Саяси көшбасшылық түрлері
Қазіргі ғылымда көшбасшылықтың типалогиясының кейбіреулерін құрастыруға және кейбір типтерін бөлуге көп деген мүмкіндіктер бар. Алғашында ХХ ғасырдың бірінші жартысының типалогияларының қысқаша қарастырайық, өйткені дәл солар қазіргі көсбасшылар болсын, көсбасшылық стильдедері үшін де негіз қалап, жалпы алғанда, көшбасшылық фенаменінің де негізін құрады, ал сосын саяси-психологиялық типалогияларға тоқталайық.
Е. С. Богордус ең алғашқы болып келесі типтерді бөлді:
автократиялық (күшті ұйымда);
демократиялық (топ мүдделерін таныстыратын өкіл);
орындаушылық (кейбір жұмысты атқаруға шамасы келетін)
рефлексивті-интелектуалды (үлкен топпен басқаруға қабілетті жеттпейтін).
Кейінірек, Ф. С. Бортт көшбасшыларды біраз басқаша классификациялады:
институционалды тип (алып отырған орнының құрметтілігіне баланысты);
басым (өз орнын күш пен әсер нәтижесінде);
көндіретін (бағыныштыларының көңіл-күйлеріне әсер тигізіп, оларды әрекетке бағыттайды).
Кейін С. С. Кичело «Кеңсесі жоқ көшбасшы! Деген ерекше типті бөліп, оны «пайғамбар»» деп атады. Пайғамбарлар тарих сахнасына қиын-қыстау кезеңдерде шығып, көмекшілеріің қолғабысын туғызып, өздері жасаған қозғалыстардың ерекше белгілеріне айналды.
Ф. Гедл есептеуінше, институционалды және эмоционалды топтық үрдістер тек тоғыз тұлғалар типінің арасында өтуі мүмкін. Оның термонологиясында, бұл «патша», «қанаушы», «көшбасшы», «махабаттың объектісі», «зұлымдықтың объектісі», «ұйымдастырушы», «қызығушы», «батыр», «үлгі тұтуға келетін адам» (нақты айтқанда, оң және теріс).
Дж. В. Гетуель және Е. Г. Губа осылай бөлген:
«заң шығарушы (nomotyheric) көшбасшылық», мұнда рөлдер және және күтуді қоғамдық жүйелердегі әрекеттің талаптық өзгерістері анықтайды;
«идеологиялық көшбасшылық», мұнда жеке тұлғалардың қажеттіліктері мен ынталарын топтық әрекеттің тұлғалық өзгерістері анықтайды;
«синетикалық көшбасшылық», ол қақтығыс жақтарды татуластырады.
Достарыңызбен бөлісу: |