемелерін жетілдіру бойынша жұмыс енгізілді. Оған талдау, синтез, жіктеу, жалпылау үдерістері қолайсыз, демек оқушылар ойлау операцияларын өздіктерінен қиындықпен жасайды, 11 негізінен олардың барлығы терезе, үй, бақша; түтін, бұлт, бу; қорқыныш, үрей, толқу сияқты көріп тұрғандарын еске түсіреді. Етістікке айналдыру көрнекілік бейнесінің ауысуынсыз жүзеге асырылады. Сондықтан бұл кезеңдегі жұмыстың мазмұны нақты құбылысты нақтылау, салыстыру және оның сипаттамасы болуы тиіс. Мұғалім оқушының оқу материалын түсіну үдерісін басқарады. Алған білімді бекіту үдерісі оқушының білім нық және жеткілікті көлемде қабылдай алуы мүмкін екеніне мұғалім көз жеткізген жағдайда ғана түзетулік оқыту жүйесінде жүзеге асырылады. Есте сақтау және еске түсіру, түсіне білушілік сипатына ие. Қайталау үлкен рөл ойнайды, бұл тек білімді бекіту және жүйелендіру мақсатында ғана емес, сонымен қатар бар ойлау үдерістерін түзетуге де пайдаланылады. Меңгерілген білім мен ептілікті қолдану интеллект бұзылыстары бар балаларда кемістікке ғана емес, сондай-ақ тәжірибелік әрекет кезінде пайдаланған ақпаратты өңдеу қажеттілігіне байланысты қиындық туғызады. Көптеген қиындықтар оқыту үдерісінде еңсеріледі, бірақ алынған білімді қолдану тетігінің өзі жаңа жағдайларда жүзеге асырылмайды. Міне, сондықтан да білім мен ептілікті пайдалану үдерісінде білім мен ептілік қалыптасқан жағдайларға тұрақты түрде қайта оралып отыру маңызды талап болып табылады. Оқушыларды тәжірибелік әрекеттерге тарту келесідей реттік жолмен жүзеге асырылады: – оқыту мазмұнын интеллект бұзылыстары бар балалардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай бейімдеу; – оқыту көрнекілігімен қамтамасыз ету, ол «толық анықталғанға дейін» жеткізілуі тиіс; – оқыту үдерісін баяулатқан қарқында ұйымдастыру; – оқытуда жүйелі қайталауды ұйымдастыру; – оқушыны оқу әрекетіне жаттығулардың әр алуан түрлерін пайдалану арқылы біртіндеп кірістіру; – оқыту үдерісін жекелеу және дифференциялау; – ойындарды дидактикалық тәсіл ретінде білімді меңгертуге пайдалану; – әрекеттің қорғаушылық, педагогикалық және ауыртпалық түсірмейтін тәртібін сақтау; Еңбекті түзету құралы ретінде пайдалану (әлеуметтік – тұрмыстық, қоғамдық, өндірістік). Түзетушілік – дамытушылық міндеттер жалпы дидактикалық міндеттерімен толығымен байланысты. Бұл міндеттер интеллект бұзылыстары бар балаларды оқытудың барлық бөлшектерін толықтырады, өзара әрекеттестіреді және тұтастығын қамтамасыз етеді. Білім беру мазмұны, оқыту үдерістерінің ерекшеліктері, дидактикалық қағидалар, педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың тәсілдері мен түрлері оқу бағдарламаларында, оқулықтарда көрініс тапқан. Оқыту тәрбиелеушілік сипатқа ие, оның мәні білім мен ептілікті меңгеру үдерісінде оқушылардың бойында еңбекқорлық, шыдамдылық, 12 оқу және еңбек әрекеттеріне деген жауапкершілік, балалар ұжымында, болашақта еңбек ұжымында жұмыс істей білу сияқты тұлғалық жағымды қасиеттерінің қалыптасуында жатыр. Арнайы (түзету) мектеп оқушыларын еңбектік тәрбиелеу және оқытуға зор рөл беріледі. Мұндай мектептерде еңбектік дайындық үдерісі балаларды материалдық өндіріс саласындағы еңбекке араластыруға, олардың жалпы білімдік, еңбектік, кәсіптік білімдермен, ептілік пен дағдылармен қарулануына; олардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға кәсіби түрде бағытталған және осыны көздейді. Еңбекті оқыту әлеуметтік-еңбектік оңалтудың, қоғамдық-еңбектік бейімдеудің негізгі құралы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет