Реферат Пән атауы: Әлеуметтік- саяси білім модулі Мамандығы: Аспап жасау


Мәдени форма және Артефактілер арасындағы айырмашылық



бет2/3
Дата27.02.2022
өлшемі89,15 Kb.
#133522
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Ақшолақов Бақытжан Семестірлік жұмыс 1

Мәдени форма және Артефактілер арасындағы айырмашылық

Мәдени форма-кез-келген мәдени құбылыстың оның утилитарлық және символдық функцияларын көрсететін байқалатын белгілері мен белгілерінің жиынтығы. Сонымен қатар, мәдени форма ұғымын объектінің өзіндік ерекшеліктерінің кешені ретінде оның нақтылығында және мәдениеттегі артефакт болып табылатын шындықта шатастырмау керек. Бірдей мәдени форманы көбейтетін ұқсас артефактілер көп болуы мүмкін, сол мәдени форманың өзі кейінгі репродукция үшін бастапқы үлгі болып қала береді.


Артефактілер-бұл белгілі бір материалдық өнімдегі, мінез-құлық актісіндегі, ақпараттық хабарламадағы немесе бағалаудағы мәдени форманың көрінісі. Артефактілер кең мағынада адамдар жасаған заттар мен құбылыстар, яғни мәдениет құбылыстары. Кез-келген мәдени форма үлгі ретінде м-де жүзеге асырылуы мүмкін

Адамдар өздерін қоршаған, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді,өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға,ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу,тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау,ортамен қатынаста болу, т.б. Бұл талап тілектер қоғамдық прогреске,өрлеуге тікелей байланыста,әр қоғамдық кезеңде жаңа талап,тілектер пайда болады,өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады, соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды.Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі дамыды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне,талабына сәйкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениет әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші.Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты. Адам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар. Бірақ материалдық және рухани мәдениетті бір бірінен ажырата білу қажет. Мәдениет материалдық және рухани: бірі материалдық өндірістің, екіншісі рухани өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері- еңбек құралдары және көркем шығармалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олай болса материалдық және рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері бар екен. Сонымен қатар бұл екеуі материалдық және рухани мәдениет тұтастыққа ие. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі материалдық нысанда болады, соның нәтижесінде ол объектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей –ақ, тұтас бірлікте алып қарауға да болады. Мәселе бұларды ажыратуда емес, бүкіл қоғамның дамуына сәйкес, органикалық бірлігін мойындауда. Өміршең мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам- мәдениет субъектісі. Оның адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет ғұрыпқа ену, осы мәдениетке тән іс әрекеттің дағдысын бойына сіңіруі. Мәдениет адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді,қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін,икемін,қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды. Материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайды. Материалдық және рухани мәдениет тікелей байланысты.Одан шығатын қорытынды, мәдениет-қоғамның материалдық және рухани байлығынығ жиынтығы. Қоғамның материалдық дәрежесі жоғары болған сайын рухани өмір де жоғары болмақ.

Әлем мәдениет тарихы негізгі мақсаты мен міндеті ол, әлем мәдениетінің тарихы туралы біртұтас ұғым қалыптастыру, әлем мәдениет тарихы курсы нақты материалдардың негізінде дүниежүзілік адамзат қоғамының қалыптасу процессі мен дамуын ашу, мәдениет ұғымының мәнін және маңызын ашу, әлемдік мәдениеттер туралы білім беру, әлем мәдениеттерінің пайда болуы және даму тарихын көрсету болып табылады. Жалпы мәдениет ұғымын мәдениеттану ілімі зерттейді.


Мәдениеттану XIX ғасырдың соңғы үшінші ширегінде өзіндік пән ретінде гуманитарлық білімдерде табиғат және мәдениет, әлеуметтілік және табиғилық, жаратылыстылық және мәдениеттілік сияқты қарама қайшылықтардың айқындалуы қалыптасқан кезеңде пайда болды. Мәдениеттанудың білім жүйесі, жалпы мәселелері «философия тарихында», «философия мәдениетінде» қашанда елеулі орын алып, қарастырылып келеді. Мәдениетті зерттеудің бұл терең философиялық дәстүрі басқа да гуманитарлық ғылымдар өкілдерінің назарынан тыс қалған жоқ. Мәдениеттануда осы уақытқа дейін антропология, социология, психология, тарих, тіл білімі, семиотика сияқты әр түрлі пәндер өз үлестерін қосып келеді. Мұның өзі мәдениет туралы ғылымның ер тектілігін туындатып отыр.
Мәдениеттану - гуманитарлық пән, ешкім де оған шүбә келтіре қоймайды. Дегенмен біртұтас, бірыңғай мәдениеттану теориясы әзірге толық қалыптасқан жоқ, сол себептен осы уақытқа дейін мәдениет туралы теория жеке концепциялар түрінде, не сол мәдениеттану
мамандарының белгілі бір жүйеге ыңғайланған құрылымдары тұрғысында көрінуде. Мұның өзі мәдениеттану ғылымының елеулі ерекшелігін көрсетеді.
Бүгінгі таңда мәдениеттану өзінің пәні мен тәсілін анықтап, екі аяғынан қаз тұру дәуірін басынан кешіруде. Оның әлі ғылыми пән ретінде теориялық кәмелетке жеткен бейнесі толығынан көріне қойған жоқ. Кәзіргі ізденістер мәдениеттанудың философиямен тығыз байланыстылығының дәлелі және сол философияның «қамқорлық» шеңберінен босанып, өзіндік қырынан білімнің жаңа саласына айнала бастауының айғағы, Мәдениеттанудың өзіндік ерекше білімдер жүйесі тұрғысынан көрсететін дәлелдер аз емес. Оған мысал ретінде кәзіргі заман мәдениетіндегі құбылыстарды алуға болады:
Әлем өзінің 2000-шы жылдықтарында техника мен мәдениет туындататын орасан зор әлеуметтік өзгерістерге толы жаңалықтар қарсаңында тұр. Микроэлектроника, есептеу техникасы және ақпарат индустриясы бүгінгі күні дамудың орасан зор катализаторына айналды. Жалпы, технология бүкіл қоғамдық өзгерістердің және кәзіргі заманның даму күшінің маңызды факторы болып отыр. Бұл құбылыстарға байланысты техника мен мәдениет арасынан мына мәселелер туындайды: Техника жетістіктерінің адамдар болмысына деген ықпалы қандай және олар адам өміріне қандай өзгерістер әкелуі мүмкін? Ақпараттың ақыры не болмақ? Мәдениет пен компьютерлендіру өркениеттілігінің ара-қатынасы қандай болмақ? Әрине бұл мәселелерді белгілі бір гуманитарлық пәндер тұрғысынан қарастыру мүмкін емес.
XX ғасырдың соңында дін мәселесі мәдениет өмірінде соншалықты елеулі орын алады деп ешкім де ойлаған жоқ. Қайта, өткен ғасырдың ғалымдары, философтары діни көзқарасты арнайы сынға алуды артықшылық деп санады. Өйткені болмыстың бастапқы құпия көзін ғылымның өзі-ақ
ашады деп тұжырымдады. Бірақ оның осылай біржақты шешілмейтініне қазір адамзаттың көзі жетіп отыр.
Оған қоса адамзат мәдениетінде, мәдениеттің болмыстылығына байланысты туындайтын мәселелер бар. Оларға мыналар жатады: Мәдениет феноменін қалай тануға болады? Өркениеттілік пен мәдениеттің арасында қандай байланыс бар?
2. Ал енді мәдениеттің мәнін белгілі бір тұрғыда қарастырсақ, оның басқалардан гөрі айрықша екі жолын көруге болады: зайырлы және діни мәдениеттер. Діни ілімнің түсініктерінін шеңберінде «мәдениет» ұғымы (ғибадат),жоғарғы иенің беретін сенімі, дәстүрі, болмыстың жоғарғы мәні жатады. Мәдениеттің түп-тамыры байырғы заманға барып тіреледі. Оның діни көзқарастардан нәр алатындығы даусыз. Оларға адамдар арасындағы салт-сана, дәстүр, жоғарғы бір күшке табыну, жаратқанның құдіретіне сену сияқты т.б, табынудың түрлерін жатқызуға болады. Діни қарекеттер, діни тәжірибелер - алғашқы адамдардын табиғи жағдайдан шығуы, адам болмысының пайда бола бастауы. Сол себептен «гибадат» (кулът) және «мәдениет» ұғымдарының бір-біріне концептуальдық жағынан жақындасуының өзі әділетті.
Алғаш рет әдебиетте «культура» термині Римнің атақты философы әрі шешені Цицеронның (б.д.д. 45 ж.) «Тускул кеңесі» атты еңбегінде кездеседі. Оның этимологиялық негізі «өңдеу», «тазалау» деген сөздерден шығады. Алғашқыда агротехникалық термин (жерді өңдеу) ретінде қолданылды. Ал, Цицерон болса алғаш рет оны ауыспалы мағынада «адам ақыл-есіне ықлал жасау» үшін қолданды. Цицерон философияның адам өміріне ықпал жасау әдістерді қарастыруды мақұл көрді. Тек осымен антикалық азаматтарды дайындау, ессіз баладан ер адамдық деңгейге дейін қалыптасу жағдайлары сипатталады. Гректер бүл жағдайды «пайдейя» (жас бала) түсінігімен белгіледі.
Гректердің - «пайдейя» термині екі мағынада: біріншісі тікелей тәрбиелеу, үйрену, ал екіншісі білімді, білімділікті ағартушылықты, мәдениетті анықтайды. Олар адамдарды белгілі кәсіби емес, керісінше тұлға етіп айқындалған құндылықты қалыптастырды. Сөз жоқ, бұл адамға қарай бағытталғандықтан өзі мәдениет түсінігінің антикалық ауыспайтын гуманистік маңызын құрайды және негізінде мәдени жағдайлардың мақсатын шығаратын адам идеалы бар.
Мәдениеттің мақсаты мынада болды: адамның ойлау қабілетін, эстетикалық сезімнің әдемілігін дамытып, адамның іс әрекетінде сезімділік өлшемі мен әділеттілікті қарастыруға жол ашу. Бұл жағдайда антикалық адам табиғатпен біртұтас екендігін жоғалтқан жоқ. Табиғат өзі қанатының астына құдайлар мен адамдарды ала отырып ғарыштың айрылмас негізгі бөлігі болып қала береді.
Мәдениетке дәл осылай келу оның аса терең мағыналы екендігін, сонымен қатар оның әлеуметтік бойына даруын, қоғамның өмірімен біте қайнасуы, оның тек ғана адам баласының тегіне тән екендігін көрсетеді.
Сонымен, мәдениет - бұл адамның ақылы, таланты, еңбек таңбалары бар бізді қоршаған заттар мен құбылыстар әлемі. Бұл - өзінен өзін туындататын табиғаттан айырмашылығы бар адамдар әлемі. Оның әртүрлі анықтамалары мәдениеттің түрлі сферасын сипаттайды. Қорыта айтқанда мәдениет – бұл адамзаттың жасаған дүниесі.
3. Өндірістің негізгі екі түріне қарай материалдық және рухани мәдениет деп бөлеміз. Материалдық мәдениет адамның бүкіл материалдық еңбегі мен оның жемісін қамтиды (еңбек құралдары, күнделікті тұрмыс заттары, киім, баспана, көлік т.б.). Рухани мәдениет адам санасының, рухани еңбегінің аумағын қамтиды (тәрбие, білім, ғылым, өнер, әдебиет, аңызнама, дін т.б.). Рухани мәдениет пен материалдық мәдениет бір-бірімен тығыз байланысты.
Тарихта мәдени өзгерістің ықпалына ең бірінші табиғат түсті. Адам, табиғатты «өз үйіне», өзінің өмір сүру ортасына айналдыра бастаған кезде, өзін табиғаттан алшақтатын алғашқы қадамын жасаған еді. Адам эволюциясына табиғат ортасы тар болып, ол табиғаттан тыс шынайылық дүниесіне шықты, ол артефактар дүниесін жасады, яғни мәдениет пен әлеуметтің дүниесі. Кейде табиғат пен мәдениет үлеспейді деген пікірлер айтылып жатады. Дегенмен табиғаттан тыс мәдениеттің болуы мүмкін емес, мәдениет тек табиғаттың бергенін өзгертеді, өңдейді, яғни мәдениет – ол адам қайта өңдеген табиғат.
Мәдениеттің дамуы адам мен табиғат тұтастығының төмендеуіне әкеліп отыр. Табиғат адамның инстиктивті өмір сүру ортасы, одан тыс ол биологиялық тип ретінде өмір сүре алмайды. Алайда адамның одан еш маңызы төмен емес өмір сүру ортасы мәдениет болып отыр, ол инстикттен жоғары, саналық тәртіп жүйесін жасап отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет