1.1 Қазақстандағы халықтар саны Қазақстан халқы - Қазақстан Республикасының аумағын мекендейтін барлық тұрғындардың жиынтығы. 2023 жылғы 16 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан халқы 20 000 000 құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемде алпыс екінші орында.
Қазақстан - жүзден аса этнос пен 18 конфессия өкілдері тұратын көпұлтты мемлекет. Республика жер көлемі бойынша әлемдегі тоғызыншы ел, бұл ретте халықтың орташа тығыздығы әрбір шаршы шақырымға шаққанда бар болғаны 6,8 адамнан келеді. Қазақстан табиғи ресурстар қоры бойынша әлемде алтыншы орында тұр және ресми түрде кіріс деңгейі орташадан жоғары елдерге жатады. 2018 жылғы Адам дамуы туралы баяндаманың деректеріне сәйкес, Қазақстан адам дамуы индексінің өте жоғары мәні бар (0,800) елдердің тізіміне дүниежүзінің 188 мемлекетінің ішінде 59 орынды иеленіп, енген2. Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында елдегі халық саны кеміді. 1992 жылдан 2001 жыл аралығында халық саны 1 млн 600 мың адамға немесе 9,7%-ке азайды. 2002 жылдан Қазақстандағы халық саны тұрақты түрде өсті де, 2019 жылы 18,4 млн адамды құрады. Миграция мен халықтың табиғи өсіміне орай халық саны тұрақты түрде артып отыр. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚ САНЫ Соңғы 20 жылда Қазақстан Республикасындағы халық саны табиғи өсім (қайтыс болғандар санынан туғандар санының артуы) арқылы көбейіп, 1999–2018 жылдар аралығында 3 млн 628 мың адамға артты. 1999–2001 жылдары табиғи өсімінен де жоғарылап кеткен миграциялық шығынның кесірінен халық саны кеміді. Миграциялық өсім 2004–2011 жылдары ғана байқалды, бірақ осы кезеңде туғандар санының қайтыс болғандар санынан артып, халық саны өсімі 80%-тен жоғарғы көрсеткішті құрады. Ал халық саны, негізінен, табиғи өсім есебінен артты. Халық саны соңғы бес жылда тіптен арта түсер еді (260–270 мың адамға жетуі мүмкін болатын), алайда иммигранттардың саны артуынан (2013 жылы 0,3 мың адам, 2018 жылы 29,1 мың адам көшкен) халық саны қайта кеми түсті. 2014–2018 жылдар аралығында осы көрсеткіштің кесірінен халықтың табиғи өсімі 7,3%-ке, ал 2018 жылы 10,8%-ке төмендеді.