Реферат Пән: Педагогика Тақырыбы: Озық педагогикалық тәжірибе Орындаған: Айтжан М. О тобы: Дм 18-3/11



Дата27.03.2020
өлшемі86,39 Kb.
#60929
түріРеферат
Байланысты:
Педагогика реферат

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қарағанды "BOLASHAQ" жоғарғы колледжі

Рефер


Реферат
Пән: Педагогика

Тақырыбы: Озық педагогикалық тәжірибе

Орындаған: Айтжан М.О

Тобы: Дм18-3/11

Тексерген: Жексенова Б.О
ТАҚЫРЫБЫ:" Польша мен Қазақстанның білі

м беру жүйесіне салыстырмалы талдау"


ТЕКСЕРГЕН: Бейсенова А.Н

Қарағанды 2019

Жоспары

I. Кіріспе

II.Негізігі бөлім

1.Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу,жинақттау.

2.Озық педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар .

3. Озық тәжірибенің түрлері, критерийлері.

III. Қорытынды .
Мақсаты: Озат педагогикалық тәжірибеге нені жатқызатынын, оған қойылатын талаптармен таныстырып, инновация ұғымы жайлы жалпы ақпарат беру. 
Озық педагогикалық тәжірбие дегеніміз,қоғамдық педагогикалық қызыметтің бастауы ретінде, нақты жағдайларды, оқушылар ұжымының және жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескерумен бірге,мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде педагогика заңдары мен принциптерін белсенді түрде меңгеруі және іске асыру деген сөз. Озық педагогикалық тәжірбие оқушыларды тәрбиелеу және оқытудың жаңа
идеяларын түрлі тұрғыдан қарау және технологиялардың бастауы.
Озық тәжірибені зерделеу және қорыту педагогика ғылымын дамытудың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады, өйткені, бұл әдіс өзекті ғылыми мәселелерді табуға мүмкіндік береді,педагогикалық үдерістің заңдылықтарын оқып үйренуге негіз жасайды.
Мектепте педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық үрдіс. Озық педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі.

Педагогикалық озық тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштастырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, бірақ жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.

Озық педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар:

Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озық мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.

Озық тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.

Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:

•    оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;

•    өз беттерімен білім ала білуі;

•    білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;

•    оқушылардың жалпы дамуы.

Озық тәжірибе — бұл мұғалімнің биік шеберлігі, яғни жоғары педагогикалық нәтиже беретін тәжірибе.

Педагогикалық тәжірибе — мұғалімнің педагогикалық қызметінің нәтижесі, өз алдында тұрған педагогикалық міндеттерді жүзеге асырудың кәсіби шеберлігінің жиынтығы.

Алдыңғы қатарлы тәжірибе деп мол нәтижені аз уақыт және күш жұмсашршынған тәжірибе аталады. Мұғалім тәжірибесінде жаңа, оригиналды ештеңе болмауы да мүмкін, бірақ ғылыммен белгіленген әйгілі принциптер мен қолдану негізінде, ол педагогикалық шеберлікке қол жеткізбеген мұғалімдер үшін жақсы үлгі болары сөзсіз.

Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің сапалары мыналар:
— педагогикалық тәжірибенің тиімділігі, оңайлығы (оқу-тәрбие процесінде жоғары нәтижелерге аз күш жұмсай отыра жету, бұл тәжірибенің басқаларға, басқа да оқу және тәрбие меселелерін шешуге кедергі болмауы тиіс);
— тәжірибенің тұрақтылығы, яғни оның нақ уақытты қызметі;
-оқу-тәрбие керісінің жоғары сапалық және сандық нәтижелер көрсеткіші;
1. тәжірибенің келешектегі, бір педагогтың тәжірибесін қайталау және шығармашылық қолдану мүмкіншілігі.
2. Педагогикалық тәжірибені әдіс ретінде зерттеу мәселені зерттеудің түрлі кезеңдерінде қолданылады. Осыған орай, зерттеудің белгіленген кезеңінде шешілетін міндеттер ерекшелігіне қарай педагогикалық тәжірибенің әр түрі зерттеуге түседі.
Педагогикалық тәжірибені зерттеудің әдісі ретіндегі құндылығы, оны педагогикалық шындықпен оқыту және тәрбие тәжірибесімен мол мүмкіндік береді.
Тәжірибені зерттей отыра біз педагогикалық тәжірибенің табиғи жағдайдағы нақты бейнесін құрауға, тиімді жақтары мен осал тұстарын анықтауға мүмкіндік аламыз.

Педагогикалық тәжірибені зерттеу педагогикалық қызметтің ішкі ерекшеліктерін бекітуге жол береді. Бұл әдіс түрлі оқу-тәрбие жүйесін бейнелеуге, жекелеген әдістер мен тәсілдерді, оқытушы жұмысының стилін, өткізілетін жұмыстардың оқушыларға әсерін ашуға көмектеседі. Тәжірибені зерттеу тікелей педагогикалық нақтылықпен танысуға, оларды ғылыми терминдерде суреттеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық тәжірибені зерттей отырып, біз құбылысты тұтас қамтимыз, сонымен бірге зерттеуде оның арнайы зерттеу нысаны болатын  мәнді жаңтарын бөліп те қараймыз. Мұндай тәсіл кезкелген педагогикалық құбылысты сипаттайтын қажеттік мөлшердегі деректер алу мүмкіншілігін тудырады. Педагогикалық деректер мен олар арасындағы қызметтікі байланыстар — бұл ғылымның эмпириялық негізі, әдістің зерттеу тәжірибесі сонымен қатар шектелуімен байланысты. Шындықпен тек тікелей түйісуге  тіректелген таным, нысанға тым байланысты болып шығады да, заттардың тек жалған көрінісін көзге түсіреді. Бұл әдістің тағы бір әлсіз жағы бар: педагогикалық тәжірибені зерттеу — бұл өмірде, бар танымдарды тану.  Алайда, егер ғылым тек дүниеде барды ғана тіркеп, болашаққа көз салмаса, онда ол бір орнынан қозғалмай, тәжірибе алға жылжымас еді.



Озат педагогикалық тәжірбиенің екі түрі бар:

  • педагогтың ғылыми ұстанымдары біліктілікпен, ұтымды
    кешенді пайдалануы болып табылатын педагогикалық
    шеберлігі;

  • педагогикалық жаңашылдық, яғни жаңа білім беру
    қызметін көрсетулері, оқытудың жаңа мазмұны,
    нысандары мен әдістері, тәсілдері мен құралдары, т.с.с
    өзінің шығармашылық табыстарымен байытылған
    тәжірибе.
    Озық тәжірибенің критерийлері:

  • жоғары нәтижелілік;

  • тұрақтылық;

  • ғылымның қазіргі жетістіктеріне сәйкестік;

  • тәжірибенің оңтайлылығы;

  • оптималдық;

  • бұқаралық тәжірибеде шығармашылықты қолдану мүмкіндігі.

Педагогикалық озық тәжірбиені пркатикаға негізудің кейбір жолдары:

1.Оқыту және тәрбие саласындағы жаңа педагогикалық әдістер, жақсы тәжірбиелер жетістіктерін насихаттаудан бастау. Оларды мұғалімдердің кең талқысына салып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар түрінде нақты шешім қабылдау.


2.Педагогикалық озық тәжірбиен терең зертеу және оны оқу-тәрбие процесіне енгізу үшін, оны педагогикалық еңбектің шеберлеріне ( бір-екі бастауыш сынып
мұғалімдеріне, бір-екі жоғары сынып пән мұғалімдеріне) тапсыру керек. Олар әдістемелік пән бірлестігі жетекшілерімен бірігіп зерттеу жоспарын жасайды, ол
педагогикалық кеңесте бекітіледі.

3.Мектеп дирекциясы әдістемелік кеңеспен бірлесіп зерттеу жұмысына басшылық етеді, талдау жасайды. Әдістемелік ұсынбаларды жинақтайды, оны


педагогикалық кеңесте мұғалімдерге хабарлап отырады.
4.Әрбір мұғалімнің зерттеу жұмысы жүргізіліп жатқан сыныптардың оқу-тәрбие жұмысына белсенділікпен қатысуына болады.
5.Озық тәжірибе педагогикалық практикада өз орынын берік алғаннан кейін, оқу-тәрбие үдерісіне жаңа тәсілдер мен әдістерді енгізу қорытындысын жасау, оны мектеп мұғалімдерінің, сонан соң кең түрде педагогикалық жұртшылықтың талқылауынан өткізу қажет.
Инновация – педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатқа жету.
Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы: 20 – жылдары мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды.
70 – 80 жылдары Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталовтардың жаңашылдық іс – тәжірибесі сол кездегі ұстаздар қауымының тарапынан үлкен  қолдауға ие болды.
Инновациялық мектептердің мақсаты – жеке тұлғаны жан – жақты дамыту.
Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:
- білім мазмұнындағы инновация;
- оқу – тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;
- оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;
- мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.
Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:
-    жеке, бір – бірімен байланысы жоқ;
-    модульдық (бір – бірімен байланысты): бір – біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу – тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;
-    жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер.
Инновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.
Модификациялық инновация – педагогикадағы әдіс – тәсілдерді жетілдіру. Мысалы. А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды.
Комбинаторлық инновация – белгілі әдістердің элементтерін бір – біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. 
Түбірлі – мектепке білімнің мемлекеттік стандарттарының енгізілуі.
Инновациялық іс - әрекет – қоғамның әлеуметтік – экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс - әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу – тәрбие жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс - әрекетін саналы түрде өзгертеді. 
Инновациялық процестің кезеңдері:
-инновацияның себептері;
-жаңалықты жобалау;
-жаңалықты жүзеге асыру.
Инновациялық іс - әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата – аналарды қызықтыра білген жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:
- мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір – бірімен өзара әрекеті және қарым – қатынасы.
-Инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;
-Бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. 
-Әлеуметтік – экономикалық жағдай;
-Инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.

 Педагогикалық озат тәжірибе оқу – тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. . Нағымжанова.Қ. Педагогикалық инновацияның зерттелуі //Бастауыш мектеп.-№3 1999ж
2. Методологические и теоритические проблемы изучения,обобщения и использования передового педагогического опыта. – М.,1978.
3. Кухарев Н.В.Педагог-мастер,педагог-исследователь.Гомель,1992.
4. Введение в научные исследования (Под ред.В.И.Журавлева). – М.,1988..

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет