Реферат Пәні: Философия


Қазақстандағы демографиялық ахуал



бет2/4
Дата08.12.2023
өлшемі64,18 Kb.
#195846
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Реферат 12апта

1. Қазақстандағы демографиялық ахуал.
Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде Қазақстан демографиялық дамудың бірнеше кезеңінен өтті. Қазақстан өз тәуелсіздігінің ерте таңында бірқатар экономикалық және әлеуметтік мәселелермен бетпе-бет келді. Олар – нарықтық экономикаға көшу кезіндегі күрделі экономикалық жағдай, халықтың көпшілігінің өмір сүру деңгейінің төмендеуі, мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қорғаудың күрт құлдырауы және басқалар. Бұл ретте жүйелі демографиялық саясат айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге және ел дамуының жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта Қазақстанда демографиялық қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ әр шаңырақты қолдаудың кең тетігі мен тәсілдерін қарастыратын институционалдық орта мен нормативтік құқықтық актілер жүйесі қалыптасты.
Жалпы, Қазақстанның демографиялық даму кезеңдерін 3 кезеңмен көрсетуге болады.
Ұзаққа созылған әлеуметтік-экономикалық дағдарыс және одан кейінгі жаңғырту және реформалармен сипатталған бірінші кезеңде (1991-1999 ж.ж.) халық саны 1,3 миллион адамға қысқарды. Бұған көбіне эмиграция процесі ықпал етті: сол жылдары елден 2,6 миллионнан астам адам көшіп кетті (жалпы көші-қон сальдосы -1,8 миллион адамды құрады). Сонымен бірге туу және өлім-жітім процестерінде қолайсыз үрдіс байқалды. Туудың 38,5%-ға төмендеуі өлім-жітімнің 9,7%-ға өсуімен қатар халықтың табиғи өсімінің үш есе – 1991 жылғы 218,8 мыңнан 1999 жылғы 72 мың адамға дейін төмендеуіне әкелді.
Халықтың өмір сүру ұзақтығы 3 жылға (1990 ж. – 68,7; 1999 ж. – 65,7), ал ерлер арасында – 3,3 жылға, әйелдер арасында – 2,2 жылға қысқарды. Әйелдер мен ерлер арасындағы өмір сүру ұзақтығының алшақтығы 9,2 жастан 10,3 жасқа дейін өсті.
1990 жылдардағы экономикалық және әлеуметтік реформалар Қазақстан өмірінің айтарлықтай жақсаруына ықпал еткендіктен, демографиялық және көші-қон үрдістері өзгерді. Халықтың әл-ауқатының өсуі мен денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістер туу көрсеткіші мен халық санының өсуіне қолайлы әсер етті.
Осылайша, 2000-2013 жылдар аралығында халық санының қысқаруының теріс тенденциясының біртіндеп жойылуы байқалды. Халықтың өсімі 13,5% (немесе 2 млн. адамнан астам) құрады, халық саны 16,9 млн. адам шегіне жақындады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған кезекті Жолдауында еліміздегі демографиялық ахуалдың күрделі екеніне тоқталып, бұл бағыттағы жағдайды жақсарту үшін Үкіметке бірнеше тапсырма бергені белгілі.
«Отбасылық-демографиялық ахуал – зор алаңдаушылық тудырып отырған мәселе. Өкінішке қарай, Қазақстанда әрбір алтыншы отбасы бала сүйе алмай отыр. Сауалнама көрсеткендей, отандастарымыздың 20 пайызға жуығы мұны ажырасуға негіз болатын елеулі себеп деп санайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының еліміздегі халық санының өсіміне қатысты болжамы Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда көңіл көншітпейді. Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырамын. Экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламалары бойынша бөлінетін квота санын 7 мыңға дейін, яғни 7 есе көбейту қажет», – деді Президент. 
Тұрақты демографиялық көрсеткіштерді және ұдайы өндірістің қарқындылығын қолдау еліміздің мемлекеттік саясатының маңызды басымдығы болып қала береді және бүгінгі күні оның стратегиялық маңызы бар. 2021 жылға қарай халық саны қазірдің өзінде 19 миллион адамға жетті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда өзінің Twitter парақшасы арқылы, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетіп, 19 миллионыншы тұрғыны дүние есігін ашқаны жайлы мәлімдеп, күллі жұртшылықты осы бір мерейлі қуанышпен құттықтаған болатын.
Қазақстан халқының саны 19 миллион адамнан асты – 2021 жылы қазақстандықтар 248,5 мың адамға өсіп, 2022 жылдың 1 қаңтарында олардың саны 19 миллион 125,6 мың адамға жетті.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылы Қазақстан халқының табиғи өсімі 267 295 адамды құрады (2020 жылы – 263 012 адам).
2021 жылы Қазақстанда 450 652 бала дүниеге келіп, 183 357 адам қайтыс болды. Елімізден 32 209 азамат кетсе, 10 952 адам келген. Сондай-ақ, 140 256 неке және 19 280 отбасы бұзылған.
Қазақстан мемлекеттен барған сайын тиімді шешімдерді талап ететін жаңа демографиялық міндеттерге тап болып отыр. Соңғы 10 жылда халық құрылымында еңбекке жарамды жастағы халықтың үлес салмағының азаюы, еңбекке қабілетті жастан егде және әсіресе жас халықтың үлес салмағының артуы байқалады. Яғни, ел демографиялық қартаюдың бастапқы кезеңінде тұр.
Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары Қазақстанға дайындаған алдағы бірнеше онжылдықтағы демографиялық болжамдар 65 жастан асқан халық санының айтарлықтай өсетінін көрсетеді. 2050 жылға қарай «қалыпты» болжам бойынша егде жастағы халық саны 2,2 есеге артып, 14%-ды құрайды (2020 жылы – 7,9%). Бұл ретте егде жастағы адамдар үлесінің ұлғаюы балалар үлесінің төмендеуімен қатар жүреді. 2050 жылға қарай балалар санының үлесі 29%-дан 2050 жылы 23%-ға дейін төмендейді деп күтілуде.
Осылайша, Қазақстанда экономикалық даму қарқыны мен үдерісінің қозғаушы күші болып саналатын тұрақты демографиялық үдерістер елдің негізгі басымдықтарының бірі болып қала береді.
Халық құрылымының өзгеруі әлемдік еңбек нарығын, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін, зейнетақы жүйесін жаңа жағдайларға қояды. Елдің тұрақты демографиялық тенденцияларға бейімделуі және демографиялық дивидендтер алуы көп жағдайда қолайлы әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу үшін жасалған жағдайларға байланысты болады.
Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы жетекші маманы Айеша Вауда атап өткендей, тұрақты өсуге қол жеткізу үшін Қазақстан әл-ауқаты төмен өңірлер мен халықтың осал топтарының қажеттіліктерін қанағаттандыруға, сондай-ақ білім беру сапасына, ересектердің дағдылары мен өмір сүру ұзақтығын дамытуға назар аударуы қажет. Адами капиталдың сапасын арттыру мемлекеттің ұзақ мерзімді кезеңге арналған одан әрі дамуының негізгі векторына айналуға тиіс. Бұл ретте халық туралы деректерді жинау мен талдау жүйесіне және ел азаматтарының нақты мұқтаждықтарын ескере отырып, әлеуметтік қолдау тетіктерін қалыптастыруға ерекше назар аударылуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет