Шайнау бұлшықеттерінің көтергіш (артқы) тобы:
1. Шайнау бұлшықеті – шықшыт сүйегі доғасының астыңғы қабаты мен жиегімен, шықшыт сүйегінен, жоғарғы жақ сүйегінің шықшыт өсіндісінен басталып төменгі жақтың үстіңгі қабатында (бұрышында) орналасқан шайнау төмпешіктеріне бекиді. Бұл ет екі жақты жиырылғанда төменгі жақты көтереді. Біржақты жиырылғанда төменгі жақты көтерумен қатар, оны сынық жағына қарай ауытқытады.
2. Самай бұлшықеті – тармақты орналасып келесі үш қабаттан тұрады: беткей, орталық және терең. Самай фасциясының ішкі қабатының жігінен, самай сүйегінен, негізгі сүйектің үлкен қанатынан, самай беткейінен, төбе сүйектен, маңдай сүйектің қатпаршасынан, шықшыт сүйектің самай бетінен басталып төменгі жақ сүйегінің тәж тәріздес өсіндісіне бекінеді. Бұл ет жиырылғанда төменгі жақ жоғары көтеріледі.
3. Ішкі қанатша бұлшықет — негізгі сүйектің қанатша өсіндісінің екі пластинка аралығындағы шүңқырдан және жоғарғы жақ төмпешінен (сыртқы қанатша еттің басталатып жерінің сәл сыртынан) басталып, төмен, артқа, сыртқа қарай бағытталып, төменгі жақ бұрышының ішкі беткейіне бекітіледі. Бұл ет жиырылғанда төменгі жақ жоғары көтеріледі.
4. Сыртқы қанатша бұлшықет – негізгі сүйектің үлкен қанатының самайасты беткейінен, негізгі сүйектің қанатша өсіндісінің сыртқы пластинкасынан және жоғарғы жақ төмпешігінен басталады. Ет төменгі жақтың буын өсіндісіндегі қанатша шұңқырына, буын қабына, жақ буынының ішіндегі шеміршекке бекиді. Ет екіжақты жиырылса төменгі жақ көлбеу жазықтықпен солға қарай жылжиды, ал біржақты жиырылса ол қарсы жаққа қарай ауытқиды.
Достарыңызбен бөлісу: |