Реферат «Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру»


Интеллектуалдық бұзылыстары бар балалар мен жасөспірімдерді оқыту қағидалары



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі29,79 Kb.
#94750
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
11 апта Жақыпова Ризат Инклюзив

Интеллектуалдық бұзылыстары бар балалар мен жасөспірімдерді оқыту қағидалары
Қағида – бұл жалпылау және абстракциялау жолымен құбылыстар шығарылған саладағы барлық құбылыстарға қолданылатын негізгі ереже. Дидактикалық қағидалар өскелең ұрпақты оқыту ісіне және оларды қоғам өміріне қатысуларына дайындауда басшылыққа алынатын негізгі ережелер деп түсіндіріледі. Педагогикалық тәжірибеде қағидалар бағдар рөлін атқарады және барлық оқу пәндері үшін әмбебап болып табылады. Ақыл-ой бұзылыстары бар балаларды оқыту қағидаларын жасауға Э. Сеген, В.П. Кащенко, Л.С. Выготский, А.Н. Граборов, Г.М. Дульнев, И.Г. Еременко және басқалар үлес қосты. Қалыпты дамушы балалар мен жасөспірімдер сияқты интеллектуалдық дамуының бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу негізіндегі қағидалар бірдей, олар екі жағдайда әртүрлі жүзеге асырылады. Бұл – тәрбиелік және дамытушылық оқытудың, өмір арқылы оқыту байланысының, ғылымилық пен қол жетімділіктің, жүйелілік пен реттіліктің, саналылық пен белсеңділіктің, көрнекіліктің, оқыту нәтижелері беріктігінің, оқытудың ұжымдық сипаты мен оқушылардың жеке ерекшеліктерінің қағидалары. Сонымен қатар, тек интеллектуалдық бұзылыстары бар балалар мен жасөспірімдерді оқытуда ғана пайдаланылатын арнайы дидактикалық қағидалар бөлініп көрсетіледі. Оларға оқытудың түзетушілік бағыттылығының, еңбектік оқытудың кәсіби сипатының, жалпы білім беру және еңбек дайындығының өзара байланысының, сақталған анализаторларға негізделіп жасалған қағидаларын жатқызуға болады. Оқытудың жалпы қағидалары Тәрбиелік және дамытушылық оқытудың қағидасы оқушыларда мақсатты түрде дүниетанымдық және адамгершілік негіздерін қалыптастырудың, әрбір баланың тұлғасын дамытуға ықпал етудің қажеттілігін білдіреді. Арнайы (түзету) мектепте оқушыларды дұрыс міңез-құлық дағдыларына тәрбиелейді, олардың бойына адамгершілік түсінігін, адамгершілік 13 сезімдерін қалыптастырады. Интеллектуалдық бұзылыстары бар оқушылардың болашақ өмірі үшін олардың еңбекке деген дұрыс қарым-қатынасын, еңбек және оқу ұжымдарында жүріс-түріс дағдыларын, олардың қоғам алдыңдағы міндеттері жайында түсінік қалыптастыру олардың кәсіпті меңгеруі болып табылады. Тәрбиелік және дамытушылық оқытудың қағидасы бағдарламалар мен оқулықтарда көрініс тапқан оқу материалдарының мазмұнында жүзеге асырылады. Мысалы, достық, адалдық, әділдік жайында бастапқы адамгершіліктің түсініктері арнайы (түзету) мектептің 2-3-сыныптары үшін ана тілі оқулықтарында әңгімелер мен әдеби шығармалар үзінділері материалында қалыптастырулары мүмкін. Еліне деген мақтаныш сезімі жоғары сыныптарда тарих сабақтарында, мұнда оқушылар өз Отанын қорғаған батырлардың ерліктері жайлы біледі, география сабақтарында оларды Қазақстанның табиғи байлықтарымен таныстырады және басқа да сабақтарда қалыптастырылуы мүмкін. Оқытудың дамытушылық қағидасы оқушылар бойында танымдық қабілеттер, эмоционалдық-жігер және мінез-құлық салаларын қалыптастыруда жүзеге асырылады. Өмір мен оқытуды байланыстыру қағидасы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізеді, оларға оқу әрекетінің мәнін арттырады, бұл қызметке түсініктік сипат береді және осылайша оқу үшін балалардың жігерлі түрде күш салуын жұмылдырады, олардың бойында алған білімдерін тәжірибеде пайдалана білулерін қалыптастыруға септігін тигізеді. Интеллектуалдық бұзылыстары бар балалар үшін қандай да бір білім не үшін қажет екенін және оларға мұны өмірде қалай пайдалана алатындарын дәлелдеу, олардың оны түсінуі өте маңызды болып табылады. Арнайы (түзету) мектеп оқушыларының ойлауы нақты болып келеді және олардың жеке тәжірибесімен еш байланысы жоқ оқу материалдары олардың бойында қызығушылық тудырмайды, ал күнделікті өмірлеріндегі әрекеттерді олар айтарлықтай жақсы меңгереді. Осыған байланысты интеллектуалдық бұзылыстары бар оқушыларға жаңа тақырыпты үйрету кезінде оларға алған білімдерін өмірде қалай қолдана алатындарын мақсатты түрде түсіндіру керек. Мысалы, 9-сыныптың математика курсында «пайыздар» тақырыбын оқытудың алдында оқушыларға саннан пайызды есептеп шығару оларға жалақыны есептеу үшін, банкте есепшотта жинақталған соманың 1 жылдан кейінгі ақшалай сомасын білу үшін және т.б. қажет болатының көрсету маңызды болып табылады. Мектепте алған білімдері мен ептіліктері жаңа жағдайда тәжірибе жүзінде бекітілуі, нақты өмірге көшірілуі қажет. Оқытудағы ғылымилық және қолжетімділік қағидасы оқушыларды ғылыми білімдерге тарту үдерісінде олардың жас ерекшеліктік және психофизикалық ерекшеліктерін есепке алуды талап етеді. Сонымен, қолжетімділік ауыр қиындықтар өлшемі деп қабылданады. 14 Арнайы (түзету) мектептерде оқыту мазмұны қарастырлып отырған санаттағы балалардың мүмкіндіктерін есепке ала отырып бейімделген. Көпшілік мектептің бағдарламасымен салыстырғанда оқытылатын материалдың көлемі мен тереңдігі айтарлықтай төмендетілген. Интеллектуалдық бұзылыстары бар оқушыларға білім мен ептіліктің едәуір тар жүйесі беріледі, бірқатар ұғымдар оқытылмайды. Мысалы, математика курсында «Алгебра» деген тарау жоқ. «Геометрия» деген үлкен курстың орнына геометрия элементтері ғана оқытылады. Дегенмен, оқушылар бойында қалыптастырылатын білім, ептілік және дағдылар оларды қоғамда өздіктерінен өмір сүруге және кәсіп меңгеруге дайындауға әбден жетерлік. Интеллектуалдық бұзылыстары бар оқушылардың оқу материалын меңгерулері уақыт бойынша созыңқы және төмен қарқынмен жүреді, сондықтан біршама үлкен емес көлемді материалды олар тоғыз – он бір жыл ішінде меңгереді. Қарастырылып отырған санаттағы балаларды оқытуда көпшілік және арнайы (түзету) мектептерге арналған бағдарламалық материалды меңгеруді жеңілдететін сияқты жалпы арнайы әдістер мен тәсілдер пайдаланылады. Мысалы, күрделі ұғымдар оларды құрамындағыларға бөлу жолымен оқытылады және әрбір құрамы жеке-жеке кішкентай мөлшер әдісімен оқытылады. Күрделі әрекеттер жеке операциялар ретімен жүргізіледі. Арнайы (түзету) мектепте оқу материалының мазмұны оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне бейімделгеніне қарамастан, оларға берілетін білім ғылыми сипатын сақтап қалады. Арнайы (түзету) мектеп оқушылары бастауыш сыныптарда, әдеттегідей, пән бойынша ғылыми білім жүйесін меңгеруге дайын болмайды. Оларда түйсік жеткіліксіз қалыптасқандықтан, талдау, синтез және басқа да ойлау операцияларының әлсіздігі себебінен оларда обьектілер мен төңірек шындығындағы құбылыстар жайында түсінік көп жағдайда жеткіліксіз, бұрмаланған және теріс болады. Интеллектуалдық бұзылыстары бар балаларда түсінік өрісі өте шектеулі. Түсінік өрісін қалыптастыру, нақтылау және кеңейту және оқушыларды оқу материалын қабылдауға дайындау үшін бірқатар оқу пәндерінің жүйелі курсын оқытудың алдында пропедевтикалық (дайындық) кезеңі белгіленген. Оқу пәндерін оқыту үдерісінде оқушылар логикамен, тиісті ғылымның идеяларымен танысады. Оқытудағы жүйелік және реттілік қағидасы оқушыларда әлемнің тұтастай көрінісін қалыптастыру үшін қажетті болып табылады. Интеллектуалдық бұзылыстары бар оқушыларды оқыту кезінде бұл қағида ерекше мәнге ие, бұл санаттағы балалардың түсінігі мен білімі бытыраңқы, жүйесіз болып келетіні белгілі, оқушылар оларды бір жағдайдан екіншісіне, жаңа жағдайға көшіруде қиналады, бұл оларды қолдануды іске асырылмайтындай етеді. Сол себепті арнайы мектептің негізгі міндеттерінің бірі балаларда қолжетімді білім, ептілік және дағды 15 жүйесін қалыптастыру болып табылады. Оқушыларға берілетін материал әрбір оқу пәнінің ішінде қарапайым түсініктердің белгілі бір жүйесіне ілестіріледі. Мәселен, «биология» курсында келесі тараулар бөлініп көрсетіледі: өсімдіктер, жануарлар, адам. Мектеп пәндерін бөлшектеп, шашыраңқы оқыту оқушылардың санасында әлемнің тұтастай көрінісін қалыптастыруды қамтамасыз ете алмайды. Мұндай шашыраңқылықты жеңу үшін бағдарламалар мен оқулықтардың мазмұнында пәнішілік және пәнаралық байланыстар қарастырылады, ал оқу жоспарына интегративтік сипаттағы пән енгізіледі. Мысалы, математика сабақтарында мазмұны еңбектік оқыту, география, биология сабақтармен байланысқан есептердің шешімін табады. Орыс тілі сабақтарында оқушылар іскерлік қағаздарды толтыруды үйренеді, еңбек, математика, география және т.б. сабақтарында үйренген сөздердің жазылуын осы орыс тілі сабағында бекітеді. Бір сабақта алынған білімдер мен ептіліктері пайдаланылады. Мысалы, оқушылар математика сабақтарында геометриялық фигураларды сызуды үйренгеннен кейін бұл ептілік қол еңбегі сабақтарында бекітіледі, мұнда оқушылар дайын шаблондарды пайдаланбайды, оларды өздіктерінен дайындайды. Сондықтан әрбір олигофренопедагог үшін интеллектуалдық бұзылыстары бар оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес оқу материалын өз пәні бойынша ғана емес, сондай-ақ басқа пәндер бойынша да білуі тиіс маңызды. Арнайы мектептің оқу жоспарына «Қоршаған әлеммен танысу негізінде сөйлеу қабілетін дамыту», «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар» сияқты интегративтік пәндер енгізген. Кәсіптік еңбекке оқыту да әртүрлі аралас оқу пәндерінің интергративтік сипатының білімін талап етеді. Оқыту жүйелік және реттілік принципі сабақтарында мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты әрекеттерінде жүзеге асырылады. Төменгі сыныптардан бастап мұғалім оқушыларды сұрақтарға ретті түрде ауызша және жазбаша жауап беруге, тапсырмаларды жоспар бойынша атқаруға үйретеді. Қалыпты дамушы балалар үшін едәуір қарапайым болып табылатын әрекеттерді интеллектуалдық бұзылыстары бар оқушылар қиындықпен меңгеретіндіктен арнайы мектепте операциялардың реттілігін белгілейтін жаднамалар, алгоритмдер, сызба нұсқалар, технологиялық карталар кеңінен пайланылады. Мұғалім ең алдымен оларды қалай пайдалану керектігін көрсетеді, сонан соң ол оқушыларды аталғандарды пайдалануға тартады. Интеллектуалдық бұзылыстары бар оқушыларды оқытудағы жүйелілік және реттілік қағидасы мектепке қабылдау кезінде балаларға міндетті түрде тексеру жүргізілуі кезінде жүзеге асырылады, бұл үдеріс кезінде балаларда бар білім, ептілік пен дағдылар анықталады. Бұл өте қажетті болып табылады, себебі мектепке түсетін балаларда ұйымдастырылған оқытудың (арнайы және көпшілік балабақшалар, жалпы білім беру мектебі, отбасы) әртүрлі тәжірибесі болады. 16 Оқытудағы саналық және белсенділік қағидасы оқушылардың оқуға деген саналы қатынасын, білім, ептілік пен дағдыларды олардың саналы түрде меңгеруін, бұл білім, ептілік пен дағдыларды басқа оқу пәндерін үйрену кезінде және өмірде пайдалануды, сондай-ақ танымдық белсеңділікті талап етеді. Бұл қағида интеллекуалдық бұызылтары бар балалар мен жасөспірімдерді оқытуда маңызды мәнге ие. Зерттеулер көрсеткендей, ақыл-есі дамымаған балалар мектепке қалыптасқан танымдық қызығушылықтармен, өз оқу еңбегінің мәнін түсінбей түсіп жатады. Сондықтан дамуы қалыпты қатарластарына қарағанда олардың оқу материалын саналы түрде меңгеруіне қол жеткізу айтарлықтай қиындау. Мектептегі оқытудың алғашқы кезеңдерінде, ең алдымен, оқушыларда оқу материалына деген қызығушылық қалыптастыру қажет. Осы мақсатпен әртүрлі көрнекіліктер, дидактикалық ойындар, тосын-сый сәттері, ынталандыру сияқты дүниелер пайдаланылады. Оқушалар өздеріне тұлғалық мәні бар материалды жақсырақ меңгеруде, сондықтан оқытылатын материалды оқушының жеке тәжірибесімен байланыстыру қажет. Мысалы, математика сабағында жаңа сан мен цифрды таныстыру кезінде балалар бұларды бұрындары қайда көргендерін мақсатты түрде анықтау қажет. Оқушыларда пәнге деген қызығушылық және жақсы оқуға деген талпыныс қалыптастыруда педагогтің рөлі зор. Сүйікті мұғаліміне жағуға деген тілегі, оның мақтануына лайық болу оқушыларды жаңа баға алуға, пән бойынша білімін кеңейтуге түрткі болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет