Реферат орындаған: Тексерген: Тістің қатты тіндерінің өліеттенуі



бет9/19
Дата09.05.2020
өлшемі31,58 Kb.
#66758
түріРеферат
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
Реферат (2)

А) Жайылу көрсеткіштері бойынша :

І. Шектелген түрі бір немесе бірнеше тісте кездеседі (тісжегі, сынаға ұқсас ақаулар бар және ортопедиялық мақсатта егелген тістерде).

ІІ. Жайылған түрі көптеген тістерде байқалады (жүйелі патологиялық қажалу кезінде, көптеген тістерде тісжегі қуыстары, кіреуке эрозиясы мен сынаға ұқсас ақаулар бар кезде, көптеген тістердің мойындары мен түбірлері ашылғанда, психоневрологиялықц ауытқулар жағдайында).

Б) Даму себебіне байланысты.

І. дентиннің жоғары сезімталдығы (тістің қатты тіндерінің жойылуына байланысты);

· тісжегі қуысында болатын;

· тістерді ортопедиялық мақсатта егегеннен кейін болатын;

· тістің қатты тіндерінің қарқынды қажалуы және сынаға ұқсас ақаулары кезінде болатын;

· тіс тіндерінің эрозиясы кезінде болатын.

ІІ. Тістердің қатты тіндері бұзылмаған кезде болатын дентиннің жоғары сезімталдығы:

· пародонтоз және пародонттың басқалай аурулары кезінде тіс мойындары мен түбірлері ашылған кезде болатын дентиннің жоғары сезімталдығы;

· бұзылмаған тістердегі дентиннің жоғары сезімталдығы (функциональдық жоғары сезімталдық).

Көбінесе организмде жалпы өзгерістер кезінде орын алады.

В) Клиникалық ағымы бойынша:

І дәрежелі – тіс тіндері температуралық тітіркендіргіштерге сезімтал және дентиннің электрқозғыштығы – 5-8 мка;

ІІ дәрежелі - тіс тіндері температуалық және химиялық тітіркендіргіштерге сезімталдық көрсетеді, дентиннің электрқозғыштығы – 3-5мка;

ІІІ дәрежелі – тіс тіндері барлық тітіркендіргіштерге сезімталдық көрсетеді, дентиннің электрқозғыштығы – 1,5-3,5мка.

Тістердің жоғары сезімталдығын ұлпаның жедел қабынуынан ажырата білу керек. Себебі, бұл кезде де ауыру сезімі ұлпа қабынуындағыдай өте күшті болады, бірақ тітіркендіргіштер әсері тоқтаған кезде бірден басылады және тістің электрқозғыштығы көп ауытқымайды, 1,5-8 мка тең.



Емі. Тістердің жоғары сезімталдығын жою мақсатында ертеректе көптеген дәрі-дәрмектер қолданылған, бірақ олардың нәтижелілігі шамалы болған. Тістің қатты тіндерінің органикалық құрамын бұзу үшін цинк хлориды мен күміс нитраты (азот қышқылды күміс) ерітінділері, сусыздандыру үшін құрамына натрий гидрокарбонаты, натрий, калий, магний карбонаты кіретін сілтілі қойыртпақтар (пасталар) қолданылған.

Сонымен қатар тістің қатты тіндерінде құрылымдық өзгерістер тудыратын препараттар, натрий фториді,стронций хлориді және кальций тұздары да қолданылады. Қазіргі кездегі көзқарастарға сүйенсек, фтор ионы гидроксиапатит құрамындағы гидроксил тобының орнын басып, оны аса тұрақты құрылым-фторапатитке айналдырады. Егер беті кептірілген тістің жоғары сезімталдығы бар аймағына 75 % фторлы натрий қойыртпағын (пастасын) сүртсе, аса сезімталдық төмендей бастайды және көп ұзамай 5-7 сеанстан кейін жойылып кетеді.

Тістің қатты тіндерінің жоғары сезімталдығын жою үшін Платонов Е.Е. құрамында дикаин бар екі сұйықтық ұсынған. Бірақ бұл сұйықтардың ауырусыздандыру уақыты ұзақ емес. Осындай сұйықтардың қатарына Гартман (1936) сұйықтығын жатқызуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет