Реферат пәні : Экономика негіздері Тақырыбы : «Экономика және оның қоғамдағы рөлі»



бет4/5
Дата01.11.2022
өлшемі25,98 Kb.
#155980
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ахметова.Реф

КЛАССИКАЛЫҚ САЯСИ ЭКОНОМИЯ. Саяси экономияның қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлесті ағылшын экономистері Уильям Петти (1623-1687), Адам Смит (1723-1790), Давид Рикардо (1772-1823), Джон Стюарт Милль (1806-1873), француз экономисі Жан Батист Сэй (1762-1832) қосты. Классиктер (бұларға «классиктер»деген атақ берген Карл Маркс еді) физиократтарды сынай отырып, байлықтың қайнар көзі тек ауыл шаруашылығының еңбегі арқылы ғана емес, барлық өндіріс салаларындағы еңбекпен алынатындығын қадап айтты.
МАРКСИЗМ. Басты өкілдері неміс экономистері Карл Маркс(1818-1883) пен Фридрих Энгельс (1820-1895) еңбек құнының теориясы негізінде классиктердің тұжырымдамаларын жалғастырып нарықтық шаруашылықты тереңірек зерттеді. Маркс «капитализм» ұғымын қалыптастырды. Бұлардың ойынша, тек жалдамалы жұмысшылардың еңбегі ғана қоғамның байлығын жасайды. Ал капиталистердің пайдасы жұмысшылар табының төленбеген еңбегін білдереді. марксизм теориясын В. Ленин мен Г. Плеханов дамытты.
НЕОКЛАССИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ. ХІХ ғасырдың екінші жартысында экономикадағы барлық зерттеулер жекелеген нарықтық субъектілердің нақты қарым-қатынастарын қарастыруға бағытталады. Ғалым-экономистер шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін зерттеуге талпыныс жасай бастайды. Осыған байланысты экономикалық ғылымның аты өзгерді: «саяси экономия» термині «экономикс» ұғымымен алмастырылады. Экономикалық ғылым өзінің жаңа атауын ағылшын экономисі Альфред Маршаллдың 1890 жылы шыққан «Экономикс принциптері» еңбегіне байланысты өзгертті. Олай болса, бұл бағыттың негізін салушылар ағылшын экономисі Альфред Маршалл (1842-1924) мен Артур Пигу (1877-1959) болды. Бұл бағыт негізінде экономикалық теория шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану ғылымы ретінде қарастырылады. Маршаллдың басты назарында тұтынушылар мен өндірушілер өздерінің әл-ауқаттылық дәрежелерін қалайша арттыратындығы туралы мәселелерді талдау жағдайы тұрды. Оның ойынша, әл-ауқаттылықты максималдау тек еркін бәсекелестік жағдайында ғана болуы мүмкін және осы тұрғыда ғана нарық тепе-теңдікке келе алады.
МОНЕТАРИЗМ. Экономикалық ой-пікірдің бұл ағымы жаңа көзқараспен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өмірге келді. Монетаризмнің негізін американ экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты Милтон Фридмен (1912-2006) қалаған. Бұл бағытта макроэкономикалық саясаттың ортасында ақша мәселесі орын алады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты бағыты ретінде ақша несие саясатын жүргізудің негізі қарастырылады. Мемлекеттің бұл жердегі міндеті болып инфляциямен және басқа да мәселелермен күресу үшін банктік несие пайызын және ақша массасын бақылап отыруы табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет