1950-2023 жылдардағы халық санының динамикасы
1950
|
1951
|
1952
|
1953
|
1954
|
1955
|
1956
|
1957
|
1958
|
1959
|
8 091 600
|
8 131 000
|
8 342 000
|
8 516 000
|
8 737 000
|
8 892 000
|
8 971 000
|
9 065 000
|
9 169 000
|
9 294 700
|
1960
|
1961
|
1962
|
1963
|
1964
|
1965
|
1966
|
1967
|
1968
|
1969
|
9 754 800
|
10 236 000
|
10 723 000
|
11 192 000
|
11 449 000
|
11 771 000
|
12 047 000
|
12 323 000
|
12 588 000
|
12 800 000
|
1970
|
1971
|
1972
|
1973
|
1974
|
1975
|
1976
|
1977
|
1978
|
1979
|
13 009 000
|
13 211 000
|
13 430 000
|
13 637 000
|
13 847 000
|
14 063 000
|
14 209 000
|
14 349 000
|
14 501 000
|
14 685 000
|
1980
|
1981
|
1982
|
1983
|
1984
|
1985
|
1986
|
1987
|
1988
|
1989
|
14 858 000
|
15 053 000
|
15 253 000
|
15 452 000
|
15 648 000
|
15 842 000
|
16 028 000
|
16 244 000
|
16 332 000
|
16 537 000
|
1990
|
1991
|
1992
|
1993
|
1994
|
1995
|
1996
|
1997
|
1998
|
1999
|
16 690 000
|
16 793 000
|
16 964 000
|
16 986 000
|
16 942 000
|
16 679 000
|
16 544 000
|
15 993 000
|
15 804 000
|
15 000 000
|
2000
|
2001
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
14 900 000
|
14 800 000
|
14 851 100
|
14 866 900
|
14 951 200
|
15 074 767
|
15 219 291
|
15 396 878
|
15 571 506
|
15 776 492
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
16 204 617
|
16 441 959
|
16 675 392
|
16 911 911
|
17 165 239
|
17 417 447
|
17 870 957
|
18 226 000
|
18 557 337
|
18 895 567
|
2020
|
2021
|
2022
|
2023
|
|
|
|
|
|
|
19 131 779
|
19 479 552
|
19 703 159
|
20 000 000
|
|
|
|
|
|
|
Халық санақтары:
1999 жылғы Қазақстандағы халық санағы 1989 жылғы КСРО-ның Бүкілодақтық халық санағынан тура 10 жыл өткен соң ақпан айында өтті. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы халық санағы 1999 жылдың 25 ақпаны мен 4 наурызы аралығында өтті. 2000 жылдың аяғында елдің алғашқы санағының негізгі нәтижелері жарияланды. 1999 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының халық саны 14.953,1 мың адамды құрады, республикада ресми түрде 16,4 млн адам тұрған 1989 жылғы Бүкілодақтық халық санағы деректерімен (16.199,2) салыстырғанда 1.246,1 мың адамға (7,7% - ға) қысқарды.
2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы егемендік алғаннан кейінгі екінші, Қазақстан Республикасының Халық санағы. 2009 жылғы 24-25 ақпан аралығында өткізілді. Санақтың алдын ала ресми нәтижелері 2010 жылғы 4 ақпанда Қазақстан мемстатының сайтында жарияланды. 2009 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының халық саны 16.004,8 мың адамды құрады, 1999 жылғы халық санағымен салыстырғанда 1.022,9 мың адамға (6,8% - ға) ұлғайды. Санақтың күтпеген нәтижелерінің бірі қала халқының үлесінің 56,3% - дан 52,0% - ға дейін күрт төмендеуі және ауыл халқының үлесінің тиісті өсуі болды. Ал 2011 жылдың 1 қаңтарына 16 441 959 адамды құрады. 2010 жылдың басында халық саны 16 204 617 адам болатын[4]. Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 7537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.
2021 жылғы Қазақстандағы халық санағы егемендік алғаннан кейінгі үшінші, Қазақстан Республикасының Халық санағы. Санақтың қысқаша нәтижелері 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Ұлттық статистика бюросының сайтында жарияланды. 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының халық саны 19 186,0 мың адамды құрады, 2009 жылғы халық санағымен салыстырғанда 3 176,4 мың адамға (19,8% - ға) ұлғайды.
1
|
|
Китай
|
1 465 604 324
|
2
|
|
Индия
|
1 441 705 640
|
3
|
|
Соединенные Штаты Америки (США)
|
339 807 186
|
4
|
|
Индонезия
|
285 854 523
|
5
|
|
Пакистан
|
237 179 716
|
6
|
|
Нигерия
|
225 506 493
|
7
|
|
Бразилия
|
219 401 827
|
8
|
|
Бангладеш
|
171 651 920
|
9
|
|
Россия
|
146 136 231
|
10
|
|
Мексика
|
135 216 163
|
11
|
|
Япония
|
126 087 248
|
12
|
|
Эфиопия
|
125 113 836
|
13
|
|
Филиппины
|
115 699 060
|
14
|
|
Египет
|
110 242 564
|
15
|
|
Вьетнам
|
101 191 408
|
16
|
|
Конго, Демократическая Республика
|
99 540 895
|
17
|
|
Турция
|
89 514 948
|
18
|
|
Иран
|
87 640 291
|
19
|
|
Германия
|
83 856 294
|
20
|
|
Таиланд
|
70 740 634
|
2. Демографиялық саясат
Демографиялық саясат - [ көне грекше: demos - халық, көне грекше: graphio - жазу] - елдегі және аймақтағы халық санын реттеуге бағытталған мемлекеттің ішкі саясатының бір саласы. Халық саны - кез келген елдің дамуының аса маңызды факторы. Сондықтан мемлекет бұл саладағы мәселелерге көз жұмып, елемей қоя алмайды. Ол әлде халық санының өсуіне жағдай тудырады немесе оны қандай да бір жолдармен шектейді, әлде бұл мәселеге нақтылы араласпай, оның табиғи жолмен реттелуін бақылайды. Нақтылы негізделген Демографиялық саясат жүргізу үшін, әдетте, жүйелі түрде халық санағы жүргізіліп отырады. Демографиялық саясат шеңберінде халық құрамы мен құрылымы, өсуі мен өлімі, оның жұмысбастылығы, көші-қон мәселелері шешіледі. Белсенді Демографиялық саясат жүргізу дамыған және дамушы елдерге бірдей өзекті әрі маңызды болып табылады. Көптеген дамушы, әсіресе, халық саны көп елдерде қазіргі адамдардың өмір сүру деңгейі одан әрі құлдырап кетпеуі үшін адамның табиғи өсімін шектеуі, ал, дамыған елдерде керісінше, бала тууға ынталандыру шаралары жүзеге асырылады.
Демографиялық саясат әртүрлі кешенді шараларды қолданады:
экономикалық (ақысы төленетін демалыс және бала туған кезден әртүрлі жәрдемақылар, баланың санына, жасына, отбасы жағдайына қарамай жәрдемақылар тағайындау; қарыздар, несиелер, салықтық және тұрмыс, үй жеңілдіктерін беру және т.б.);
әкімшілік-құқықтық (заңнамалық актілер, реттелетін некелер, ажырасу, отбасындағы балалардың жағдайы, алименттік төлем міндеттері, ана мен бала денсаулығын сақтау, жасанды түсік және бала көтеруден сақтану құралдарын қолдану, жұмысқа жарамсыздарды әлеуметтік қамтамасыз ету, жұмысбастылық жағдайлары, жұмыс істейтін әйел-аналардың еңбек тәртібі, ішкі және сыртқы көші-қон және т.б.);
қоғамдағы нақтылы демографиялық климатты қалыптастыруға, демографиялық мінез-құлықтың қоғамдық пікірді, ережелерді, стандарттарды қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік және насихаттық шаралары.
Бала тууды арттыру: билік жас отбасыларға материалдық жәрдемақы беру, бала тәрбиесінің жағдайын жақсарту және отбасыларды қолдауға бағытталған басқа да шаралар сияқты туу деңгейін ынталандыру үшін шаралар қабылдауда.
Демографиялық қартаюмен күресу: елдегі орташа өмір сүру ұзақтығының артуына байланысты белсенді және сау қартаюға жағдай жасауға, сондай-ақ қарттарды қолдауға баса назар аударылады.
Көші-қон саясаты: Елеулі көші-қон ағындарын ескере отырып, Қазақстанда көші-қонды басқаруға және көшіп-қонушыларды интеграциялауға бағытталған саясаттар жүргізілуі мүмкін.
Білім беру және ақпараттық жұмыс: демографиялық жағдайды өзгерту үшін халық арасында білім беру жұмысы да маңызды. Отбасын жоспарлаудың, ана мен баланың денсаулығына қамқорлық жасаудың маңыздылығы туралы, сондай-ақ басқа да білім беру және ақпараттық бағдарламалар туралы ақпараттандыру науқандары бар.
Денсаулық сақтау: сапалы медициналық көмекке, соның ішінде репродуктивті денсаулыққа қол жетімділікті қамтамасыз ету де демографиялық саясаттың маңызды аспектісі болып табылады.
Аймақтық және урбанизациялық орталықтардың дамуы: бірқатар елдерде ірі қалалардағы халықтың көптігі проблемасымен күресу үшін аймақтық және урбанизациялық орталықтардың дамуы да маңызды.
Демографиялық саясат көп қырлы және ұзақ мерзімді сала болып табылады және оның тиімділігі көбінесе ұзақ уақыт бойы бағаланады. Соңғы ақпаратты алу үшін осы саладағы жаңартуларды қадағалау маңызды.
2.1 Урбанизация
Урбандалу (Урбанизация) (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) — еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.
"Урбанизация" ұғымын "урбанизациялану" ұғымынан ажыратып қарау керек. Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі - процесс барысында қол жеткен көрсеткіш денгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші - елдегі қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны ("урбанизация қарқыны")
Урбандалудың оң және теріс салдары бар. Ол - күрделі әрі қарама-қайшылықты үдеріс. Оның теріс салдарына экологиялық жағдайлардың біршама төмендеуі, автокөлік газдарымен қала ауасының ластануы, жұмысқа орналасу қиындығы, қаладағы шаң, қала шуы, қала құрылысының мәселесі және т.б. жатады.
Урбандалу үрдісінің арқауы:
қала халқының табиғи өсімі;
ауылдық елді мекендердің қала статусын алуы;
қала маңы аудандарының пайда болуы;
ауылдық жерлерден қалаға қарай миграция.
Урбандалу түрлері:
Субурбандалу - қалалық агломерациялардың қалыптасуының нәтижесінде ірі қалалардың қала маңындағы аймағының өсу және даму процессі.
Контрурбандалу - урбанизацияға кері процесс.
Жалған урбандалу - қала халқының санының өсуі. Бірақ жұмыс орындары емес, үйсіз-күйсіздердің артуы.
Қазақстандағы урбандалу үдерісі:
Халық саны бойынша қалалар жіктелуі
кіші (20 мың адамға дейін)
орта (50 мың адамға дейін)
үлкен (100 мың адамға дейін)
аса ірі (500 мың адамға дейін)
Миллионер қалалар
Қазір Қазақстанда 87 қала мен 200-ден аса қала типтес елді мекендер бар.
Республикада 3 миллионер қала бар: Алматы (1 854 556 адам), Астана (1 078 362 адам) және Шымкент (1 011 551 адам).
Егер ХХ ғасырдың 20-жылдарында қалаларда халықтың 9%-ы ғана тұратын болса, қазір оның үлесі бүкіл қала халқының 57,8%-ын құрайды. Болжам бойынша жақын арада 60%-ға жетеді. Қала халқы Қарағанды (79,5%) және Павлодар сияқты өндірістік (70,7%) облыстарда басым. Бұл аталған аймақтарда қала халқының басым болуы өнеркәсіптің дамуымен тікелей байланысты.
Урбандалудың қазіргі деңгейіне үлкен қалалардың өсуі, қала агломерацияларының қалыптасуы, мегаполистердің пайда болуы тән. Кейбір ірі өндірістік орталықтар айналасында өндірістік, транспорттық, мәдени және тұрмыстық байланыстарға ие көптеген ұсақ және орта қалалардың шоғырлауын агломерация деп атайды.
Қарағанды мен Теміртау айналасында Саран, Абай, Шахты, Топар, Долинка агломерациялары т.б. қалалар қалыптасқан. Келесі агломерация - Алматы.
Болашақта әлемдік және аймақтық нарықпен бірігу нәтижесінде жаңа қала агломерациялары пайда болады. Әр агломерацияның экономиканың белгілі бір саласына қатысты өзіндік мамандануы және белгілі бір бағыттары бар.
Урбандалу үдерісі қарқынды байқалатын аймақтар қатарына Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары кіреді.
Бұл үш аймақтың екеуінде хаб қалалар орналасқан: Орталық-шығыс макроаймақтың орталығы - Өскемен, Батыс макроаймақтың орталығы - Ақтөбе.
Жалпы болжам бойынша Қазақстанда 5 хаб қала болмақ: Ақтөбе мен Өскеменнен басқа Солтүстік макроаймақ орталығы - Астана және Оңтүстік макроаймақ хабтары - Алматы мен Шымкент.
Қаржылық орталықтар халқының өсу қарқыны жоспарланғаннан да жоғары екенін айта кету керек. Елдің аумақтық дамуының болжамдық сызбасына сәйкес Алматы халқының саны 2019 жылы қаңтар айында 1 854 556 мың адама жетті. Жалпы Алматы Оңтүстік макроаймақ хабы болғандықтан, Алматы - Тараз - Шымкент бағыттарын байланыстыратын ірі көліктік-логистикалық орталыққа айналды. Астана хаб қаласының дамуы қала агломерациясының қалыптасуымен байланысты. Астана хаб қаласының дамуы қала агломерациясының қалыптасуымен байланысты. Агломерацияны Қарағанды, Көкшетау мен Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту арқылы кеңейту қарастырылған. Елорда халқы бүгінде екі миллион адамға жетуі мүмкін екені болжанып отыр. Осындай болжамдарға сәйкес қала әкімшілігі екі миллион тұрғынға есептелген "Астана мастер" жобасына халықаралық сайыс жариялады.
Кіші қалалардағы өнеркәсіп бір-екі кәсіпорынмен немесе оның мүлдем болмауымен шектеледі. Бұл халықты жұмыс орындарымен, көлік қатынасымен, ауызсумен қамтамасыз етуде күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың туындауына себепші болды. Мұндай жағдайда Кентау, Жаңатас, Қаратау, Талғар қалаларына тән. Елде осы қалалардың маңызды мәселелерін шешу мақсатында жасалатын шараларды басқарып, реттеу үшін 2012-2020 жылдарға моноқалаларды дамыту бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарлама аясында инженерлік инфрақұрылымды салу, өнеркәсіптік аймақтарды және индустриялық зоналарды қалыптастыру іске асырылмақ.
Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы аясында тұрғындардың моноқалалардан көшіп, тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне көмек көрсетеді.
Қала мен қала шегінде шоғырланған өнеркәсіптік, әсіресе энергетикалық, металлургиялық, химиялық және өзге де кәсіпорындар қоршаған ортаға айтарлықтай теріс ықпал етеді. Өнеркәсіптердің отынды жағуынан, түрлі залалды заттардың атмосфераға шығарылуынана, автокөлік газынан қала ауасы ластанып, денсаулыққа қауіп төндіреді. Осының нәтижесінде қала ауасы ауылдық мекендерге қарағанда 15 есе артық ластанған.
Бұған қоса ауаға ғарыштан зиянды қосылыстар да келіп енеді.
Қазақстанда атмосфераны ластайтын заттардың максималды концентрациясы басым бірнеше қала бар. Бұлар: Ақтөбе, Алматы, Астана, Қарағанды, Талдықорған, Балқаш және т.б. қалалар. Алматыда ластанудың 15,5%-ы зауыттарға, 23,3%-ы қалааралық көлікке, 58,6%-ы автокөлікке тиесілі. Алматы қаласының ауасында жоғары температурада отынның жануы кезінде пайда болатын азот диоксиді басым. Оның негізгі көздері автокөлік қалдық газдары, ЖЭС-тің ауаға зиянды шығарылымдары, қатты қалдықтарды жағу мен газдың жануы болып табылады. Қаланың лас ауасы тұрғындардың денсаулығына зиян, ал күкірт қосылыстары тарихи сәулеттік ескерткіштерге кері әсер тигізеді. Мұндай қалаларда көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығаратын, шуды төмендететін орман алқаптарын отырғызып, ал өндірістік кәсіпорындарында тазалау сүзгілерін орнату керек.
Қорытынды
Қорытындылай келе, демографиялық мәселелер күрделі және тұрақты шешімдерді қажет ететін күрделі сынақ екенін атап өтуге болады. Бала туудың төмендеуі, егде жастағы халықтың үлесінің артуы және халықтың біркелкі бөлінбеуі сияқты халықтың теріс тенденциялары қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Демографиялық проблемаларды жеңу үшін әртүрлі деңгейлерде шаралар қабылдау қажет: мемлекеттік, аймақтық және жеке. Мүмкін болатын шешімдердің ішінде отбасылық саясатты қолдауды, кәсіби және отбасылық өмірді үйлестіру үшін жағдай жасауды, сондай-ақ тууды қолдауға бағытталған шараларды енгізуді атап өтуге болады.
Демография мәселелерінде халықты тәрбиелеу және отбасын жоспарлауға саналы көзқарасты қалыптастыру да маңызды қадам болып табылады. Мұндай шаралар қоғамның неғұрлым орнықты дамуына, теріс демографиялық үрдістерді төмендетуге және болашақ ұрпақ үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ете алады.Бұдан басқа, көші-қон және халықаралық кооперация аспектілеріне назар аудару маңызды. Елдер арасындағы ынтымақтастық демографиялық мәселелерді тиімді шешуге ықпал етуі мүмкін, әсіресе демографиялық көрсеткіштер теңгерімсіз болған жағдайда.
Демографияға қатысты жаһандық сын-қатерлерді ескере отырып, білім беру мен денсаулық сақтау аспектілеріне де назар аудару маңызды. Жоғары сапалы білім мен медициналық қызметке қол жеткізуді қамтамасыз ету демографиялық көрсеткіштерге оң әсер етуі, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын арттыруы мүмкін.
Демографиялық мәселелерді шешу мемлекеттің, қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалардың бірлескен күш-жігерін қажет ететіндігін атап өтуге болады. Осы проблемалардың маңыздылығын түсіну және барлық тараптардың белсенді қатысуы әр адамның өз әлеуетін іске асыруға және қоғамдық әл-ауқатқа үлес қосуға мүмкіндігі бар тұрақты және салауатты қоғам құруға ықпал ете алады.
Қорытындылай келе, Қазақстандағы демографиялық проблемалар мемлекет тарапынан кешенді және ұзақ мерзімді тәсілді талап ететін ел үшін елеулі сын-тегеурін болып табылатынын атап өтуге болады. Туудың төмен деңгейі, жоғары өлім-жітім және көші-қон процестері экономикалық дамуға, әлеуметтік тұрақтылыққа және қоғамның ұзақ мерзімді тұрақтылығына теріс әсер етуі мүмкін. Бала тууды ынталандыру, өмір сүру жағдайларын жақсарту, білім беру және денсаулық сақтау бойынша тиімді шараларды әзірлеу және іске асыру қажеттілігі елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің өзекті міндетіне айналуда. Мемлекеттің араласуы, қоғам мен бизнес-сектордың бірлескен күш-жігері осы проблемаларды шешуде және Қазақстанда қолайлы демографиялық ахуал құруда шешуші рөл атқара алады.
Сонымен қатар, демографиялық жағдайдың жақсаруына ықпал ететін ресурстар мен қызметтерге қол жеткізудегі саралауды жою қажеттілігіне назар аудару керек. Жас отбасыларды қолдау, жұмыс орындарын құру, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету мен білім беру сапасын арттыру жөніндегі арнайы бағдарламалар - бұл шаралар халықтың тууына, денсаулығына және білім деңгейіне оң әсер етуі мүмкін.
Жоғары білікті мамандардың оралуына және мидың ағып кетуіне жол бермеуге ықпал ететін икемді көші-қон саясатын әзірлеу де маңызды фактор болып табылады. Инвестицияларды тарту және қолайлы бизнес-климат құру стратегиялары экономикалық өсуді қамтамасыз ету және халықты тарту үшін тиімді шаралар бола алады.
Осылайша, Қазақстандағы демографиялық проблемаларды шешу кешенді тәсілді және қоғамның барлық секторларының келісілген күш-жігерін талап етеді. Отбасыларды, білім беруді және халықтың денсаулығын қолдауға бағытталған тиімді стратегиялар мен іс-шаралар болған кезде, ел демографиялық динамикамен байланысты сын-қатерлермен сәтті күресіп, болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ете алады.
Пайдаланылған Әдебиеттер
1. https://kk.wikipedia.org/wiki
2. https://kazakhstan.unfpa.org/sites/default/files/pub-pdf/UNFPA_FullReport_Kaz_Final.pdf
3. https://stat.gov.kz/api/iblock/element/9409/file/kk/
Достарыңызбен бөлісу: |