Реферат Орындаған: Наурызбай Нұрбек Ержанұлы Жоспары


Саяси көшбасшылық: ұғымы, мәні



бет2/9
Дата23.09.2022
өлшемі81,08 Kb.
#150556
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Реферат ННЕ

Саяси көшбасшылық: ұғымы, мәні
Саяси қызметтің ажырамас компоненті саяси көшбасшы болып табылады, себебі кез-келген саяси белсенді топ өздерінің ортасынан басшылар тобын алға шығарады.
Саяси көшбасшылықтың табиғаты барынша күрделі және оның түп-тамыры ғалым-ойшылдардың, консульдар, императорлар, корольдер феноменін зерттеп білген алыс өткенде жатыр. Көшбасшылықтың феномені саяси психологиядағы ерекше мәселе. Оның ертеректегі теориясы «геройлар» теориясы деп аталады. Оның басқа да теориялары бар. Көшбасшылықтың саяси психологиялық типологиясын жасағандар мыналар: психопотологиялық типологияны Г. Лассуэль, саяси типтерін Д. Рисман, макиавеллилық теориясы, Президенттер типологиясы Д. Барбер және т.б. жасаған. Көшбасшылық феномені саяси психологиядағы ерекшелігі бар мәселе.
Көшбасшы («лидер» ағылшынның «басты» деген сөзінен алғанда) – сол бірлестіктің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған бірлескен қызметті біріктіру мақсатында басқаларға ықпал етуге қабілетті адам. 
Көшбасшыға тән қасиеттер:

  • Жауапкершілікке және бастаған ісін аяқтауға күшті ұмтылысы;

  • Мақсатына жету жолындағы күш қайраты;

  • Бастамашылдығы;

  • Өзіне-өзінің сенімділігі;

  • Айналасындағылардың мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал ету қабілеті;

  • Іс-әрекетінің және шешімдерінің салдарын «өзіне» қабылдау қабілеті;

  • Топтық фрустрацияға және ыдырауына қарсы тұра алатын қабілеті.

«Саяси көшбасшы» категориясы саясат саласындағы адамдардың белгілі бір бірлестігіне басшылық ету бойынша қызмет процесін білдіреді. Көшбасшылық – ең алдымен қоғам мүшелері арасындағы қатынас, себебі көшбасшы әрқашанда қандай да бір әлеуметтік топтың немесе қауымдастықтың бір бөлігі болып табылады. Мұндай жағдайда көшбасшы белгілі бір қауымдастықтың мүддесі мен мақсатын тұжырымдау және білдіру құқы мен жауапкершілігінің белгілі бір көлеміне ие болады, оларды жүзеге асыру және барлық қауымдастықтың саяси процеске қатысуын ұйымдастыруда бастамашы болуға құқы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет