Тарихи мәліметтер Орта қашықтыққа жүгіру сайыстардың ішіндегі бір түрі табылады. Уақыт өте келе ойындардың бағдарламасы дами түсті. Орта қашықтыққа жүгірудің түрлері көбейді. Қазіргі кездегі алғашқы Олимпиадалар бағдарламасына бірте-бірте ер адамдар үшін 300 және 500 м (Афина, 1896ж), 300 м-ге (Париж, 1900ж) дейін, 4х400м эстафеталық жүгіріс енгізіле бастады. (Стокгольм, 1912ж). IX Олимпиаданың жеңіл атлетикалық бағдарламасында әйелдер арасында 100 м қашықтыққа жүгіру 4x100 м эстафета, ал ХІҮ Олимпиададан бастап (Лондон, 1948ж) 200м-ге жүгіру енгені белгілі. (1962 ж.)
Халықаралық Олимпиадалық Комитеттің шешімімен ХҮІІІ Олимпиадалық ойындар (Токио, 1964ж) бағдарламасына әйелдер арасында 500 м-ге жүгіру сайысы, ал XX Олимпиададан (Мюнхен, 1972ж) бастап 4x400 м эстафеталық сайыс қосылды. Сол кездерден бүгінге дейін ер адамдар үшін де, әйел адамдар арасында да 100, 200, 400 м қашықтыққа жүгіру, 4x100 м және 4x400 м қашықтыққа эстафеталық жүгіру сайыстары қалыптасты.
1896 ж Афинада өткен қазіргі Олимпиадалық ойындарда американдық жүгіргіш Т.Брек алғаш рет жүгіруді төменгі старттан бастады. Сол кез үшін тұрпайылау болған бұл құбылыс көрермен жұртшылыққа күлкілі болды. Бірақ, Томос Брек 100 м және 400 м қашықтыққа жүгіру бойынша жеңімпаз атанған кезде жұрт оған күлуді доғарды. Ол төменгі старт барлық елдің спортшылары үшін кең қолданыс тапты. Жоғары жылдамдыққа қол жеткізетін төменгі старт позициясы үшін старттық колодкалардың шығуы жүгірісті бұрынғыдан да оңтайлатты.