есеп айырысу шоттары-шаруашылық есепте тұрған, дербес балансы бар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің органдарында тіркеуден өткен заңды тұлғаларға;
ағымдағы шоттар-жергілікті бюджеттегі мекемелерге, бюджетгік мекемелерге олардың бюджеттен тыс қаражаты бойынша, өндірістік және коммерциялық қызметпен айналысатын қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғаларға;
бюджеттік шоттар-Қазақстан Республикасының Республикалық бюджетіндегі мекемелерге;
корреспондешптік шоттар-корреспонденттік келісімдер негізінде есеп айырысу ережелеріне сәйкес екінші деңгейдегі банктерге Ұлттық Банк мекемелерінде және өз арасында.
Өзі орналасқан жерден тысқары жерлерде жеке филиалдары мен өкілдіктері /дүкендері, қоймалары жөне т.е./ бар заңды тұлғаларға табысты нақты ақша түріндегі несие төлем тапсырмалары бойынша есептеу үшін есеп айырысу субшоттары ашылуы мүмкін.
Уақытша есеп айырысу шоты ішінара пайдалануға берілген /іске қосу кешені, кезек, кезең және т.с.с./, салынып жатқан көсіпорынға арнап ашылуы мүмкін. Мұндай шот жоғары тұрған органның өкімі бойынша кәсіпорын пайдалануға толық берілгенге дейінгі мерзімге ашылады.
Субьектіге валюталық шот ашылуы мүмкін, ол шетел валютасындағы қаражаттың нақты бары мен қозғалысын есепке алуға арналған. Ол сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер бойынша шоттарды, чек /аванс/ кітапшаларының шоттарын жөне басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларды жүргізу үшін ашады.
Есеп айырысулар толық және тұрақты болуға тиіс. Олардың негізіне мынадай принциптер қаланған: субъектілер өз ақша қаражаттарын банкте сақтауға міндетті; олардың арасындағы есеп айырысулар, әдетте, қолма-қол ақшаны пайдаланбай жүргізіледі; аудару арқылы есеп айырысулар жүргізуге негіз болып табылатын барлық құжаттар банк, байланыс органдары мен Халықтық банк мекемелері арқылы төлемдер жасау үшін пайдаланылады; банктік емес айналымда айналыстың тек жалпы мемлекеттік кредит құралдары (чектер, вексельдер, банк билеттері және басқалар) гана айнала алады. Есеп айырысудың мақсаты-нарықтық қатынастарды нығайтуға, жиынтық қоғамдық өнімнің қозғалысына, есеп айырысу қатынастарына қатысушыларды өзара ынталандыру мен бакылауға, олардың кірістері мен шығыстарын өлшеуге жәрдемдесу.
Ақша қаражатын есепке алу міндеттері ақша қаражатының сақталуын және олардың мақсатына сай лимиттерге, сметаларға сәйкес пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етуі; ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі барлық операцияларды толық және уақтылы құжаттау; есеп айырысу және қаржы тәртібін сақтау; талдамалық есепке алуды уақтылы және дұрыс жүргізу; ақша қаражатына толық және нақтылы түгелдеу жүргізу; төлемдерді банк арқылы ақша аудару жолымен жасау болып табылады.
Кәсіпорындардың банктер арқылы жүргізетін есеп айырысуларын тауарлық (сатылган өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет үшін, алынған шикізат, материалдар, жартылай дайын өнім үшін) жөне тауарлық емес (бюджетке, әлеуметтік сақтандыру органдарына, зейнетақы қорына жөне басқалары) деп белуге болады.
Банк субъектілердің ақша қаражаттарын олардың шоттарында сақтайды, осы шоттарға келіп түскен сомаларға есептеме жүргізеді, субъектілердің шоттарынан аудару мен беру және банк ережелері мен шартта көзделген басқа да операцияларды жүргізу туралы өкімдерін орындайды.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілейтін кезектілікпен жүзеге асырылады.