Психологиядағы зерттеулерде көшбасшының мынандай қатынаста қызмет аткаратындығы айқындалған:
ол топ алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын жоспарлайды;
топ мүшелері арасында атқарылатын іске жауапты адамдарды белгілейді;
егер топтың алдына маңызды іскерлік мүдде қойылған болса және бұл топ өндірістік еңбек ұжымы болса, белгілі бір топтық шырай орнатады;
топ мүшелерінің әлеуметтік белсенділігін дамытады.
Көшбасшының мынадай бес белгісі мен сапасын айтуға болады:
1. Биологиялық дәрежедегі белгісі мен сапалары: тұқым қуалаушылығы, темпераменті, жынысы, денсаулық жағдайы.
2. Психологиялық дәрежесі: адамның эмоциясын, еркін, жадын, қабілетін, интелектін, мінезін қамтиды.
3. Әлеуметтік-психологиялық дәрежесі: адамның мүдделеріне, көзқарасына, ұстанымына, қарым-қатынасына т.б. байланысты.
4. Саяси психологиялық дәрежесі: саяси әлеуметтенуіне, саяси таңдауына, саяси мінез-құлық түрлеріне байланысты.
5. Әлеуметтік дәрежесі: мүдделердің жалпы әлеуметтік ұстанымы мен көзқарастарын білдіреді.
Көшбасшылық теориясы Көшбасшының психологиялық портреті саяси лидерлердің психологиялық биографиясы негізінде жасалады. Ол бір жағынан әртүрлі халықтардың социологиялық ерекшеліктерін және олардың саясаттағы кәріністерін есепке алады. Көшбасшының психологиялық портреті саяси көшбасшылық психологияны сипаттайды. Осы ретте «көшбасшылықтың белгілері» концепциялары да пайдаланылады. Көшбасшының психологиялық тұлғалық белгілерінің жиынтығы 100-ден асатыны белгілі. Көшбасшыларды классификациялағанда бұлар қажет. Көшбасшының басшыдан айырмашылығы бар. Басшы ресми түрде ұжымды және ұйымды басқаратын адам. Қазіргі кезде мемлекеттік дәрежедегі саяси көшбасшы феноменінің маңызы артып келеді. Бұл мәселе қазіргі кезде өте өзекті. Дегенмен көшбасшы анықтамасы әр автор әр түрлі береді.
Олардың бастылары мыналар:
«Ұлы адам» теориясы немесе көшбасшылықтың харизматикалық теориясы. Бұл бойынша көшбасшылықты тұқым қуалау негізінде түсіндіреді.
Көшбасшылықтың ситуативті теориясы бойынша көшбасшылардың пайда болуы ортаға, уақытқа және жағдайларға байланысты. Басқаша айтқанда көшбасшы болу белгілі бір жағдайда, уақытта топтан суырылып шығып өз қасиетін көрсете алуы.
Лидерліктің тұлғалық – ситуативтік теориясы бойынша мынадай төрт фактор еске алынуы керек:
Көшбасшының адам ретіндегі белгілері мен дәлелдері;
Көшбасшының жолын қуушылар үшін белгілі бір келбеті болады;
Көшбасшының ролінің сипаттары;
4)Көшбасшының жолын куатындар үшін ресми және құқықтық негіздердің болуы.
Көшбасшының үміткерлік – қарым - қатынастық теориясы. Ол бойынша нақтылы бір жағдайда көшбасшы стилінің сәйкес келуін айтады.
Көшбасшылықтың басқа да толып жатқан теориялары бар. Ол бойынша көшбасшылықтың психологиялық ерекшеліктері қарастырылуы керек. Саяси көшбасшының тұлғалық қасиеттерін талдауда мыналарды еске алу қажет: лидердің өзінің «Мен» концепциясы; оның саяси мінез-құлқына әсер ететін себептері мен сұраныстары; саяси сенімінің басты жүйесі; жеке тұлғалық қарым-қатынас стилі; стресс жағдайында өзін-өзі ұстай білуі; өмір баяндық талдау; саяси іс-әрекетін эволюциялық өзгерістері.
Көшбасшылық – жекелеген адамның туа біткен қасиеті және мүлдем мәңілікке берілген артықшылық емес. Көшбасшылық дегеніміз – әрқашанда қорғап қалуға керекті белгілі бір мәртебе, позиция, адамдардың іс-әрекетіндегі, саяси процестегі аяқ астынан болатын нәрселерді бастан өткере білу. Саяси қызмет және саяси қатынас өзінің табиғаты жағынан әрқашанда мақсатты, ұйымдасқан сипатта болады. Осыдан барып қоғамдық идеяны жүргізуге қабілетті, қоғам сезініп, білетін нәрсені білдіретін, ұжымдық сананың иесі және ұжымдық әрекетті ұйымдастырушы болатын лидерге деген қажеттілік туындайды. Қоғам ұжымдық ерік-жігер мен мақсатты бейнелейтін беделдің болуын объективті түрде талап етеді. Көшбасшылық саясаттың шығармашылық мазмұнынан тура туындайды. Көшбасшы саясаттың және қоғамның бүкіл саяси жүйесінің ядросы болып табылады. Көшбасшылық ғаламдықтан бастап жекелеген саяси топқа дейін саяси жүйені ұйымдастырудың барлық деңгейінде пайда болады, қалыптасады және қызмет етеді.
Егер субъектіні саяси қауымдастық өзінің мүддесі мен еркін білдіруші ретінде (яғни заңды болып табылатын болса) мойындайтын болса, онда ол саяси көшбасшы ретінде сөз алады. Яғни, бұндай мойындау нормативті, ұйымдасқан, идеологиялық, дәстүрлі және қоғамдық пікірмен бекітіледі. Бір жағынан көшбасшы қоғамға биліктік органдар мен механизмдер арқылы, ал екінші жағынан өзінің саяси және идеологиялық көзқарастары мен пікірлері, саяси қызметінің мазмұны мен бағыттары, тәжірибесі мен іс-әрекетінің стилімен ықпал етеді. Осы айтқандар арқылы көшбасшы тек көпшілік биліктің тұтқасына ғана сүйенетін кез - келген басқа басшыдан ерекшеленеді.