Төменгі жақсүйек сынуының механизмі.
Төменгі жақ сүйегінің сынуы шектен тыс майысудан, қысымнан, ығысудан, жұлынудан болады. Сынықтар келесі варианттарда кездеседі:
1) Күш төменгі жақ сүйегі бүйірінің бір нүктесіне түссе тура сынық пайда болады. Кей жағдайларда осы сынық қарама-қарсы жағында тура емес, буын өсіндісі қосымша сынуы мүмкін.
2) Күш төменгі жақ бүйірінің көлемді жеріне түссе, буын өсіндісінен немесе бұрышынан тура емес сынады.
3) Күш төменгі жақтың екі бүйірінен үлкен көлемде тисе, тура емес сынық орталық жікте де пайда болады.
4) Күш төменгі жақтың екі бүйірінен симметриясыз тисе тура емес сынық иек маңында және қарама-қарсы жағынан буынды өсінді сынады.
5) Күш төменнен жоғары қарай шектен тыс тисе буынды өсінді екі жағынан сынады.
Достарыңызбен бөлісу: |