Реферат пәні: Мәдениеттану және психология Тақырыбы: Қазақстан территориясындағы көшпенділер мәдениеті


Сақ ойшылдары (Токсарид, Анахарсис)



бет7/7
Дата04.10.2022
өлшемі49,27 Kb.
#151523
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Семинар-3.Қазақстан территориясындағы көшпенділер мәдениеті

Сақ ойшылдары (Токсарид, Анахарсис)
Тоқсары шамамен б.з.д.VІІ ғасырдың басында дүниеден өткен. Тоқсары Грек еліне келгенде, жасы отыздар шамасында болатын. Лукиян, «Скиф және қонақ» деген кітабында: «Тоқсары Скифияға қайтып оралмаған, ол Афинада қайтыс болды, кейіннен ұлттық қаһарман ретінде танылды. Элладалықтар оған жат елден келген Балгер-әулие ретінде жыл сайын құрбандық шалады»- деп жазады. Лукиянның «Тоқсары мен достық» атты еңбегінде «Біз жақсы адамдарға арнап құрбандық шаламыз. Солардың құрметіне орай ас беріп, той жасаймыз. Себебі өлі разы болмай, тірі жарымайды. Әрине, мәселе тек оларда ғана емес, біз өлген адамдарға құрмет ете отырып, тірілерге олардың жақсылықтарын уағыздаймыз. Сондықтан да тірі жүргендердің көпшілігі соларға ұқсап, артына жақсы сөз, өшпейтін із қалдырғысы келеді» дейді Тоқсары Әулие.
Анахарсис шамамен жыл қайыруымыздан бұрынғы 620–555 жылдары өмір сүрген. Аты аңызға айналған дала данышпанының нақты өмірбаяны туралы деректер сақталмаған.
Тек Диогеннің мәліметі бойынша, ол шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 594-жылы, «Архонт Эвкраттың тұсындағы қырық жетінші Олимпиада өтіп жатқан сәтте Афиныда дүниеге келген». Бұл скифтердің Алдыңғы Азиядан бетін бұрып, отанына орала бастаған кезі.
Анақарыстың Афиныға барғаны анық. Сол кезде шамамен жиырма бес жаста деп шамаланғанның өзінде, ол мөлшермен б. д. д. 625–620-жылдары дүниеге келген. Ал нақты қай жерде туды, ол жағы белгісіз. Тек әке-шешесінің кім болғанына қарап барып әлдебір болжам жасауға болады. Геродоттың айтуы бойынша, «Анақарыс – скиф патшасы Спаргапиптің шөбересі, Ликтің немересі, Гнурдың баласы». Сонда Анақарыс Спаргапип Ишпақайдың, Лик Партатуаның, Гнур Мәдидің заманында өмір сүрген болып шығады. Анақарыстың өзі айтқандай, олардың өмірі – Истра-Дунай жағасында өткен.
Қоржын-Херсон бұғазында, Керіш кемерінде хан ордасы құрылған. Анақарыс Қоңырдың грек әйелінен туған. Анақарыс скифтерді ата-бабасынан билеп келе жатқан хан тұқымы. Нағыз қаракөк үзілмеген тектен тараған. Шешесі грек қызы. Сондықтан да элладаның тілін үйреніп өскен.
Өнерге, әсіресе сөз өнеріне ерекше құмартып, билердің шешендік келесіне қатысып, тыңдап, өзі де билік айтып ер жеткен. Әскери тағылым алған. Скифтердің әдет-ғұрпын өте жетік білген.
Ел іші бейбіт өмірге көшкен соң, немерелес бауыры Сабыл-Савлий хандық құрған кезде жан-жағына үңіліп, дүниенің сырын білмекке ұмтылған. Элладаның шежіреші тарихшыларының, философтарының, мемлекет қайраткерлерінің еңбектерін өз бетінше оқып, танысқан. Ақыры, ұшы-қиырсыз скиф даласынан аттанған ханзада әрі ділмар шешен Анақарыс Қоңырұлы «әлемнің жеті ғұламасының бірі» — Солонды іздеп, жыл қайыруымыздан бұрынғы 594-жылы не 568-жылы Эллада еліне бет алды.
Геродоттың жазуы бойынша, «Элладалықтардың өнер-білімін үйреніп келу үшін Анақарысты Элладаға жіберген адам скифтің патшасы» көрінеді. Ділмарлық толғауларында кемемен жүзгендерін жиі еске алып отыруына қарағанда, Анақарыс боспорға дейін салт атпен келіп, одан әрі қарай Афиныға кемемен сапар шеккен тәрізді. Қасына жолсерік те, күтуші де ертпеген. Өз күшіне сеніп шыққан. Себебі, ол заманда көшпелілер көсемінің мұрагері жігіт шағында қол бастап, елінің іргесін бекітіп, жауынгерлік өнерін шайқаста сынамай, алыс сапарға шықпаған.Сондықтан Анақарыс та әскери өнердің қыр-сырын жетік білген. Оған әйгілі философ Диогеннің: Скиф Анақарыс Гнурдың ұлы және скиф патшасы Кадиудтың бауыры еді; оның шешесі грек қызы, сондықтан да ол екі тілді де білетін. Ол скифтер мен эллиндықтардың дәстүрі, өмірді жеңілдетудің жолдары туралы жазды және әскери айла-тәсіл жөнінде сегіз жүз өлең шығарды. Ерекше шешендігімен көзге түсті, «скифтік сөйлеу мәнері» деген мәтел оның осы қасиетіне байланысты қалыптасқан» деген сөзіндегі әскери өнер қақындағы пікірі дәлел болады.
Анақарыстың туған анасының төркініне деген құрметі бала кезінен қалыптасып, оның да жүрегін қытықтап, сол елді көрсем-ау деген арманмен ер жетті. Кім нағашы жұртын жек көрсін. Анақарыстың нағашы жұрты оны сынаудай-ақ сынап бағыпты. Себебі, дәл осы біз айтып отырған кезде Эллада мен Скифтердің өзара қарым-қатынасы онша ықыласты болмапты.
Сондықтан да Анақарысты нағашы жұрты іш тартып, бауырына басты деп біз айта алмаймыз. Дегенмен де, көшпелілер көсемінің ер ұланын Афины қаласында бір адам қуана қабылдап, ақыл-кеңес беріп, жөн сілтеп жібереді. Ол – Эллада еліне аты әйгілі емші-балгер, қазіргі тілмен айтқанда, дәрігер, ата-тегі скиф Тоқсары (Тоқсарид) болатын.
Тоқсары мен Анақарыстың достығын хаттап қалдырған адам жыл қайыруымызға дейінгі 180–125 жылдары өмір сүрген гректің ұлы қаламгері Лукиан. Ол осынау оқиғаны өзінің «Скиф немесе қонақ» атты әңгімесінде сондай бір жылы сезіммен баяндап берген.
Анақарыс айтты дейтін қанатты сөздер өте көп. Соның көпшілігі сұрақ-жауап үлгісінде кездеседі. Зады, Диогеннің, Лукианның, Плутархтың, Платонның, Геродоттың пайдаланған шешендік сөздерінің дені Солон мен Анақарыстың екеуара пікірсайысынан алынуы мүмкін.
Өйткені кейбір қанатты тіркестер олардың өзара әңгімесінің ішінен ұшырасып қалады. Анақарыс – қаракөктің тұқымы. Ханзада. Ал тақ мұрагерінің әрқайсысына жеке тәрбиеші бөліп, әскери өнерге, ділмарлыққа, тапқырлыққа жасынан баулыған.
Анақарыстың қаза табуының себебін Геродот былай түсіндіреді: «Анақарыс көп елді аралады және соның бәрінде ол өзінің даналығымен танылып отырды. Скифияға қайтар сапарында Геллеспонттан жүзіп өтіп, жолай Кизикке аялдайды. Кизиктіктер осы кезде Құдай-Анаға бағышталған мінәжатты салтанатпен өткізіп жатыр екен.
Анақарыс та құрбандық шалып: „егер де еліме аман-есен жетіп, денім сау болса, онда осы кизиктерден көрген мінәжат дәстүрінің барлығын сақтай отырып, құрбандық шалып, түн ішінде салтанатты той жасаймын-ау“, — деп ант береді.
Скифияға жеткен соң Анақарыс Гилея деген жынысты шатқалға барып жасырынды. Сөйтіп, қалың орманның ішіне ендей кірген соң, өзі Кизикте көрген Құдай-Анаға табыну рәсімін толықтай орындауға кіріседі. Мойнына Құдай-Ана бейнесі бейнеленген тұмарды тағып, даңғыраны дүмбірлетіп қаға жөнеледі. Скифтердің біреуі мұны көріп қалып, оны Савлий патшаға жеткізе қояды. Патшаның өзі мінәжат рәсімін орындап жатқан жерге келіп, Анақарыстың не істеп жатқанын көзімен көрген соң, қорамсаққа қол салып, садақпен атып өлтіреді. Мұнысы оның Эллада елінде болып, жат жұрттың діни мінәжатын кешірмегеннің белгісі.». Міне, Анақарыс осылай қапыда өз бауырының қолынан қаза тауыпты. Соңғы демі үзілерде ол:
— Эллада жерінде ақылым мені қорғап еді, ал өз еліме кеп, мен қызғаныштың құрбаны болдым, — депті.
Ол ханзада боп дүниеге келді, елін-жұртын сүйген және қорғай білген әскер басы боп өмір сүрді, данышпан философ, ділмар ғұлама ретінде қаза тапты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет