Саясатта қызметінің сипаты мен ауқымы бойынша көшбасшының үш деңгейін ажыратады: 1. Мүдделері ортақ қоғамда барынша көп билікке ие шағын топтың көшбасшысы;
2. Қоғамдық қозғалыстың (ұйымның, партияның)көшбасшысы, яғни белгілі бір әлеуметтік топ өзінің қажетсінуін қанағаттандыру мүмкіндігін байланыстыратын адам;
3. Көшбасшы – биліктік қатынастар жүйесінде әрекет етуші саясаткер.
«Бірден қол жеткізген» билік көшбасшылық болып саналмайды. Көшбасшылық жай ғана кездейсоқ билікті пайдалану емес, жалғасын табуды білдіреді. Көшбасшылықтың қоршаған ортадан шет қалуы мүмкін емес. Көшбасшылық дегеніміз – талдау жасау мен шешім қабылдауға қарағанда әрдайым үлкен нәрсе, ол өзінің соңынан жүретін адамдардың ақылы мен күш-қуатына әсер етуді қамтиды.
Саяси көшбасшылық – өзінің тағдырын жақсарту үшін іс-әрекетке, бірлескен жұмысқа қоғам мүшелерін итермелейтін күш.
Жеке бастың қызметінің нәтижесі әр алуан: жақсы немесе жаман, өте жақсы немесе өте нашар болуы мүмкін. Дәл сондықтан да нәтиженің амплитудасы соншалықты күшті, яғни оның тұтастығы бойынша барынша талдау жасалуға тиісті. Осыған орай, көшбасшы қоғамның саяси өмірінде аса маңызды орындардың бірін алады, оның іс-әрекеті мен нұсқауына қоғамның қандай бағытта дамитындығы байланысты болады. Көшбасшылықтың мән-мағынасы және формасы бойынша биліктің феномені дегеніміз осы. Көшбасшылық дегеніміз – билік, себебі ол белгілі бір адамның бірдеңе жасауына мәжбүр ету қабілетінен тұрады. Көшбасшы – халықтың, қоғамның, топтың және т.б. үстінен қарайтын адам. Бірақ, билік пен көшбасшылық қатынасы айырықша тең болмауымен ерекшеленеді, себебі көшбасшы өзінің тобының барлық мүшелерін басқа жағдайда олар жасамаған, ал кейде ерікті түрде бір нәрсені жасауға көндіруге қабілетті адам. Осылайша, көшбасшылықтың негізінде биліктік қатынас жатады, бірақ олар айырықша тең болмауымен – ерікті болуымен ерекшеленеді.
Саяси көшбасшы – қоғамда белгілі бір қызметті жүзеге асыру үшін өкілеттіліктің тиісті мөлшеріне ие болатын саяси қайраткер.
Көшбасшының негізгі қызметі:
интегративтік, яғни халықтың белгілі бір бөлігінің мүддесін анықтау және саяси бағдарламаны жасау;
билік органдарының қоғам мүшелерімен байланысын нығайту, қоғам мүшелерінің биліктен және басқарудан шет қалуын болдырмау қызметі;
бір жерге жұмылдырушы, яғни нақты міндеттерді шешуге көпшілікті ұйымдастыру, көпшіліктің әлеуметтік күш-қуатын, саяси мәдениетін және белсенділігін дамыту қызметі;
прагматикалық, яғни мақсат пен міндеттерді нақты әрекетке айналдыру.