Реферат Пәні : Дене шынықтыру



бет5/6
Дата07.02.2022
өлшемі38,55 Kb.
#84644
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Зауытбаева Адина. Дене Шынықтыру^

Шеңбер бойынша эстафета. Шеңбер бойынша эстафетада барлық жүгірушілер бір 
бағытта жүгіреді. Кезекке тұрған жгіруші (эстафетаны қабылдаушы) жүгірушіге бет жағын 
қаратып емес, арқа жағын қаратып тұрады. 

Сонымен қатар эстафетаны бір орында тұрып емес, жүгіріп бара жатып қабылдайды. 


Эстафетаны жиырма метрлік аймақта береді. Ол жолға көлденең сызылған, анық көрінетін екі 
сызықпен белгіленеді.

Шеңбер бойынша эстафета қалай жүргізіледі? Бірінші болып жүгіруші төменгі сөреден 


жүгіруді бастайды. Кезектегі жүгіруші эстафета беру аймағының басталуын белгілейтін 
сызықтың жанында өзінің серігін күтіп тұрады. Эстафета таяқшасын берушіге эстафета беру 
аймағының басталуына 4-6 см, қалғанда эстафетаны қабылдайтын жүгіруші өз жолының сол 
жағына таман жақын, барынша жылдам жүгіре бастайды. Бұл эстафетаны берушінің оңға
қатарласа жатқан жолға шығып кетпеуі үшін жасалады. Ал ереже бойынша өз жолынан шығып 
кетуге рұқсат етілмейді. Эстафетаны беруші зонаның аяғына дейін 8-5 м, қалғанда эстафетаны 
қабылдаушыны қуып жетуі керек. Сол кезде ол эстафетаны беруге əсір екендігін білдіріп, 
«хоп!» деп белгі береді. Эстафетаны беруші өзінің барлық назарын эстафета қабылдаушының 
оң қолына аударады. Артқа қарай созылған қолды көре салысымен, тез қимыл жасап
эстафетаның бас жақ ұшын оны қабылдаушының қолына жеткізіп береді., осыдан кейін ғана 
өзінің жолы бойынша жүгіруді аяқтайды. Өз жолынан басқа жолға команданың барлық 
жүгірушілері эстафетаны алып, эстафетаны берген адамнан алға қарай жүгіріп өткеннен кейін 
ғана шығуға рұқсат етіледі. 
Эстафетаны алған жүгіруші кідіртпестен, дереу эстафетаны сол қолына ауыстырып 

алып, өз командасының кезектегі тұрған жүгірушісіне беру үшін жүгіріп кетеді. Эстафеталық 


жүгірудің техникасын үйренуге тек жүгіруге дайарлығы болған жағдайда кірісуге болады. 
Бастапқы эстафета беру техникасын бір орында, содан кейін адымдап жүру, ақырын жүру 
кезінде жəне жүгіру кезінде үйрену керек. Тез жүгірген кезде эстафетаны беруді үйрене 
отырып, 20 метрлік аймақ ішінде таяқшаны беруге дағдыланған жөн.
Эстафета техникасын жəне төменде сөз еткелі отырған кедергілермен жүгіру техникасын 

жақсы меңгеруге осыларға ұқсас қозғалыс-қимыл ойындарының көп септігі бар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет