Көшбасшылықтың типологиясы барынша шартты болып келеді және түрлі критерийлер бойынша сараланады:
көшбасшылық типі бойынша: программист, стратег, орындаушы, дем беруші;
қызметінің сипаты бойынша: әмбебап, жағдайға қарай әрекет етуші;
басшылық ету стилі бойынша: демократшыл, авторитарлы, анархиялық;
кешенді критерий: дем беруші, әмбебап, авторитарлы, орындаушы, жағдайға қарай әрекет етуші, стратег, демократшыл және т.с.с.
Саясаттанудағы барынша кең тараған билікті алу тәсілі және оның заңды болуы бойынша М.Вебердің деректеріне сәйкес көшбасшылықтың типологиясы саналады.
М.Вебердің айтуы бойынша лидерліктің типі:
Дәстүрлі лидерлер (көсемдер, монархтар);
Рационалды-заңды (билікті қолданыстағы бар заңдардың негізінде алады);
Харизматикалық (яғни, беделді адамның бойында ғажайып қабілеттердің болуы).
Саяси көшбасшылық бағанын бірқатар факторлардың негізінде беруге болады:
жалпы міндетті шешудің барынша ұтымды вариантын табуға деген оның қабілеттілігі;
таңдап алған жолдың мақсатқа сай екендігіне көпшілікті сендіру және алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін оларды ұйымдастыру;
жаңа нәрселердің өсуін уақытында байқауға деген оның мүмкіндіктері, қоғамның тезірек даму прогресі мақсатында оларға қолдау беруді қамтамасыз ету.
Саяси көшбасшылық мәселесі – казіргі саяси психологиядағы маңызды проблемалардың бірі. Көшбасшылық және жетекшілік. Б.Д.Парыгиннің көшбасшылық пен жетекшілік түсініктері туралы әлеуметтік - психологиялық теориясын атап айтуға болады. Көшбасшының саясаттағы орны мен рөлі үлкен. Көшбасшының жеке басының белгілері мен ерекшеліктері саясатқа әсер етеді. Батыстық саяси психологиялық зерттеулер саяси көшбасшылық теориясының негізі топтарын жіктеп, қарастырады. Саяси көшбасшы мінез – құлқына психологиялық талдау жасауға болады. Саяси көшбасшы мен оның командасының ара қатынасының психологиясы өз алдына мәселе. Харизматикалық лидерге сипаттама беру. «Мен» – саяси көшбасшы концепциясын талдау (көшбасшының өзіне-өзі баға беруі немесе оның саяси - әлеуметтік ұстанған бағытындағы қиыншылықтар туралы).
Көшбасшы үшін көпшілікпен байланысты жоғалтпау, олардың мүддесін дұрыс сезініп, білу және соған сәйкес әрекет ету маңызды. Қоғамның өзінің саяси көсбасшының таңдауы –айырықша маңызды іс.
Көшбасшылықтың ерте теориялары
Шынайы анализдің жоқтығы мен таза бейнеленуі себебінен, көшбасшылық феноменінің зерттелуінің тарих алдысын өткеріп тастайық. Оның саяси-психологиялық анализінің мүмкіндіктерінің негізгі жазба тарихының ең жоғары жетістігі болып табылады. Бірақ Х1Х ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басына дейін көшбасшылыққа қарастырылған әдіс-тәсілдер тек жинақы, тар бейнелеу сипатта болды. Анализ ХХ ғасырдың жетістігіне айналды. Түрлі теориялар мен теоретиктер толығымен, нақтылап көшбасшылықтың табиғатын түсіндіруге тырысты және осы феноменнің табылуына байланысты факторларды анықтауға тырысты. Жалпыланған түрде осындай теориялардың бірнеше тобын бөлуге болады.
«Қаhармандар» теориялары және «белгілер» теориялары
Берілген топ теориялары – ежелгілердің қатарыда. Тек қысқаша олардың бастауларын атап өтейік. Бізге белгілі, көшбасшылықтың саяси-психологиялық белгілерінің көбі мәдениетпен детерминацияланған. Ежелгі мысырлықтар өз патшасына келесі: «құдайға тән белгілерді» жазған аузынан шыққан «биліктік сөздер», «жүректегі түсіністік», «ал оның тілі – әділеттің қоры». Гомердың «Илиадасы», ежелгі гректердің ойынша қажет төрт қасиетті ашты: әділет (Агамемнон), даналық (Нестор), қулық (Одиссей), даңқтылық (Ахилл). Бірақ көшбасшылардың әрекет ету модельдері және көшбасшылық «белгілердің» «жиынтығы» уақыт өтісімен талай рет өзгерген.
М. Вебер есептеуінше, «саясаткер» үшін үш қасиет шешуші болып табылады: қызуқандылық, жауапкершілік қасиеті және көз қырағылығы. Қызуқандылық – істің мәнісіне бағыт түсінігінде, іске өте берілгендікте. Көз қырағылығы, әсіресе, ішкі тұрақтылыққа ие және шындық әрекеттеріне берілуге салқындылықпен заттар мен істерге, адамдарға қашықтық қажет бар мәселе – бір жанның ішіне ыстық қандылықты да, салқын көз қырағылықты да енгізу».
Сонымен қатар, «батырлар» және «белгілер» теориялары көшбасшыға қажетті қабілеттер қатарын және жоқтастарын көбейтуде. Белгілі дәрежеде, бұл бұрынғы, бейнелік тәсілдердің инерциясы. Феноменнің ғылыми зерттелуі одан әрі жүргізілді.
Қоршаған ортаның теориялары
Орта теорияларының негізгі жағдайы келесідей айтады: Көшбасшылық орта функциясы, яғни, белгілі уақыт, орын және жағдайларға соның және жағдайларға, соның ішінде, мәдени де, байланысты. Бұл теория, толығымен адамдардың жеке айырмашылықтарына назар салған жоқ, оларға орта талаптарын жапсырды.Мысалы, Е. С. Богардус бойынша, топтағы көшбасшылық түрі топ табиғаты мен оған шешуге қажетті мәселелерден тұрады.
В. Е. Хоккинг көшбасшылық – топ көшбасшы ұсынған бағдарламаға сәйкес бағытталып қозғалысы келетін жағдайда ғана көшбасшыға берілетін топ функциясы.
Достарыңызбен бөлісу: |