Реферат пәні: Құқық негіздері Тақырыбы: Құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылуы негіздері


Құқық қорғау қызметінің қағидаттары



бет8/8
Дата07.02.2022
өлшемі31,81 Kb.
#92471
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылуы негіздері Реферат Кемалова Ж 2МК

Құқық қорғау қызметінің қағидаттары.

Мемлекеттік қызметтің қағидаттарының жалпы көрінісі құқық қорғау қызметіне негіз бола алады. Сонымен қатар құқық қорғау қызметінің арнайы қағидаттары да бар.


Құқық қорғау қызметкерлерінің құқығы, міндеттері және жауапкершілігі.
Құқық қорғау қызметкерлері мемлекеттік биліктің өкілі болғандықтан, мемлекеттің қорғауында болады. Қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңдылығында қарастырылып қойған талабын барлық азаматтар мен лауазымды адамдар орындауға міндетті. Құқық қорғау қызметінің қойған талабын орындамаған азамат заң алдында жауапқа тартылады.

Сонымен қатар құқық қорғау қызметкерін балағаттаған, қарсылық көрсеткен, қоқан-лоқы көрсеткен және өміріне, денсаулығына, абыройына қауіп төндірген жағдайда да заң алдында жауапкершілікке тартылады. Оған қоса құқық қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының және жолдастарының өміріне, денсаулығына, абыройына қауіп төндірген жағдайда да заң алдында жауапкершілікке тартылады.




Құқық қорғау қызметкерлерінің құқықтары:

  • лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға;

  • лауазымдық міндетерін атқарумен байланысты мемлекеттік органдарға, ұйымдарға олардың ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, белгіленген тәртіппен кіріп-шығуға;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз өмірінің, денсаулығының және мүлкінің, өз отбасы мүшелері өмірінің, денсаулығының және мүлкінің мемлекеттік қорғалуына.

Қызметкерлерге, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін қоспағанда, атыс қаруы мен арнаулы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану құқығы беріледі. Олар дене күшін, оның ішінде, күрестің жауынгерлік тәсілдерін қолдануға да құқылы. Атыс қаруын, арнаулы құралдарды және дене күшін қолдану тәртібі заңмен айқындалады.

Қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеруге байланысты міндеттері:





  • Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

  • адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуге;

  • заңмен көзделген тәртіп пен мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қодануға;

  • мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның ішінде құқық қорғау қызметін тоқтатқаннан кейін де, ол жөнінде қолхат бере отырып, заңмен белгіленген уақыт ішінде сақтауға;

  • қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған азаматтардың жеке өмірін, ар-намысын және қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеуге.

Қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулер:

  • өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға, партиялар, кәсіптік одақтар қатарында болуға, қандай да бір саяси партияны қолдауға, құқық қорғау органдары жүйесінде өз мүшелерінің еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру мен қорғау және еңбек жағдайын жақсарту үшін олардың кәсіптік мүдделерінің ортақтығына негізделген саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктерді құруға;

  • педагоктік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтерді қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;

  • кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде, оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

  • өзінің қызметтік әрекетін қамтамасыз ететін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсатта пайдалануға;

  • лауазымдық өкілеттіктерін атқаруға байланысты жеке және заңды тұлғалардың қызметін жеке мақсатында пайдалануға;

  • пайдакүнемдік мақсатта, оның ішінде, лауазымды немесе өзге де адамдармен сөз байласу жолымен қызмет бабын пайдалануға;

  • өзінің жақын туыстары немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын қызметіне тікелей бағынышты лауазымды атқаруға құқығы жоқ.

Қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін немесе лайықсыз орныдғаны үшін қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық, тәртіптік жауапкершілікке ҚР заңдарына сәйкес тартылады. Қызметкерлерге олардың жекебасын және өкілеттіктерін растайтын қызметтік куәліктер және жетондар беріледі. Жетондар прокуратура органдарының қызметкерлеріне берілмейді. Қызметтік куәлік адамның құқық қорғау органына қатыстылығын, оның құқық қорғау қызметіндегі лауазымын және арнаулы атағын немесе сыныптық шенін растайтын құжат болып табылады. Қызметкердің қызметтік куәлігі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерін қоспағанда, оның атыс қаруын, арнаулы құралдарды алып жүру және сақтау құқығын, қызметкерге ҚР заңнамасына сәйкес берілген өзге де өкілеттіктерді растайды.




Осылайша заманауи даму мүмкіндіктерінде ҚР азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғайтын, тәртіпті сақтайтын, заңдылықты нығайтатын мүмкіндіктер құрылған. Бұл тапсырмаларды құқық қорғау қызметкерлері толыққанды орныдауда. Құқық қорғау қызметкерлері азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға арналған арнайы қызметке ие.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет