Реферат пәні: Бухгалтерлік есеп Тақырыбы: Ақша қаражаттарының есептері


Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу



бет3/6
Дата17.05.2024
өлшемі37,95 Kb.
#202495
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Реферат Дидар

Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу


 Төлем тапсырмасы субъектінің қызмет қөрсетуші банкке өз шотынан белгілі бір соманы аударуы туралы тапсырмасы болып табылады
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілерде тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша банктің шолып қарауы үшін (кейін қайтаратын етіп) шарттарды, салықтық шот-фактураларды жөне төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттарды тапсыруға міндетті. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күн есепке алынбайды). Төлем тапсыр­малары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады.
Бірқалыпты және тұрақты өнімдерді сатып-өткізу кезінде өнімді өткізушілер мен сатып алушылар арасындағы есеп айырысулар жос­парлы төлемдер төртібімен шарттардың (келісімдердің) негізінде төлем тапқырмаларымен есеп айырысуды пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкін. Жоспарлы төлемдер транзитгік жөнелту де қолданылмайды. Бұл төлемдер күн сайын немесе өнім беруші мен са­тып алушы арасындағы келісілген, белгіленген мерзімдерде кезең-кезеңімен жүргізілуі мүмкін.
Ірілендірілген төлем мерзімін есепті қезеңнің келесі жұмыс күніне белгілеу ұсынылады. Әрбір жоспар­лы төлем сомасын тараптар төлемдердің келісілген кезеңділігі мен өнім беру (сатып алу) немесе қызмет көрсету көлеміне сүйене оты­рып, алдағы айға (тоқсанға) белгілейді. Күнделікті жоспарлы төлем кезінде олардың мөлшерін бір айда өнім берілу сомасын осы айдағы жұмыс күнінің санына бөлу жолымен айқындау ұсынылады. Өндіріс циклы мен өнім сату үздіксіз болғанда жоспарлы төлемдер сомалары бір айдағы күнтізбелік күндердің санына сүйене отырьш есептелуі мүмкін. Әрбір жоспарлы төлем үшін банкке жеке төлем тапсырмасы беріледі.
Тараптар кезең сайын, бірақ кемінде айына бір рет өз есептерін өткен кезеңдегі нақтылы тауар босату немесе қызмет көрсетудің негізінде нақтылап, келісімде белгіленген тәртіппен қайта есептеу жүргізуге міндетті.
Бұл ретте пайда болатын айырма жеке тапсырма бойынша аударылуы не кезекті төлем төлеу кезінде есепке алынуы мүмкін.
Тапсырмалар банкке төлем мерзімі келген күні беріледі. Төлем жасаушының шотындағы қаражат жеткіліксіз болғанда және төлем жасаушыға несие беру мүмкін болмаған кезде банк төлем тапсырмасын қабылдамайды. Қаражат пайда болған кезде жоспар­лы төлемді төлем жасаушы ол бойынша бұрын пайда болған берешекті есепке ала отырып аударады.
Үздіксіз өндіріс циклы бар субъектілер өндірілген өнім үшін аванстық төлемдермен есеп айырысады. Аванстық төлемдер төлем тапсырмалары арқылы жүргізіледі.
Аванстық төлемдермен есеп айырысу қаражатты шартта айтылған мерзімдер мен мөлшерлерде кезең-кезеңімен аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тараптар кезең сайын, кемінде айына бір рет өткен кезеңдегі нақты тауар босатудың негізінде өз есептерін нақтылап, шартта айтылған тәртіппен қайта есептеу жүргізуге тиіс. Бүл ретте пайда болған айырма жеке тапсырмамен аударылуы не кезекті төлем жасау кезінде ескерілуі мүмкін.
Тараптардың уағдаластығы бойынша төлем тапсырмалары жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болуы мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асы­рылады: аванстық төлем, яғни, тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни, тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдер.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірілмей жүргізілуі мүмкін.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іссапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелері жоқ жергілікті жерлерде ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау жөніндегі шығыстарды субъектілерге қаражат аударуды байланыс көсіпорындары арқылы жүзеге асыра алады.
Өз шоттарынан байланыс көсіпорындары арқылы аударым жасаған кезде аударым жасаушы аударым бланкілерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, осы орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі коса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс көсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жасалатын келіп түскен аударымдарды төлейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет