Негізгі бөлім 2.1 Тәжірибелік зерттеулер 1845 жылы голланд метеорологі Христофер Бейс-Баллот, Утрехт пен Амстердам арасындағы темір жолындағы дыбыс үшін Доплер эффектін дәлелдеді. Сол уақыттардағы барынша жоғары жылдамдық деп есептелетін 40 миль/сағ(км/сағ) жылдамдықпен қозғалатын локомотив, трубалық тобымен қоса ашық вогондарды сүйреді. Боллот вогонның қозғалысының жақындау және алыстау мерзіміндегі ноталар өзгерісін тыңдады. Сол жылы Доплер турбалы екі локомотивті қолдана отырып тәжірибе жүргізген болатын. Олардың біреуі станциядан қозғалып кетті, ал екіншісі қозғалмай орынында тұрды. Ол оркестрлер бір нотаны ойнағанда диссонанста болады деп бекітті. 1846 жылы ол өзінің теориясының қайтадан қаралған нұсқасын ұсынды. Бұл жолы ол қозғалыс көзінінің де, бақылаушының да қозғалысын ескерді. Кейінірек 1848 жылы француз физигі Арман Физо Доплердің жұмысын, оның теориясын жарыққа да (аспан жарықтары спектрлеріндегі сызықтар араласуыны есептеді) қолдана отырып, жалпылады. 1860 жылы Эрнст Мах жұлдыздың өзіне қатысты жұлдыз спектрлеріндегі жұтылу сызықтарындағы Доплер эффектісін бар екендігін дәлелдеді.
2.2 Құбылыстың мәні Доплер эффектісі тәжірибеде бақылаушының қасынан сиренасы қосылған машина өткенде оңай бақыланады. Егер сирена белгілі бір дыбыс шығарады деп есептесек, және ол дыбыс өзгермейді. Машина бақылаушыға қатысты қозғалыссыз болса, онда бақылаушы сирена беріп тұрған дыбысты ғана естиді. Ал егер машина бақылаушыға жақындайтын болса, дыбыстық толқын ұзындықтарының жиілігі артады және бақылаушы шындығында сирена шығарып тұрған дыбыстан да жоғары дыбыс естиді. Машина бақылаушының қасынан өткенде, бақылаушы сирена шығарып тұрған негізгі дыбысты естиді. Ал машина арықарай өтіп кетіп және алыстай түскен сайын, толқын ұзындығы жиілігінің азайғандығы салдарынан, барынша төменірек дыбысты естиді.
1- сурет.
Қандай да бір ортада таралатын толық үшін (мысалы, дыбыс) осы ортаға қатысты толқын көзінің де, қабылдағыштың да қозғалысын назарға алу керек. Таралуы үшін ешқандай ортаны қажет етпейтін электромагиттік толқындар үшін (мысалы, жарық) ваккумда толқын көзінің қозғалысының қабылдағышқа қатысты жылдамдығы ғана маңызды.
Сонымен қатар, ортада реятивті жылдамдығы бар зарядталған бөлшектердің бар болуы да маңызды. Бұл жағдайда, зертханалық жүйеде Доплер эффектісіне тікелей қатысы бар черенковсий сәулеленуі тіркеледі.