Реферат орындағн: Нурмухамет Дамир Тексерген: Ислямов Берик



бет2/12
Дата21.06.2023
өлшемі58,72 Kb.
#179046
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дамир физра

Жалпы орта мектептерде оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру тұтасымен оның жас ерекшелік және басқа да қасиеттерімен сәйкес дене сапасы, қабілет, мүмкіндік жүйелерін дамытудың ең жоғарғы дәрежесіне мақсатқа бағытталған, біртіндеп және бірізді жақындау дегенді білдіреді.
Жалпы орта мекептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін теориялық, ғылыми-әдістемелік тұрғыда зерделей отырып, оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру бағыт-бағдары айқындалды .
Жалпы орта мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді теориялық талдаулар, мұғалімнің дене тәрбиесі құралдарын пайдалана отырып, дене тәрбиесі жұмысына әзірленуін, оқыту мен тәрбие шеңберінде психологиялық, теориялық, практикалық, әдістемелік, дене даярлығын қалыптастырудың біріктіруші үдерісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Жалпы орта мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру деңгейінің жоғарыда баяндалған сипаттары, мектеп оқушыларының зерттеліп отырған іс-әрекеттің диагностикасы бойынша тапсырмалар жүйесін іріктеу қажеттілігін көрсетеді.
2.Жеке тұлғаны рухани тәрбиелеудегі денешынықтыру мен спорттың рөлі.
Дене тәрбиесі – тұлғаны жан – жақты үйлесімді қалыптастырып дамыту процесінің негізгі бір саласы. Себебі, дене тәрбиесі тұлға денесінің қалыпты жетілуінің, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, отанды қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады. «Дене тәрбиесі – адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы, қимыл — әрекеттерін қалыптастыратын адамгершілік қасиеттері мен ерік – жігері жетілдіретін негізгі тәрбие бағыттарының бірі.
Дене тәрбиесі төзімділік, шыдамдылық, батылдық, табандылық қасиеттерді шыңдайды».
Қандайда бір қоғам болмасын оның сәтті болуы болашақ жастарының денсаулығына тікелей байланысты. Себебі, қазіргі қоғам, жоғары қарқынмен дамыған өндіріс дене бітімі жақсы жетілген, өндірісте жоғары қарқынмен жұмыс істей алатын жасөспірімді қажет етеді. Адамның ширақтығы неғұрлым басым болса, соғұрлым атқаратын жұмысы тиімді болады. Сондықтан әрбір ұстаз өзінің шәкірттерін денсаулығы мықты, көңілді, дене бітімі жақсы дамыған тұлға ретінде көргісі келеді.
Сондай-ақ, дене тәрбиесі ерік-жігері мықты, тәртіпті, батыл және белсенді, өз Отанын қорғауға лайықты жас ұрпақты ойдағыдай әзірлеуде аса маңызды әлеуметтік міндеттерді атқарады. Дене тәрбиесі жастарға ақыл-ой және еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін қалыптастыруға да ықпал етеді.
Сондықтан да тәрбие теориясы дене тәрбиесі мәселесіне тұлғаның дене күштері және ағзасын дамытудың негізгі бір факторы ретінде айрықша мән береді. Әрине, қоғамдағы жас өспірімдердің дене және рухани қабілеттері қаншалықты дамуына байланысты, соншалықты олар халық игілігі үшін пайдалы әрі нәтижелі еңбек етеді.
Дененің дамуы адам дене күштерін нығайту және жетілдірудің сапалық өзгеруін қамтиды. Мұндай көзқараста ол тек дене тәрбиесінің бір ғана нәтижесі ретінде көрініс береді.
Дене тәрбиесінің көздейтін тағы бір мақсаты балалардың дене мәдениеті және спорт пен айналысу қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ояту, ынталандыру және дененің дамуы мен денсаулықты нығайтудың психо-физиологиялық негіздерін терең ұғынуларына, сонымен қатар ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық т.б. тәрбие салаларының дамуына да ықпал ету мүмкіншіліктеріне жағдай жасау, ұлттық ойындарды меңгеру, оның даму тарихы мен танысу, қазақ халқынан шыққан спорт шеберлері жөнінде мағлұматтар алу.
Осы бағытта дене тәрбиесі оқушылардың белсенді танымдық және дене, сонымен бірге денсаулықты шынықтыру әрекетін ұйымдастыруда көп жақты процесс. Сондықтан да дененің саулығы адамның кез келген әрекетпен нәтижелі айналысуына зор ықпал етеді, соның ішінде, әсіресе ақыл-ойдың дамуына әсері мол. Бүгінгі ғылыми-техникалық прогрестің дамуы, адам баласының өмірі мен атқаратын қызметінің сипаты олардың дене күштерінің даму жағдайларына маңызды ықпал етері сөзсіз. Бұл, әсіресе баланың жоғары деңгейде жалпы білім және кәсіби даярлығында көптеген мағлұматтар алуымен байланысты оның миында және интеллектуалдық күшінде жүктеменің артуымен көрініс береді. Сонымен қатар қала жағдайында пәтерлердің бүкіл керек — жарағымен толық қамтылуы, жақын қашықтыққа үнемі автокөлікті пайдалануы, көгілдір экранмен компьютер алдында үнемі қозғалыссыз ұзақ отыруы балалардың қимыл-қозғалысы белсенділігінің, денеге түсетін жүктеменің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан дене тәрбиесі мәселесе дәуірлеген машиналы және автоматтандырылған жүйе жағдайында жоғары маңызға ие болуы тиіс.
Бұған қосымша оқушылардың шамамен алғанда 85 пайызында жүрек, өкпе және т.б ішкі ағза мүшелерінің ауруы, сонымен бірге есту, көру, қабілеттерінің төмендігі, жүйке жүйелерінің ауыру салдарынан оқуда нашар үлгерім жағдайларында болуына да себепші болады. Баланың есте сақтау қабілеті, өзектілігі, ынталылығы да оның жалпы денсаулығы мен дене күштерінің жағдайына байланысты болып келеді.
Ақыл-ойдың дамуы, рухани күштер мен қабілеттердің даму көп жағдайда адамның денсаулық жағдайымен, оның төзімділігімен, жүйке жүйесінің мықтылығымен айқындалатын болғандықтан, ол дене тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырылады. Нарықтық экономика жағдайында адамның жеке басының саулығы, оның дене күшінің мығымдылығы, оның жеке басының ерекше құндылығы болып саналады. Сондықтан спорт әрбір адам үшін өмірдегі қажетті құндылық болып есептеледі.
Олай болса адамның денесінің дамуы ақыл-ойы әрекетінің, еңбекке қабілетінің, үлгерім сапасының дамуына жағдай тудырады.
«Дене тәрбиесі тәрбиенің басқа салаларымен табиғи байланыста болып, тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып дамытуда маңызды міндеттерді атқарады.
Дене тәрбиесі эстетикалық тәрбиемен де тікелей байланысты. Оның барысында баланың дене бітімі, қимыл — қозғалысына қатысты эстетикалық талғамы, бағалауы, көзқарасы қалыптасып дамиды. Дене жаттығулары қимыл-қозғалыстағы әсемдікті көре, бағалай білуге үйретеді және онда үйлесімділіктің болуына тәрбиелейді.
Сонымен қатар, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану ағзаның жалпы нығаюына көмектесіп, бұлшық ет, тыныс алу жолдары және жүйке тамырларын дамытады, барлық ішкі мүшелердің жұмысын жақсартады және қан алмасу процесін күшейтеді.
Дене тәрбиесі барысында әртүрлі дене жаттығуларын оны шынықтыру процесімен бірлікте тиімді пайдалану ағзаның бірқалыпты жетілуін қамтамасыз етеді (атмосфера қысымының ауытқуына байланысты дененің қызуы немесе салқындауы т.с.с), балалардың суық тию және тұмаурату жағдайын және кейбір жұқпалы ауруға тап болуын едәуір азайтады.
Белсенді қимыл-қозғалыс балалардың жүрек қан тамырының дұрыс жетіліп дамуына күшті ықпал етеді.
Арнаулы дене жаттығулары жүрек бұлшық етінің жұмыс істеу күшін арттырады, қан тамырлары қабырғасының тым созылып, икемді болып келуіне ықпал етеді. Нәтижесінде жүрек өнімді жұмыс істеп, бір мезгілде күш қуаты жоғары болады.
Дене тәрбиесінің ықпалы әсіресе жүйке жүйесінің қызметін шынықтыру мен жетілдіруде маңызы ерекше. Орталық жүйке жүйесі мен әртүрлі дене мүшелерінің арасындағы жүйкелік күштердің өтуін тездетеді, жүйке процестерінің қызметін жандандырып, тұрақтандырады.
Сондықтан оқушылардың денсаулығын шынықтыру педагогикалық ұжымның үнемі назарында болып, қамқорлығына айналуы тиіс. Сол үшінде әрбір мұғалім дене тәрбиесінің мүмкіншілігін жете білуі міндетті және оны тәрбие процесінде жан-жақты пайдалануы қажет.
Дене тәрбиесінің мәнін ашу барысында оның міндеттері мен мазмұнын анықтау қажеттігі туындайды. Дене тәрбиесінің міндеттеріне:
денсаулықты нығайту, ағзаны шынықтыру және дененің дұрыс қалыптасып дамуын, мүсіннің сымбатты болуын қамтамасыз ету;
ақыл-ой және дене күштерінің жұмыс істеу қабілеттерін көтеру;
дененің негізгі қимыл-қозғалыс сапаларын (күштілік, ептілік, шыдамдылық, шапшаңдылық) қалыптастыру;
гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;
дене шынықтыру және спорт саласында арнаулы білімдер беру;
адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу (батылдығы, өжеттілігі, қайсарлығы, табандылығы, жауапкершілігі, тәртіптілігі, ұжымшылдығы т.с.с);
дене және спорт ойындарымен үнемі және жүйелі айналысуға қажеттілігін тәрбиелеу;
дененің әрқашан сау болуына, сергектікке, өзіне және айналасындағы адамдарға әрқашан қуаныш әкелуге ұмтылысын тәрбиелеу т.с.с.
ұлттық ойындарды игеру және олардың пайда болу және даму тарихы мен танысу, әдіс-тәсілдерін білу.
Еліміздің барлық азаматтарының денсаулығын нығайту — мемлекет алдында тұрған ең жауапты міндеттердің бірі. Сол үшін де жоғары да аталған міндеттерді орындау, ең алдымен Білім және Денсаулық министрлігіне, содан кейін мектеп әкімшіліктері мен мектептен тыс тәрбие беру мекемелеріне жүктеледі.
Келесі кезекте, ол қоғамдағы әрбір адамның өздеріне міндеттеледі. Себебі, дене тәрбиесі әрбір адамның өз денсаулығын белсенді түрде нығайтуға бағытталған шара. Сондықтан да адамның өз денсаулығына өзі бақылау жасауы, оның алдын алуы, дене шынықтыру және спорт ойындарымен үнемі шұғылдануы, бір жағдайда оның өзіне, ал екінші жағдайда, қоғамға дені сау, еңбек етуге, Отанын қорғауға қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуда маңызы ерекше. Жақсы денсаулық — адамның еңбек процесі және қоғамдық пайдалы әрекетінде де белсенді және табысты болуының бірден-бір кепілі.
Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны дене шынықтыру жөніндегі оқу бағдарламасында және спорт теориясы мен практикасы жөніндегі факультативтік сабақтар бағдарламасында , сондай-ақ «жалпы білім беретін мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беру туралы» ашып көрсетілген. Бұл құжаттарда денсаулықты және ағзаны нығайтуға, қимыл-қозғалыс дағдылары мен икемділікті, төзімділікті, шапшаңдықты қалыптастырып, дамытуға баса назар аударылған. Әр адамның өзінің денесін жастайынан шынықтыратын, гигиена саласында және медициналық көмек бере алатындай білімі болсын, салауатты өмір салтын ұстанатын болуы керек деген міндет қойылды.

3. Дененің функционалдық мүмкіндіктерін көтеруде дене тәрбиесінің құралдары.


Жоғары оқу орындарындағы студенттердің кәсіби сапалы дайындығы белсенді оқуеңбектік, танымал саласыз мүмкін емес. Оқу мерзімін көбейтпейтін әлеуметтік және экономикалық себептер студенттерден психофизикалық, рухани және физикалық ерікжігерді жұптастыруды талап етеді. Студенттердің оқу мерзімі аптасына орташа 52-58 сағатты құрайды. Сондықтан күнделікті оқу жүктемесі 8-9 сағатқа тең, яғни студенттердің жұмыс уақыты – созылмалы жұмыстардың бірі. Студенттердің көбісі өздерінің уақытын жоспарлай алмайтын өзіндік дайындықпен және демалыс күндерді де босқа өткізеді. 17-25 жас аралығында толық интеллекттің оның жеке қызметтері қалыптасады. Оқу факторы, үнемі ойлану жұмысы студенттердің интеллектісінің жоғары тонусын анықтайды. Алайда қалпына келу процесі коп студенттерде ұйқының жеткіліксіздігінен, ұтымсыз тамақтанудан, таза ауада аз жүргеннен және дене тәрбиесі мен спортпен аз шұғылданғаннан жеткіліксіз өтеді. Осының барлығы студент организмінің әлсіздеуіне соқтырады. Организмді шынықтыру және организмнің ауруларға қарсы тұру қабілетін арттыру үшін дене шынықтыру сабағы, спортпен шұғылдану денсаулықты сақтауға қажетті жағдайлардың бірі. Организмнің функционалды деңгейінің реттелуі және оның бейімделу мүмкіншілігін анықтайтын физикалық жаттығулар негізгі фактор болып табылады. Ауру мен дені сау адамдар арасындағы функционалдық жағдайды бағалау әдістемесінің дамуы – бейімделу, гомеостаз, биологиялық кибернетика ережелерін, функционалдық жүйелердің теориясы жайында физиологияны заманауи тұрғыда негізделген маңызды ғылыми бағыт. Бұл бағыттағы зерттеуде негізгі орынды организмнің бейімделу мүмкіншілігін бағалау әдістемесі, критериі және тәсілдерді даярлау жатады. Организмнің бейімделу реакциялары дені сау және ауруға қарсы «физиологиялық өлшем» ретінде дәрігерлік ойлауда мағынасында толық енеді. Организм өзінің өмірінің әрбір кезеңінде тепе-теңдікті бұзатын үзіліссіз факторлардың әсерін бастан кешеді. Адам ағзасы сыртқы ортамен үнемі тығыз байланыста болғандықтан зат алмасу процесі де үзіліссіз жүріп жатады. Дененің оттегін сіңіріп және көмірқышқыл газын бөліп отыруы – тынысалудың негізі. Функционалдық қорлардың жұмсалуы организмнің негізгі жүйелерінің функционалдық деңгейін сақтап тұруында. Өз кезегінде соңғылары гомеостазды қамтамасыз етіп, организмнің ішкі ортасын тұрақты сақтап тұрудағы басты рөл атқарады. Қолайсыз жағдайда организм функционалды қорлардың жұмсалуын талап ететін, жеке жүйелердің қоршаған ортаға функционалдық деңгейлерінің өзгеруі арқылы бейімделуге тиісті. Реттеуші механизмдердің әрекеттерінің арқасында ішкі орта сыртқы ортаға сай қайта құралады. Соған қарамастан қисық гомеостатикалық сипат үшін сыртқы жағдайдың шектеулі аймақтарында гоместаздың сақталу мүмкіншілігі бар. Сыртқы ортаның ішкі ортаға гомеостатикалық ауыспалы тәуелділігі организмнің жеке ерекшеліктері болып табылатын әр түрлі сипатта болады. Гомеостазды сақтап тұру үшін және сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделу қажеттілігі реттеуші механизмдердің белгілі күштенуін талап етеді. Дене тәрбиесі адамның денсаулық жағдайын көтеретін салауатты өмір салтының құрама бөлігі ретінде маңызын жоғалтқан жоқ. Функционалдық резерв қоры – жұмсалғаны қалпына келіп тұратын ақпараттық, энергетикалық және метаболикалық ресурстар. Сондықтан, қазіргі уақыттың әрбір сәтінде олардың кейбір орта деңгейіне қатысты функционалдық ресурстың кейбір жағымды немесе жағымсыз тепе-теңдігі бар. Функционалдық ресурстың орта деңгейі өз кезегінде уақытпен ауысады. Осылай тәуліктік және маусымдық функционалдық ресурстардың ауытқуын анықтауға болады. Бірақ тіршілікке әлдеқайда бейім жас ерекшелік өзгерістер болып табылады. Функционалдық резервтің шығындалуы организмнің негізгі жүйелерінің функционалдық деңгейлеріне қажетті ұстап тұруымен іске асады. Соңғысы өз кезегінде гомеостазды қамтамасыз етуде организмнің сыртқы ортамен тұрақтылығын сақтауда маңызды орын алады. Сыртқы ортаның келеңсіз жағдайларына организм функционалдық резервті шығындайтын, жеке мүшелердің функционалдық деңгейін өзгерту жолында бейімделуге мәжбүр болады. Басқару механизмдер жұмысының арқасында ішкі орта сыртқы ортаға сәйкес қайта өзгереді. Жеке адамның ағымдағы денсаулық деңгейін бағалау және оның өзгерістерін бақылау мәселесі тұрғындар үшін, әсіресе дене жүктемесіне немесе жоғары психоэмоционалды күйге ұшыраған адамдар үшін өте маңызды орын алады. Студенттердің функционалдық жағдайының бес деңгейі анықталды: жоғары, орташадан жоғары, орташа, орташадан төмен, төмен. Жаттығудың негізінде студенттердің функционалдық жағдайының жоғары деңгейіне жеткізу. Жаттығушылардың денсаулық жағдайына қарай қимыл қозғалыс тәртібі: қалпына келу, тұрақтандырушы және дамытушы таңдалады. Біріншісі қалпына келу қызметін қалыпты жағдайға дейін жеткізеді. Аэробты диапазондағы физиологиялық регуляцияларды жетілдіруге бағытталған жұмыс тәртібі әлсіз. Тәсілдері – жүру, жүгіру, шаңғымен серуендеу, жүзу, аэробика, жалпы дамыту жаттығулар және тағы басқалары. Бақылау тәсілі – бастапқы тестілеу және сегіз аптадан кейін функционалдық жағдайдың төменгі деңгейі үшін тиімді жүрек соғу лүпілі 180 соғ/мин алу жасы. Функционалдық жағдайдың деңгейін жоғарылатын жүктеменің қуаттылығы мен көлемінің тиімді қолдануына байланысты сегіз апталық сабақта жоғары дәрежеге жеткізуге болады. Қимыл қозғалыстың тұрақтандырушы режимі организмнің функционалдық жүйесінің дамуын тұрақты ұстап тұру үшін қызмет атқарады. Жұмыс тәртібі – минималды деңгейден шегіне жеткенге дейін. Жаттығу 60-120 соғ/мин. аптасына екіден төрт рет. 48 сағаттық демалыстан кейін аптасына бір рет жаттығу қарқындығы өте жоғары болатын ОМП 80 %-ға жететін жаттығу өткізіледі. Бақылау тәсілі – жаттығу бағдарламасын түзететін сегіз аптадан кейін тестілеу. Қимыл қозғалыстың дамытушы режимі организмнің қызметін жоғары деңгейге дейін дамыту үшін бағытталған. Ол жұмыс қабілеттің құрылымдық негіздеріне әсер етеді. Сол адамға максималды сауықтыру әсер беретін тиімді жүктемелер қолданылады. Жүктеменің тиімді аймағы төменнен – шекті деңгейден, жоғарғысы әрбір функционалдық жағдайға сәйкес келетін максималды жүктемемен шектелген. Мамандар терең тыныс алғанда жүрекке жақсы массаж болады деп белгілейді. Жақсы дене дайындығы аэробты жұмыс қабілетіне әсер ететіні белгілі. Дене дайындығымен байланысты оттегін максималды пайдалану (ОМП) ауытқуын меңгеру сонау 60-шы жылдардан басталады. Көптеген зерттеулердің талдауы бірнеше ай және апта бойы шыдамдылыққа бағытталған жүйелі түрде орындалған жаттығу бұрын спортпен шұғылданбаған адамдардың ОМП 25-30% өсіретінін көрсетті. Қарқындылық 50-85% ОМПдан кем дегенде 60% ОМП болған жағдайда дене жаттығулары жағымды жаттықтыру эффект көрсететіні анықталды. Өз кезегінде организмнің аэробты өнімділіктің дамуында жаттығу саны айтарлықтай маңызды фактор болып табылады. Қозғалыс әрекетінің және басқа да дене тәрбиесінің көмегімен организмнің функционалдық жағдайын өзгертуге, оны бағытты басқаруға, сонымен қатар организмде прогрессивті бейімделгіш өзгерістерді жүйке жүйесінің басқару қызметтерін, бұлшық ет гипертрофиясын, тыныс алу мен жүрек-қан тамыр жүйесінің функциоанлдық мүмкіншіліктерін жоғарылатуға болады. Бұлардың қосындысы организмнің функционалдық өзгерістерінің сандық өзгерістері ғана емес, сондай-ақ сапалық өзгерістерге әкеледі. Осындай жолмен дене қабілеттерін тәрбиелей отырып олардың дамуындағы бағыттылығы мен деңгейін өзгертеді. Мұның барлығы қозғалыс сапаларының (күш, жылдамдық т.б.), жұмыс қабілетінің жалпы деңгейін жоғарылатуға, денсаулықты нығайтуға, сонымен қатар организм деңгейінің жаратылыс көрсеткіштерін, яғни дене бітімінің құрамын жетілдірумен сипатталады. П.К. Анохинның функционалдық жүйе теориясында бейімделу мақсаттарын шешетін әр түрлі құрылымдар тірі организмнің толық жұмысына қалай әсер етеді деген сұраққа әдістемелік жолды құрастырды. Системогенез бойынша еңбектерінде ол функционалдық жүйені қалыптастырудағы заңдылықтарды түсіндіруге мүмкіндік беретін негізгі әдістемелік принциптерді қалыптастырды. Функционалдық жүйе организмнің кез келген бейімделу қызметінде қол жеткізуде толық организмнің интеграция бірлігін құрайды. Функционалдық жағдайдың жақсаруы төмен қарқынды жүктеме кезінде реакцияның экономды түрде жұмыс істеуінде аз күштену кезіндегі жүйелердің оттектік сұранысы қанағаттандырылғаны, ең алдымен қан айналу мен тыныс алуда байқалады. Функционалдық қорлар процесінің шығыны реттеуші механизмдерге байланысты екенін айта кеткен жөн. Қысқартылған түрде функционалдық қорлардың басқару түрі оның шығындалу темпін реттеуші деп айтуға болады. Шын негізінде бұл процес өте күрделі, организмнің әр түрлі құрылымының бейімделу мүмкіншілігі ескерілуі тиіс және қолайсыз факторларға динамикалық әсер етуі, гомеостаз шегінде негізгі функционалдық жүйелердің деңгейін тұрақты сақтап тұру, функционалдық мүмкіншіліктердің қорларын болжау маңызды және процеске функционалдық қосымша қорларын дәл уақытында қосу. Организмдегі тыныс алу жағдайының жақсаруымен гомеостаздың уақытша өзгерістерінің кең ауқымды дұрыс жұмыс істеу қабілеті дамиды. Функционалдық қор жоғары болған сайын жүктеме кезіндегі басқару механизмдерінің күштенуі азаяды, физиологиялық жүйелер мен эффекторлы мүшелердің қызметі экономды және тұрақты болады. Үнемі қайталанатын дене жүктемелері осы жүктемеге бейімделетін функционалдық жүйелердің қызметін жақсартады. Тәжірибеде дені сау адамдарға он апталық дене жүктемесін қолданған бағдарлама организмнің жұмыс қабілеттілігінің айтарлықтай жоғарылауын қамтамасыз етеітн функционалдық жүйелердің өзгеруіне әкеледі. Тыныс алудың, қан айналу жүйесінің, тірек қимыл аппаратының арасындағы тұрақты байланысының нәтижесінде қалыптасу және жетілу негізінде бейімделу мүмкіншілігі жоғарылайды. Функционалдық жүйенің қалыптасы және жетілу деңгейінің ұзақтығы организмнің жеке ерекшеліктеріне, жаттығу қарқындылығы мен сипатына және ұзақ мерзімді бейімделудің ауыспалы кезеңіне байланысты.
4. Дене шынықтыру сабағында денсаулық жағдайының физиологиялық мінездемесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет