Реферат пәні : Экономика негіздері Тақырыбы : «Экономика және оның қоғамдағы рөлі»


Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар



бет3/5
Дата01.11.2022
өлшемі25,98 Kb.
#155980
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ахметова.Реф

1.2. Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
Зерттеліп отырған құбылыстардың мәні экономикалық заңдар мен экономикалық категорияларда нақты көрініс табады.Экономикалық заңдар – бұл адамдар өмірінде үнемі тұрақты түрде қайталанып отыратын себеп-салдарлық байланыстар мен құбылыстар. Экономикалық заңдар қоғамдық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша экономикалық қатынастардың даму заңдары болып табылады.Экономикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономикалық категорияларды да зерттейді.Экономикалық категориялар – бұл экономикалық құбылыстардың аса маңызды жақтарын және қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын жалпылама ұғымдар мен логикалық түсініктер (мысалы, сұраныс, ұсыныс, тауар, баға, пайда, қаржы, несие, меншік, нарық, жалақы, бәсеке, т.б.)
Қолданылу мерзіміне қарай барлық экономикалық заңдар төмендегідей түрлерге бөлінеді:
1. Арнайы экономикалық заңдар – шаруашылық жүргізудің нақты бір белгілі нысандарын дамытумен байланысты заңдар.
2. Ерекше экономикалық заңдар – олардың іс-әрекет жүргізу жағдайлары сақталатын нақты бір тарихи дәуірлерге тән заңдар.
3. Жалпы экономикалық заңдар – адамзаттың барлық тарихи дәуірлеріне тән заңдар. Олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді үдеріс етіп байланыстырады. Бұған мәселен, қоғамдық еңбек бөлінісі заңы және басқа да заңдар жатады.
1.3. Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері
Экономикалық ғылымның ұзақ және аса бай тарихы бар. Экономикалық ілімдерді жүйелеудің ең алғашқы белгілі талпыныстары Аристотель (б.з.д. 364-322) мен Платон (б.з.д. 428-348) сияқты ежелгі грек ойшылдарымен байланысты. Олар өз зерттеулерінде экономикалық өмірдің негізгі мәселелерін қарастырған. Аристотель экономиканы байлық туралы ғылым ретінде анықтап, құн, баға және ақша теориясына өте көп үлес қосты
МЕРКАНТИЛИЗМ. Экономикалық теориядағы алғашқымектеп – меркантилизм. Бұл бағыт ұлттық табыстың негізгі көзі деп байлық ретінде саналатын алтын мен күмісті жинау мәселесін қарастырды. Бұлар байлықтың көзі тек саудада деп түсінді, яғни сырттан бағалы металлдарды арзанға сатып алып елге жинай беру және оларды басқа елдерге қымбатқа сату. Меркантилизмнің басты өкілдері болып жоғарыда аталған А. Монкретьен, ағылшын экономисі Томас Мэн (1571-1641), Уильям Стаффорд (1554-1612), француз экономисі Жан Батист Кольбер (1619-1683), орыс экономисі Иван Посошков (1652-1726) саналады. Меркантилистер экономикалық теорияның ғылым болып қалыптасуына айтарлықтай өз үлестерін қосты. Сонымен, меркантилизм – бұл байлықтың сыртқы сауда нәтижесінде жасалатынын түсіндіретін және айналыс аясын зерттейтін экономикалық теорияның бір бағыты.
ФИЗИОКРАТТАР. Бұл мектептің негізін француз ғалымдары Франсуа Кенэ (1694-1774) мен Анн Тюрго (1727-1781) салды.Физиократтардың жеткен жетістігі болып олардың алғаш рет ұлттық экономика шеңберінде (әсіресе,Кенэнің Францияның ұлттық шаруашылығын зерттеуі) ұдайы өндіріс үдерістерін зерттеуі табылады. Сонымен, физиократизм – бұл пайда табудың жолы, ең алдымен, ауыл шаруашылығы саласында қалыптасатын және өндіріс аясын зерттейтін экономикалық теорияның бір бағыты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет