Реферат пәні: Мәдениеттану және психология Тақырыбы: Қазақстан территориясындағы көшпенділер мәдениеті


Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалардың мәдениеті, салт-дәстүрлері, культтері, наным-сенімдері



бет2/7
Дата04.10.2022
өлшемі49,27 Kb.
#151523
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Семинар-3.Қазақстан территориясындағы көшпенділер мәдениеті
Лекция 3 КО 7.02.2022г Үшбұрыштар, ОФД №2, МУ к лаб., тапсырма, График учебного процесса бакалавриат, Ер есімі ел есінде, Кешенді емтихан БАҒДАРЛАМАСЫ 5В072700 ж. каз 1, docsity-syrany-fiziko-himiyaly-k-rsetkishi, ЛЕКЦИЯ 2 ӨСІМ ШАР, ТЕСТ Өсімдік шаруашылығы-1, treatise125445 (5), тест шпаргалка казак новый, tazhiribelik sabaktard or ndau ushin adistemelik nuskaul k, 1-3 aptaga arnalgan taps rmalar (pdf.io) (1), Пластилин Классика 8цв. стек (Луч) в Екатеринбурге, цена 49 руб пластилин 6-12 цветов – купить в интернет-магазине с доставко
Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалардың мәдениеті, салт-дәстүрлері, культтері, наным-сенімдері
Қазақстан территорориясын мекендеген ежелгі тайпалар-сақ, үйсін, қаңлы,сармат,ғұн тайпаларының өмір сүру кезеңі ерте темір дәуіріне жатады.Ерте темір дәуірінің хроногиялық шегі б.з.б. 8ғасырдан-б.з 5ғасырға дейінгі аралықты қамтиды.Оның ішінде сақтар-б.з.б 8-3 ғасырларда өмір сүрсе, үйсіндер-б.з.б 3-б.з 5ғасыр,қаңлылар-б.з.б 3-2- б.з 5ғасыр өмір сүрген.
Тайпалардың барлығына ортақ дүние – олардың діни-наным сенімдерінде жатыр.Ата-баба аруағына сиыну бағытындағы нанымдар мен әдет-ғұрыптар барлық тайпаларда ортақ, қай тайпа болмасын арнайы рулық, отбасылық зираттарға мәйітті оның дүние-мүліктерін қоса жерлеген, өлген адамның аруағына сиынып, о дүниеде қайта тіріледі деген сенімде болған.
Қазақстан жерін тас, қола дәуірінде мекендеген тайпалардың материалдық,мәдени мұралары көп болған.Ежелгі тайпалар табиғат құбылыстарынан қорыққанынан бір-біріне жақын жүрді.Қоршаған ортаның дүлей күштерінен бірігіп қорғанды.
Көшпелі өмір,қоршаған ортаның географиялық та,климаттық та, ұқсастығы бұл тайпалардың наным-сенімі мен дүниетанымына да бірегей ықпал жасап отырды.Нәтижесінде,адамдар мінезіндегі,әдет салтындағы ұқсастық жақтар пайда бола бастады.Бұл ұқсастықтар кейінгі скиф-сақ,ғұн,үйсін атымен жазба тарихқа белгілі бола бастаған тайпалардың жол-жоралғы,салт-дәстүрлерінде бой көрсеткен моральдық, ақыл-естік нормативтерді қалыптастырды.
Сақтар мен массагеттердің мәдени құндылықтары
Алғашқы қауымдық құрылыс жүз мың жылдарға созылды. Ең алғашқы еңбек құралдары бұдан 2,5 млн. Жыл бұрын пайда болды. XIX ғасырда белгілі болғандай, алғашқы қауымдық құрылыс бірнеше кезеңнен: тас, мыс, қола және темір дәуірлерінен тұрған. Адамдар алғаш рет жер өңдеу, аң аулау, мал өсірумен айналысты. Соңғы ғылыми деректерге қарағанда, қазіргі адам кейпі бұдан 140–145 мың жылдай бұрын қалыптасқан.Алғашқы адамдардың өмір сүрген мерзімі қазып алынған сүйектерді 1947 америкалық химик Уиллард Либби ойлап тапқан радиокөміртектік әдісті қолдану арқылы зерттеу негізінде анықталады. Радиокөміртектік әдіс неандертальдықтар қазіргі адамдардың ата-бабасы емес екендігін көрсетті. Алғашқы қауымдық мәдениеттің белгілері мынадай болды: дайын өнімдерді дайындау емес, иелену; еңбек құралдарының жетілмегендігі; адамдардың бірігіп еңбектенуі;алғашқы қауымдық комунизм. Алғашқы қауымдықьқұрылыс өте баяу дамыды. Сонда да болса,тапсыз қоғамнан таптық қоғамға,тең құқықтық қоғамнан – байлар мен кедейлерге бөліну, рулық қатынастан құл иеленушілікке өту ақырында жүзеге асып жатты. Миф – мәдениеттің бір түрі. Грек тіліндегі «миф» сөзі – «аңыз», «ертегі» мағынасын береді.миф те мәдениеттің бір түрі болып табылады. Мифтен біз халықтардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы,наным-сенімдері жайлы біле аламыз. Миф дінмен тығыз байланысты. Олар ертегі емес, өйткені жұрт оларға дінге сенгендей сенеді. Мифті адамдар өзін қоршаған әлемді түсіну үшін ойлап шығарады. Олар – адамдардың әлемге қызығушылығының көрінісі. Миф адамдардың алғашқы діни және философиялық сұрақтарына жауап ретінде туады. Мифтерде мистика және магия орын алады.Қоғамның алғашқы дамуы кезіңдерінде мифтер жан –жақты сипатта болды. Оларда қоршаған ортаны түсінуге тырысу әрі оған табыну ұғымы болды. Мифтер алғашқы дін түрлерін қамтыды. Алайда дінде дамып, күрделілене түсті де, мифтерден бөлініп шығып, жеке өрістед.Қоғамдық қатынастар жетілген сайын көптеген мифтер ескіре ертегіге айналды. Кейде қазір де ойдан шығарылған, адастыру немо түріндегі мифтер пайда болады. Мысалы, демократия қоғамда адамдарға тең мүмкіндітер беретіні туралы мифті айтуға болады.
Алғашқы діндерді зерттеуге көптеген ғалымдар: ағылшын этнографы Э.Б.Тайлор (1832-1917), ағылшындық дінтанушы және этнол Джеймс Фрэзер (1854-1941), француздық этнограф және психолог Люсьен Леви-Брюль (1857-1939), т.б. бой ұрды. Кейінгі және дамыған діндерде жан ұғымы өзгеріске ұшырады. Христиандық пен исламда тек адамда ғана жан бар деп есептеледі. Алғашқы адамдарда қоршаған дүниенің бәрінің жаны болады, құпия күштер бар деп білді. Ол бұл күштердің өзіне көмектескенін, жаулардан қорғағанын қалады. Заттарға табыну, өзін қорғайтынына сену пұтқақұлдық деп аталады. Аурудан, сиқыршылықтан амулет қорғайды, талисман бақыт пен табыс акеледі деген сенім болды. Қазіргі заманғы сөзддіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті,критмикен мәдениеті, қазақ мәдениетіжәне т.б.); б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.); в) мәдениет — агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениеті және т.б.). Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті. Алғашқы қауымдық мәдениет — тарихи-мәдени типология бойынша адамзат мәдениетінің алғашқы сатысы. Антропология ілімінде кейінгі палеолит дәуірінде (30 — 40 мың жыл бұрын) «нағыз адам» пайда болуымен, кару-жарақтар мен карапайым еңбек күралдарын қолдана бастауымен және экзагамияның нәтижесінде отбасы және рулық қауымның калыптасуымен, діннің, өнердің, рәміздік салт-дәстүрдің алғашқы нышандары өріс алуымен түсіндіріледі. Ауызекі тіл карымқатынастық, сабақтастық функцияларын атқара бастайды. Осының негізінде мифтік сана пайда болды. Алғашқы қауымдық мәдениет адамдық қарым-қатынастарды реттеудің дәстүрлік жүйесін қалыптастырады. Еңбектің коғамдық жолмен бөлінуі, магиялық, тотемдік, аниматикалық, фетишистік сенім-нанымдардың алдымен политеистік, кейін монотеистік діндерге ауысуы, жазбаша тілдің, қалалардың, колөнердің пайда болуы. Алғашқы қауымдық мәдениеттен ежелгі өркениеттерге өту мүмкіндігін туғызды. Алғашқы қауымдық мәдениет қазіргі өркениетті халықтардың «архетиптік жадында» сақталып қалған. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғаш еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 млн. Жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті. Дүние жүзінде жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстардың нәтижесінде алғашқы адамдардың қоныстары ашылып, олардың тастан жасалған құрал-саймандары көптеп табылуда. Олай болса, археология ғылымының ғылыми зерттеулерінің дәл осы тас құралдардан басталуы да тегіннен-тегін емес сияқты. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірінің өзі дүниежүзілік гылымда бірнеше кезеңдерге бөлінеді.
Орта Азия, Сібірден бастап Қара теңіз жағалауына дейін Евразия территориясында өмір сүрген көшпенділердің мәдениеті бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде объективті ғылыми тұрғыдан бағаланған жоқ. Ғылыми-танымдық басылым мәдениеттану, бейнелеу өнері, тарих, этнография, археология, педагогика, антропология, философия, дінтану, семиотика, лингвистика, әлеуметтану ғылыми салаларды қамтып, сондай-ақ көшпенділердің әр кезеңдегі мәдени процестерінің қоғамдағы рөлін көрсетуге септігін тигізеді. Евразия аймағында өмір сүрген көшпенділерді зерттеуге ғалымдар XVIII ғасырдан бастап қызығушылық таныта бастады. Көшпенділердің б.з.б. өмір сүрген сақ (скиф) суперэтникалық тайпаның жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттелуі, Ресей мемлекетінің славян тарихын жазуымен байланыстыруға болады. Өйткені қазіргі орыс халқының территориясында өмір сүрген ежелгі сақтар (скиф) туралы тарихи деректер антикалық авторлардың жазбаларында ғана кездеседі. Сондай-ақ орыс ғалымдары өз зерттеулерінде славяндардың генетикалық туыстығын, сол ежелгі көшпенділерден шыққанын ғылыми тұрғыдан дәлелдемек болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет