Реферат пән:Қазіргі Қазақстан тарихы Тақырыбы: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес


ХХ ғ.б. қазақ баспасөздері «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті арасындағы тартыс



бет7/12
Дата08.02.2022
өлшемі45,25 Kb.
#120186
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ТАРИХ 1

ХХ ғ.б. қазақ баспасөздері «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті арасындағы тартыс.

Қазақ газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. №1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.
1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.
«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы - А.Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М.Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы, М.Шоқай, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш,Р.Мәрсеков, Ж.Тілеулин, Ғ.Мұсағалиев, М.Жұмабаев, Х.Болғанбаев, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, А.Мәметов,С.Дөнентайұлы, Х.Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.
XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.
Айқап” журналының алғашқы саны Троицк қаласында 1911 жылдың қаңтарында жарық көрді. Оның шығарушысы, демократ ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин болды. Ол журналды алғаш жұрттан қарызға ақша алып, пайда серіктікке пай жинай жүріп шығарды. Біраз уақыттан соң журнал өз қаржысымен шыға бастады, оған жәрдемдесуші- лерде табылды. Дегенмен қаржының тапшылығынан ол алғашқы жылы айына бір реттен, кейде шағын көлемді болып жарық көрді.
Жәрдемшілер көбейіп және қаржыға ие болғаннан кейін, яғни 1912 жылдан бастап журнал айына екі реттен, 12-24 бет көлемде шықты. Проыуссор Қ. Бекқожиннің дәлелдеу- інше “Айқаптың”тиражы 1000 дана болған. Жалпы, журналдың 5 жыл ішінде 89 саны жарық көрген.
“Айқаптың” алғашқы санындағы “Қызмет иесі санындағы мырзаларға” деген мақалада: Журнал шығарудағы мақсат атақ шығару, білім сату емес, халыққа қызмет ету болды… “Айқап” әр материялдың мазмұны мен тақырыбына жете көңіл бөліп отырды. Бірінші бетіне елдің ішкі өмірінде болған жаңалықтар, ресми хабарлар, екінші, үшінші беттерінде “Ашық хат” деген айдарымен оқырмандар хаттарын жариялаған. Проблемалық мақалалар (жер туралы, сьезд, сайлау т.б. тақырыптар) бойынша 4-6 беттеріне орналасқан. “Фельетон ”, “Хабарлар” бойынша айдарымен материялдар журналдың орта тұсынан орын алған. Ал шетел жаңалықтарынан, көңіл айтулар мен басқармадан ускертулерді, жаңа кітап туралы рецензияларды журналдың соңғы беттерінен оқуға болатын.
“Айқаптың”, “Өлең-жыр”, “Фульетон”, “Фабаршыларымыздан”, “Ашық хат”, “Бас-қармадан жауап” деп алған тұрақты айдарлардың болуы оның жұмысындағы ұқыптылық- ты, жүйуліліктш танытады. Журналдың безендіру мәселесшне де жете көңіл бөлгенін жоғарыдағы айдарлар бойынша жарияланған материялдардан айқын аңғаруға болады.
“Айқап” өз кезі үшін үздік журнал болды. Оның әр санын жұрт асыға күтті. Оған Қазақстанның барлық облысынан және Астрахань губерниясына қосылған Бөкей орталық- тарымен мен Кавказ округіне қарайтын Маңғыстау, Атырау, Оралдан үзбей хат келіп тұрды. Әсіресе, Ақтөбеден, Қотанайдан, Қыдылжардан, Торғайдан, Көкшетаудан, Қарқа-ралыдан, Семейден, Аягөзден, Қапалдан, Шиелден, Қызылордадан, Жамбылдан, Шымкенттен, Зайсаннан мақала жиі жарияланды.
Журналдың бетіне кейде “Одан-бұдан”, “Уақиғалар”, “Мұсылмандар түсінуіне тиіс- ті мәселелер” деген айдарлар бойынша да материял жарық көрді. Кейін оларды алмастыр- ған “Хабаршыларымыздан ”, “Хабарлар ” айдарлары журналдың соңғы кезіне дейін тұрақты шығып тұрды.
“Айқаптың”, хатшысы болып 1911-1912 жылдары Әкірам Ғалимов, 1913-1914 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров істеді. Қызметкер, тілші, автор болып Жиһанша Сейдалын, Спандияр Көбеев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Малин, Сәбит Дөнентаев, Бақытжан Қаратаев, Молдағали Жолдыбаев, Бекмырза Бекжанов, Нұралдин Айтмұқанов, Есенғали Хасаболатов, т.б. қатысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет