Реферат Пәні бойынша: "Қазақстан тарихы"



бет1/8
Дата21.10.2022
өлшемі49,31 Kb.
#154435
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
тарих


ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Реферат

Пәні бойынша: "Қазақстан тарихы"


Орындаған : Амандық Аяулым
Тексерген: Маликов Бақытжан

Алматы- 2022 г.



ЖОСПАР
КІРІСПЕ

  1. Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы. Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары

  2. Б.з.б. 1 мыңжылдықтағы ұлы дала тайпалары. Ертедегі көшпелілер

  3. Моңғол кезеңіне дейінгі орталық Азиядағы түркітілдес этностардың этномәдени интеграция кезеңдері

  4. Ұлы Дала Алтын Ордалық кезеңде 13-15 ғасыр. Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ этнонимі, қазақ жүздері.

  5. 15-16ғасырдағы қазақ хандығы. 17-18ғасыр басындағы қазақ хандығы

  6. Қазақстан 14-18ғасырдың бас кезі аралығындағы мәдениеті

  7. 18ғасырдың 1 жартысындағы Қазақ жүздерінің сыртқы саяси жағдайы. Қазақстандағы отарлық дәуірдің басы. 18ғасыр соңындағы Қазақстан және Орта Азия мемлекеттері

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


КІРІСПЕ

Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым. Тарихтың мазмұны - бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді.


Қазақстан - Еуразиядағы ежелгі өркениетті жер. Көп ғасырлар бойы Қазақстан жерінде ұлы хандықтар мен мемлекеттер құрылып күйреген.. Қазақ халқы ата-бабаларының тарихы дүниежүзіндегі өркениетте маңызды орынға ие. Қазақ даласы тарихи сүргін майданына айналған. Этнос, көшпелі-сақ (скиф), ғұн, түрік, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ тайпаларының қатысуымен, өзіндік ерекшеліктерімен қалыптаса бастады. Бұл тайпалар Еуразия жерінің кең аймағын қамтыды. Жер бетінен жойылып кетпес үшін, Қазақ Хандығы ұлы Ресей мемлекетімен саяси одақ құруға мәжбүр болды. Күшпен ұжымдастыру қазақ халқының көшпелі әдет-ғұрпын бұзды. Қазақ даласын ашаршылық кезеңі қамтыды. Осы жылдары Қазақстан бір жарым миллионнан үш миллионға дейін халқын жоғалтты. Кейін Сталиндік режим Республиканы ГУЛАГқа бөлді, бұл жерге басқа хандықтың бүкіл халқы жер аударып келді. Ұлы Отан соғысы жылдарында фронтты қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін барлық завод-фабрикаларды Қазақстанға көшірді, ғылыми және мәдени мекемелер миллиондаған жанұяны қарамағына алды. Соның өзінде, қатыгез идеологиялық қыспақ, айдау мен қанау жылдарына қарамай, қазақ халқы этникалық ерекшелігін, бай мәдениетін сақтап, бостандық пен тәуелсіз жолында күресуге ұмтылды. 1991 жылы Қазақстан егемендігін алғаннан кейін, ақиқат сәті түсе бастады. Осы сәттерден бастап ел тағдырында жаңа кезеңдер басталды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет