Жақ-бет аймағы жарақаттанған науқастарға көмек көрсету.
Жақ сүйегі сынған науқастардың еміне барынша тез арада олардың жоғалтқан пішіні мен қызметін қалпына келтіру жатады. Бұл мақсатқа жету үшін травматологияның келесі жалпы қағидаларын орындау қажет: а) репозиция (сынықты өз орнына салу); б) фиксация (бекіту); в) ауру ағзаға тыныштық жасау немесе физиологиялық ем; г) асқынулардың алдын алу.
Көрсетілген көмектің көлемі, түрі жарақат алған жердегі жағдайға, медициналық пункттер мен мекемелердің дислокациясына (орналасқан жеріне) байланысты өзгеруі мүмкін.
Көмек көрсетудің бірнеше түрін ажыратады:
1) Алғашқы көмекті науқастарға жарақат алған жерде, санитарлық посттарда санитар, санинструкторлар болмаса озіне-өзі немесе біріне-бірі көмек көрсетеді.
2)Дәрігерлік көмекке дейінгі жәрдемді фельдшер немесе мейіркеш көрсетеді, оның мақсаты алғашқы көрсетілген көмекті толықтыру.
3) Бірінші дәрігерлік көмек, жарақат алғаннан бастап 4 сағатқа дейін көрсетілу керек (бұл көмекті ауылдық ауруханаларда, дәрігерлік денсаулық пункттерінде, жедел көмек операцияларында маман емес дәрігерлер көрсетеді).
4) Жетілдірілген хирургиялық көмек медициналық мекемелерде жарақат алғаннан бастап 12—18 сағаттың ішінде көрсетілуі тиіс.
5) Мамандандырылған көмек жарақат алғаннан соң бір тәуліктің ішінде арнайы мекемелерде көрсетілу керек.
Алғашқы көмек көрсеткенде ең бірінші инфекцияның алдын алу үшін науқасты қырынан жатқызып басын төмен қарату немесе жарақаттанған жағына бұрып, жараға асептикалық таңғыш салынады.
Беттің химиялық күйіктерінде күйген жерді тез арада салқын сумен жуып алғашқы көмек көрсеткен соң науқасты медициналық көмек көрсету пунктіне жібереді.
Дәрігерлік көмекке дейінгі көмек қан тоқтату, асфиксия, шокпен күресуді көздейді. Қан ағумен күрес. Қан тек сыртқа және ауыз қуысына ақпай тіндердің терең қабатына да ағуы мүмкін. Егер қан майда қан тамырларынан ақса оған тампон басып, қысып таңып тастайды (асфиксия немесе жақ сүйегінің сынықтарын ығыстырып жібермесе).
Ал сыртқы ұйқы артерияның ірі бұтақтары зақымданса (тіл, бет, жоғарғы жақ, беткей самай артериялары) үлкен саусақпен ортақ ұйқы артерияны 4-ші мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне қысып қанды уақытша тоқтатады. Төртінші мойын омыртқаның көлденең өсіндісі төс-бүғана-емізікше бұлшықеті ортасындағы нүктеге сай келеді. Бірақ бүл әдіспен үзақ уақытқа қанды тоқтатуға болмайды, себебі саусақ тез шаршайды. Ұзақ уақытқа, қанды тоқтату үшін сау жағының қолын басқа қойып бинттеп немесе дәкеден тығыз орама жасап, оны зақымданған жақтың ұйқы артериясы проекцияланған жерге орналастырады. Сонан соң білікті басқа қойылған қолдың сыртынан айналдырып таңып тастайды. Қолдың орнына тақтайды да қолдануға болады.
Асфиксияның алдъш алу және онымен курес. Даму механизміне байланысты асфиксияның бес түрін ажыратады:
1. Тілдің артқа ығысуы (дислокациялық);
2. Кеңірдек қуысының қан ұйындысымен жабылуы (обтурациялық);
3. Кеңірдектің гематомамен немесе ісінген тіндермен қысылуы (стенотикалық);
4. Тандайдың немесе тілдің салбыраған тіндерімен көмекей кіреберісін жабуы (қақпақшалық);
5. Қан, құсық, су т. б. қақалу (аспирациялық). Асфиксияның алдын алу үшін науқасты отырғызып басын төмен қаратады, ал оның жағдайы ауыр немесе есінен танған болса шалқасынан жатқызып басын жарақаттанған жағына немесе жанына бүрады.
Достарыңызбен бөлісу: |