1.4. Экономикалық теорияның құрылымы және атқаратын
Қызметтері Экономикалық теория шеңберінде экономикалық талдаудың негізгі екі деңгейі ажыратылады және осы арқылы экономикалық теория ғылымы екі бөлімге бөлінеді:
1. Микроэкономика – бұл шектеулі ресурстар мәселесін жекелеген экономикалық агенттердің (үй шаруашылығы, фирмалар,т.б.) нарықтағы тәртіптері мен мінез-құлықтары тұрғысынан зерттейтін экономикалық теорияның бір саласы. Микроэкономикада қолданылатын негізгі ұғымдар: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке, өндіріс факторлары, т.б.
2. Макроэкономика – бұл экономикалық мәселелерді біртұтас жүйе ретінде зерттейтін және агрегатталған өлшемдерді қолданатын экономикалық теорияның бір саласы. Макроэкономикада қолданылатын негізгі ұғымдар: жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, инфляция, жұмыссыздық, т.б.
Экономикалық теория ғылымы адамдарды ең жақсы жағынан өмір сүруге ынталандырады және осы үшін тиімді экономикалық саясатты жүргізуді қарастырады. Жалпы экономикалық теория шаруашылық жүргізудің барлық түрлерін, қағидаларын, ережелерін, заңдылықтарын және ресурстарды тиімді пайдаланудың тиімді бағыттарын қалыптастырады.
Қолданылған әдебиеттер: «Экономикалық теория» КІТАБЫ
А.Н.ДОҒАЛОВ,Н.С.ДОСМАҒАМБЕТОВ
Достарыңызбен бөлісу: |