Реферат пәні: Бухгалтерлік есеп Тақырыбы: Ақша қаражаттарының есептері


Төлем талап тапсырмалары арқылы есеп айырысу



бет4/6
Дата17.05.2024
өлшемі37,95 Kb.
#202495
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Реферат Дидар

Төлем талап тапсырмалары арқылы есеп айырысу. 

Төлем талап тапсырмасы төлем жасаушының қызмет көрсететін банкіне жіберілген есеп айырысу және тиеу құжаттарының негізінде келісім-шарт бойынша жөнелтілген өнімнің, орындалған жұмыстын, көрсетілген қызметтің құнын төлеу туралы жабдықтаушының сатып алушыға талабын білдіреді. Төлем талап тапсырмаларын төлем жа­саушы бланкке жазып, жабдықтаушының банкіне тізімдемемен бірге төрт дана етіп береді. Жабдықтаушының банкі барлық реквизитгердің толық толтырылғанын тексеріп, талап-тапсырманы сатып алушының банкіне жібереді, екінші данасы жабдықтаушыға қайтарылады.


Сатып алушының банкі талап-тапсырманы алган соң, оны тіркейді, барлық даналарға алынған күнді қойып шығады (жоғарыда оң жақта) және оны төлем жасаушыға келісімін алу үшін береді.
Төлем талап тапсырмасын толық немесе ішінара төлеуге келгенде төлем жасаушы барлық даналарға шотқа билік жүргізуге уәкілеттігі бар адамдардың қолын қойғызумен және мөр басумен рәсімдеп, оны қызмет көрсетіп банкке өткізеді, олардың:
біріншісі төлем төлеушінің шотынан қаражатты есептен шығару үшін негіз болады жөне операция жүргізілгеннен кейін банк құжаттарына тігіледі;
екіншісі — жабдықтаушыға қызмет көрсететін банкке жіберіледі;
үшіншісі — тиеу құжаттарымен бірге тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге ақы төлеуге жөне есепке қабылдауына болатындығын растайтын қолхат ретінде төлем жасаушыға қайтарылады.
Банк акцептелген талап-тапсырмаларды қабылдауға және оларды №2. картотекаға орналастыруға құқылы.
Төлемдік талап-тапсырмаға толық немесе ішінара ақы төлеуден бас тарту туралы төлем жасаушы оған қызмет көрсететін банкке үш күннің ішінде хабарлайды. Талап-тапсырма құжаттарымен қоса оған берілген тиеу құжаттарын және төлемейтіні туралы хабарламасымен бірге тікелей жабдықтаушыға (өнім берушіге) қайтарылады.


Жиынтық талаптар арқылы есеп айырысу.

Көлік ұйымдарының тапсырыс берушілермен (жүк жөнелтушілермен немесе жүк алушылармен) жүк тасымалдағаны үшін, сондай-ақ көліктік-экспедициялық қызмет көрсетулері үшін орталықтандырылған есеп айырысулары жиынтық талаптар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Айыппұлдар жөніндегі сома жиынтық талапқа енгізілмеуге тиіс. Көлік қызметіне тапсырыс жасаушыларға қызмет көрсетуші банк мекемесі тиісті шоттан қаражаттың депонентелгенін, көлік ұйымдарының қызметіне ақы төлеу тапсы­рыс берушінің тиісті шотынан бұл шотта уақытша қаражат болмаған кезде банктің кепілдігінен жүзеге асырылғандығын куәландыратын кепілдікті анықтама береді. Анықтаманың күшінде болу мерзімі тараптардың келісім-шартымен айқындалады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет