Шайнау бұлшықеттерінің түсіргіш (алдыңғы) тобы:
1. Қосқарыншалы бұлшықет артқы қарыншасы самай сүйегінің емізіқ жырығынан басталып алға және төмен қарай жүре отырып тіласты сүйегінің денесіне сіңір арқылы бекиді. Алдыңғы қарыншасы сол сіңірден басталып төменгі жақ сүйегінің иегінің астында орналасқан қосқарынша шұңқырына бекиді. Қалыпты жағдайда бүл ет жиырылғанда тіласты сүйегі төменгі жақ сүйегін төменнен артқа қарай тартады, ал төменгі жақ сүйегі тіласты сүйегін алға тартады.
2. Жақ-тіласты бұлшықеті төменгі жақ сүйегінің ішкі жағында орналасқан сызықшадан басталып орталық жікте (сызықта) екі жақтан қосылып орталық ақ сызық жасай отырып, артқы жағында төмен түсіп тіласты сүйегіне бекиді. Бүл етті ауыз қуысының диафрагмасы немесе мойынның жоғарғы шекарасы деп атайды.
3. Иек-тіласты бұлшықеті (m. geniohyoideus) иек астынан басталып құрмау сүйегінің денесіне бекиді.
Қалыпты жағдайда тіласты сүйегі төменгі жақ сүйегін артқа, ал жақ сүйегі тіласты сүйегін алға қарай жылжытады.
4. Иек-тіл бұлшықеті (т. һуоglossus)—тіласты сүйегінің денесі мен үлкен өсіндінің жоғарғы қырынан басталып, алға және жоғары көтеріліп тіл ішіне енеді. Ет тілді артқа және төмен тартады.
Жақ сүйектері сынықтарының ерекшеліктері:
1) Тіс қатары аумағында сынықтар 100% жағдайда ашық деп аталады, өйткені альвеолды өсіндінің шырышты қабаты сүйектің сыртқы қабығымен және сүйекпен тығыз байланысқан, сондықтан сүйек сынғанда шырышты қабат жыртылып сүйек жарасы ауыз қуысымен байланысып жатады. Бұл ерекшелікті білу жақ сүйегі сынықтарының қабынуын және сіреспенің алдын алу емдерін жүргізуді қамтамасыз етеді.
2) Диагноз қойғанда сынықтың соққы тиген жақтың қарама-қарсы жағында орналасатынын ескеу керек (әсіресе төменгі жақта).
3) Шайнау, тыныс алу, сөйлеу, жұтылу қызметін атқаратын еттердің әсеріне байланысты зақымданған ағзаға тыныштық қамтамасыз етудің қиындығы. Сынықты орнына дұрыс салу керек, дұрыс салынбаған жағдайда ондағы тістер шайнау қызметін атқара алмайды;
4) Тістердің жағымды және жағымсыз рөлі. Жағымды — тістерге қарап сынған жерді анықтауға және құрсау бекітуге болады. Жағымсыз сынық бойында орналасқан ауру тістер инфекция көзі, ал сынық сызығы периодонт қуысымен өтсе инфекция өткізгіші, нерв-қан тамыр шоғыры үзілсе — тіс бөгде зат болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |