Реферат Пән: Дене тәрбиесі Мамандык



Дата31.03.2020
өлшемі149 Kb.
#61134
түріРеферат
Байланысты:
гимнастика



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжі

Реферат
Пән: Дене тәрбиесі

Мамандык: “ Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Курс: 4

Орындаған: Жуманика А

Тексерген: Толеуова К.М

Қарағанды, 2020
Мазмұны

  1. Кіріспе

    1. Гимнастика,гимнастика түрлері............................................3-4

    2. Гимнастика сабағының қауіпсіздік ережесі.............................5



  1. Негізгі бөлім..................................................................................

2.1. Гимнастикалық атауалар........................................................6

2.2. Саппен жүргенде орындалатын жаттығулар......................7

2.3. Спорт жабдықтарында орындалатын әйелдер жаттығулары...............................................................................8-10

2.4. Жалпы дамыту жаттығулары.........................................11-13

Қорытынды.....................................................................................14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................15

Гимнастика
Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығулары-ның жиынтығы-гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика-адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет-қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады. Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді.

Біріншісі - гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады.

- Гигиеналық гимнастика - денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.

- Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының мақсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы.

- Атлетикалық гимнастика - жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажерлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен - жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.

Екіншісі - спорттық гимнастика. Спорттық гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары - керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары - бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.

Спорттық акробатика - жұптасып және топтасып орындалатын акробатикалық жаттығулар. Гимнастиканың бір түрі ретінде қаралатын аса күрделі жаттығу.

Көркем гимнастикамен әйелдер шұғылданады. Жалпы көркем гимнастикасының орындалуы би қозғалысына негізделген, қолда әр түрлі құрал-жабдықтарды ұстап жүріп немесе лақтыра отырып, сол құралдың қозғалысымен бірге билеп жүріп орындалады.

Гимнастика сабағының қауіпсіздік ережесі

Ең әуелі гимнастика сабағы басталмас бұрын, сабақтың қауіпсіздік ережесін үйрену керек. Мұғалімнің тұжырымдамасымен орындалады. Гимнастикамен арнаулы шұғылданушы өзі сақтана жүріп, спортпен шұғылданудың жалпы ережесін білуі керек. Содан кейін, әріптесін сақтандыра білуі керек. Мұны орындау әр спортшының міндеті.

1. Гимнастикалық жабдықта белгілі бір уақытта бірнеше адамның жаттығу орындауына болмайды.

2. Тіреліп секіру кезінде спортшының жүгіретін жолында және секіріп түсетін жерінде тұруға болмайды.

3. Спорт жабдықтарында жаттығуды орындайтын жерге секіріп түскенде міндетті түрде екі аяқты бүгіп түсу керек.

4. Арқан бойымен төмен түскенде екі аяқпен демеп, екі қолмен кезек ұстап асықпай түсу керек.

5. Қандай да болсын құрал-жабдықта орындалатын жаттығуларды мұғалімнің рұқсатынсыз бастауға болмайды.

6. Гимнастикалық таяқшасы немесе секіртпемен жаттығу орындағанда жақын тұрған әріптесіне тигізіп алмауды мұқият қадағалауы керек.

7. Спорт құралдарында мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз күрделі жаттығулар орындауға болмайды.

8. Спорт құралдарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың жарамдығы тексеріледі. Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды.

9. Сабақ үстінде және басқа да орындарда мұғалімнің ақыл-кеңесін мұқият тыңдап алмай күрделі жаттығулар орындауға болмайды.

10. Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы спорттық киім киеді.

11. Спорт құралдарында жаттығу орындаған кезде әріптесіне көмек көрсету және сақтандыруды әр жаттығушы білуі керек.

Гимнастикалық атаулар

Студенттер гимнастикалық жаттығуларды орындағанда, оның атауларымен танысады. Гимнастикалық атаулар негізгі 3 топқа бөлінеді.

1. Жалпы атаулар. Бұл жалпы атаулардан жеке дара атаулар шығады. Мысалы жалпы атауларға жататын еркін жаттығулар, сапқа тұру жаттығулары, жалпы дамыту жаттығулары және қолданбалы жаттығулар.

2. Негізгі (нақтылы) жаттығулар - бұл атаулар нақтылы қозғалыстың міндетін анықтайды. Мысалы - тұру, секіру, айналу, бұрылу, асылу, қолға таянып тұру, еңкейе, шалқайа секіріп түсу, отырып тұру, тұра жүру, етпеттеп қолға тұру т.т.

3. Қосымша атаулар - жалпы атаулардан шығатын жекелеген атауларды анықтайды және бағытын көрсетеді. Мысалы, кермеде асылып тартылу арқылы қолға таяну. Тербелу - алдыға-артқа тербелу. Немесе аяқты алдыға созу, оңға-солға бұру. Қолды алдыға созу, артқа қарай қозғау, жоғары көтеру. Демек дененің әрбір қимылының бағытын анықтап тұрады.

Белгілі бір жаттығуды алайық. Қолдың жаттығуы - бұл жалпы атау. Енді осы қолдың жаттығуы қалай орындалады, қолды алдыға созу, жанға созу, жоғары көтеру, төмен түсіру, бастың үстіне қою, желкеге қою, т.б.


Саппен жүргенде орындалатын жаттығулар

Кім де кім спорттың қай түрі болсын, қандай жаттығумен шұғылданса да, сабақ сапта, қатарда тұрып және жүретін жаттығулардан басталады. Сапта және қатарда тұрғанда оңға, солға айнала, т.б. бұрылу міндетті түрде орындалады. Одан ары бұл жаттығулар саппен жүріп бара жатып орындалады. Бұл сапта жүріп, қатарда тұрып орындалатын жаттығулар, қай кезде болсын, тіпті жеке адам өз бетінше жүріп жаттығу орындағанда да осы жаттығулар қайталанады. Себебі, бұл жаттығулар адам баласының қозғалысының бастамасы болып табылады.

Мұғалім «Сапқа тұрыңдар!» деп бұйыру бергеннен кейін студенттер бір қатарлы сапқа тұрады. Орында тұрып бір қатарлы, екі қатарлы, үш қатарлы тұруы қайталаудан басталады.

Сапта орындалатын жаттығулар атаулары: сапқа тұру, қатарға тұру, түзел, түзу тұр, еркін тұр, оңға, солға, айнала бұрыл және артқа, алға, адымдап жүр, жүгір, жай жүр, жоғары жылдамдықпен жүру, оң жақ бүйірмен алдыға қарап жүгіру, сол бүйірмен алдыға қарай жүгіру, артпен алдыға қарап жүгіру, бір қатарлы саптан бірнеше қатарлы (1, 2, 3, 4) сап түзеп жүру.

Спорт жабдықтарында орындалатын әйелдер гимнастикасы жаттығулары

Бөрене

Бөрененің үстіне секіріп шығып, ауыспалы адыммен бөрененің екі басына жүгіріп барып қайту. Бір аяқты алдыға созып тұрып, екінші аяқпен отырып тұру. Бір аяқты асыра сермей, 90 ° бұрышпен аяқты ашып отыру, одан алдыға ұмтылып қолға тұру, қайтадан бөренеге аяқты қойып, бір аяқты сермеп екінші аяқтың жамбасына отыру. Екі аяқтап секіріп түсу. Бұл негізгі жаттығуды орындамас бұрын «қарлығаш» бейнесін жасап 2-3 рет айналу, төрт тағанға тұрып жүгіру, тіркеме адымдарымен ары-бері жүруді бірнеше рет қайталау. Бөрененің үстінде теріс қарай жүру. Тіркеме адыммен ары-бері жүгіру. Осындай жүгіру барысында жерге секіріп түсу.

Бұл жаттығулардың барлығы негізгі жаттығулардың алдында қайталанады.

Әр түрлі биіктіктегі сырық

Төменгі сырықта аяқты алдыға созып асылып тұру. Аяқты көтеріп, ұшын сырыққа тигізу (тізені кеудеге қарай бүгу), аяқты алдыға созып тербелу. Одан бір аяқты іліп, одан екінші аяқты шығарып жамбасқа отыру. Осыдан соң жоғары сырықтан ұстап, осы отырыстан төменгі сырыққа аяқтың ұшымен тіреліп тұрып, жоғары сырықтан айналып түсіп қолға тіреліп тұру. Бұл жаттығуды орындағанда аяқты, қолды түзу ұстау және басты көтеріп ұстау талабы қойылады. Одан арқамен төменгі сырыққа түсіп жамбасқа отыру. Кейін төменгі сырықтан ұстап, артқа қарай құлап, денені қолдың арасынан өткізіп, алдыға тербеліп жерге түсу.

Таянып секіру

Кіші ағаш ат. Жүгіріп келіп қолға тіреліп, аяқты ашып кіші ағаш аттан секіріп өту. Бұл жағдайда кіші ағаш атты көлденең және ұзынынан да қоюға болады. Бұл студенттердің дене жағынан қаншалықты дайын-дығы барын көрсетеді. Көлденең қойылған үлкен ағаш аттан бір қолға тіреніп жанымен секіріп түсу. Одан басқа кедергілерден өту тәсілін білу (бөренеден, шарбақтан, қабырғадан, асып түсуді үйрену).

Еркін жаттығулар

Екі қолдың толқын іспеттес қимылдары. Шалқадан жатып қолға таяну; айнала бұрылып етбеттеп жатып қолға таяну; еңкейе аяқты жартылай бүгіп, қолды төмен түсіре доға сызығымен жоғары көтеру, денемен толқын іспеттес қимыл жасау. Қолды сермеу, артқа-алдыға қарай айналдыру. Секіріп бұрылуды қарапайым би адымдарымен үйлестіру (Әркім өзінің дене жағынан дамуына байланысты тағы да қосымша жаттығулар орындайды).

Ырғақты гимнастика жаттығуларында студенттер оқытушының басшылығымен жаттығулар жиынтығын құрастырады. Ырғақты гимнастика мүмкіндік болғанша сабақтың кіріспе бөлімінде өткізіледі. Негізінде бұл жаттығудың құрамы тірек-қозғалысын қалыптастыратын, әрі жеңіл қозғалатын жаттығулардан құрастырылады; еңкею, жүреден отыру, қолды әр жаққа созу, би қозғалысының құрылымдары, жүріс және жүгіру түрлері. Шамамен 15-20 минут уақыт алады. Бұл жаттығулардың мақсаты - әр түрлі бұлшық еттер тобын және қозғалыс әрекетін дамытуға бағытталады. Сондай-ақ, қозғалыс үйлесімділігі мен сымбаттылықты дамытатын жаттығулар пайдаланылады.

Керме

Кермеде орындалатын жаттығулар үш бағыттан тұрады. Статистикалық жаттығулар - қозғалмайтын жағдай. Бұлар - асылу және таяну. Күшпен ауысу — статистикалық жаттығудан күш-қуат арқылы екінші бір жағдайға ауысу. Мысалы, асылып тұрып күшпен тартылып, керменің үстінде қолға таянып тұру.

Динамикалық жаттығулар - тербелу арқылы орындалатын жаттығулар. Мысалы, асылудан тербелу арқылы серпіліп қолға таянып тұру. Болмаса, артқа тербелгенде тартылып барып қолға таянып түру.

Асылу. Алдыға, артқа тербелу. Алдыға тербеліп аяқты серпіп, кермеде қолға таянып тұру. Артқа құлай айналып тұру. Қайтадан артқа құлап, алдыға тербеліп, артқа тербелгенде тартылып қолға таяну. Асылып тұрғанда күшпен тартылып шығып, қолға таянып тұру. Асылып тұрғанда тартылып барып, кермеге аударылып түсіп қолға таянып тұру. Артқа құлай алдыға тербеліп, жерге түсу.

Сырық

Сырықта қолтықпен асылып тұру. Алдыға тербеліп, аяқты серпи көтеріліп қолға тұру. Аяқты ашып санға отыру; Қолды аяқтың алдынан ұстап иыққа тұру; Аяқты сырыққа түсіріп, алдыға домалап асып түсу. Қайтадан қолтыққа асылып, артқа тербеліп, қолға таянып тұрып, алдыға тербеліп жерге секіріп түсу.

Ағаш аттан секіру

Жүгіріп келіп тұтқадан ұстап, аяқты екі қолдың арасынан өткізіп секіріп түсу. Үлкен ағаш атты ұзынынан қойып, қолды бір-ақ рет тіреп аяқты ашып секіріп өту. Үлкен ағаш атты көлденең қойып, аяқты бір жанынан алып бір қолға таянып секіріп түсу.

Арқанмен тартылу

Ұзындығы 4 м арқанға аяқтың көмегінсіз (уақытқа) өрмелеп шығу. Ең әуелі аяқтың көмегімен өрмелеп шығу жаттығуын орындауға дағдылануды талап етеді.

Шығыршық

Асылу, күшпен тартылып шығып қолға тұру. Бұрыш жасау. Артқа құлап түсіп бүктеліп асылып тұрып, аяқты жоғары сермеп қайтадан қолға таяну. Алдыға қарай аунап екі бүктеліп асылу, аяқты алдыға сермеп секіріп түсу.

Акробатикалық жаттығулар

Акробатикалық жаттығулар - белгілі бір осьтің айналымы арқылы орындалатын жаттығулар. Тоңқалаң асу - жүреден отырған бетте алдыға, артқа қарай тоңқалаң асып түсу. Тоңқалаң асып түсіп барып, қайтадан жүреден отыру. Аунау - алдыға, артқа қарай қолды тіреп аунап түсу. Алдыға тоңқалаң асу - жартылай отырып және жүгіріп келген бетте тоңқалаң асады. Жүгіріп келіп секіріп қолға тұрып, содан кейін басты ішке қарай алып арқамен аунап түсу. Арқамен аунап түспес бұрын жауырынға тұру. Аунап түскеннен кейін екі қолға тіреліп жауырынға тұру. Қайтадан аяққа түсіп, аяқты алма-кезек жоғары сілтеп қолға тұру. Осы жағдайдан артқа қарай құлап түсіп, «көпір» бейнесін жасау. Осы жағдайдан аяқпен итеріліп, қайтадан айналып аяққа тұру.

Жалпы дамыту жаттығулары

Жоғарыда да ескертілді, жалпы дамыту жаттығулары - дене шынықтыру жүйесінің негізін қалайды дедік. Осыған орай, жалпы дамыту жаттығуларының қалай орындалатындығын тағы да естеріңе саламыз.

1. БҚ (бастапқы қалып) - НТ (негізгі тұрыс) 1 дегенде екі қолды жоғары көтеру; 2 дегенде қолды желкеге қою; 3 дегенде қолды екі жанға созу; 4 дегенде БҚ келу;

2. БҚ - аяқ иық кеңдігіне, қол мықынға қойылады. 1 дегенде қанат жайып шалқая сол аяқтың ұшына еңкею; 2 дегенде БҚ келу; 3 дегенде оң аяқтың ұшына еңкею; 4 дегенде БҚ келу;

3. БҚ - екі аяқты иық кеңдігіне ашып ңою. 1 деген-де секіріп алдыға сол аяқпен адым жасау; 2 дегенде БҚ келу; 3 дегенде оң аяқпен адым жасау; 4 дегенде БҚ

келу;

4. БҚ - қолды жоғары көтеріп малдас қүрып отыру. 1 дегенде қолды алдыға соза сол тізеге еңкейіп басты тигізу; 2 дегенде БҚ келу; 3 дегенде қолды алдыға соза оң тізеге еңкейіп басты тигізу; 4 дегенде БҚ келу;

5. БҚ - аяқты алдыға созып отыру. 1 дегенде қолды екі жаңқа созып, денені алдыға еңкейтіп, басты тізеге тигізу; 2 дегенде шалқадан жату; 3 дегенде денені көте-ріп алдыға еңкейіп басты тізеге тигізу; 4 дегенде шал-

қадан жату;

6. БҚ - торт тағанға түру. 1 дегенде қолды бүгіп, сол аяқты жазып жоғары сілтеу; 2 дегенде бастапқы ңалыпқа келу; 3 дегенде жаттығу оң аяқпен орындалады; 4 де-генде бастапқы қалыпқа келу;

7. БҚ - НТ алақанды томен ңаратып алдыға созу. 1 цегенде сол аяқты сілтеп сол қолдың үшына тигізу; 2 дегенде оң аяқты сілтеп оң қолдың ұшына тигізу (жат-тығуды ңанша рет жалғастыратындығы әркімнің өз еркінде).

Жалпы дамыту жаттығулар жиынтығы таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының негізін қалайды. Онымен қоса, жүгіру, жүру, сайып келгенде, адамның бойын-дағы барлық қабілеттілігін жетілдіруге арналады. Бүл жаттығулар жиынтығы спортпен шүғылданып жүрген студенттер, сол спорттың мазмүнын қүрайды. Айталық, жеңіл атлет болса, мүмкіндік болғанша өзінің жылдам-дық қабілетін дамыту үшін және жүгіргендегі жетісті-гін мақсат етеді. Ал батпан көтерушілер болса, олар көбірек жүгіргеннен гөрі эспандер, ңосшоқпарлы бат-панды көбірек көтеруге кіріседі, салмақ лақтырады.

Міне, жалпы дамыту жаттығуларының мән-мағына-сы, мазмүны тек әр адамның өзінің қабілетіне ңарай, кәсібіне қарай орындалады.

Жалпы дамыту жаттығуларының тағы бір мақсаты — бүл жаттығуды орындағанда дененің барлық мүшесіне қозғау салып, аздап та болса жүктеме түсіру. Тіпті, спорттың түрімен арнаулы шүғылданған күнде де, жалпы дамыту жаттығуларының мақсаты орындалуы.

Қорытынды

Гимнастика арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіke, gymnazіo – жаттығу жасаймын,жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика және спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамыған. Гимнастика спортшыларының халықаралық одағы 1897 ж. ұйымдастырылған. Қазақстан оған 1994 жылдан мүше.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Уаңбаев Е. “ Дене тәрбиесінің негіздері”, Алматы, 2000 2.Тілеуғалиева Ю. Адамбеков Қ. Қасымбекова С. “Дене тәрбиесі”.Алматы 2003.

3.Тайжанов С. Құлназаров А, “Дене тәрбиесі”.Алматы 2002 ж.

4.Тұрыскелдина М, “Дене тәрбиесі”.Алматы 2001 ж.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет