Реферат пәні: Микробиология Тақырыбы: Микроорганизмдердің қолданылу аймағы. Микроорганизмдерді қолданылуға негізделген тағамдық өндіріс. Тағамдық өнімдердің бұзылуы. Микроорганизмдерді азық-жем



бет1/7
Дата05.12.2023
өлшемі47,15 Kb.
#195184
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СРО №13) — копия


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


РЕФЕРАТ

Пәні: Микробиология


Тақырыбы: Микроорганизмдердің қолданылу аймағы. Микроорганизмдерді қолданылуға негізделген тағамдық өндіріс. Тағамдық өнімдердің бұзылуы. Микроорганизмдерді азық-жем, химиялық және дәрілік препараттарды өндіруде қолданылуы. Микроорганизмдерді ауылшаруашылығында, рудадан металдарды сілтіздендіруде, ағын суларды тазартуда және қалдықтарды өңдеуде пайдалану. Биожанармай алу

Астана 2023 ж.


Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

2.1. Микроорганизмдердің қолданылу аймағы.
2.2. Микроорганизмдерді қолданылуға негізделген тағамдық өндіріс.
2.3. Тағамдық өнімдердің бұзылуы.
2.4. Микроорганизмдерді азық-жем, химиялық және дәрілік препараттарды өндіруде қолданылуы.
2.5. Микроорганизмдерді ауылшаруашылығында, рудадан металдарды сілтіздендіруде, ағын суларды тазартуда және қалдықтарды өңдеуде пайдалану.
2.6. Биожанармай алу.

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі




  1. Кіріспе

Микробиология (грек. микрос - ұсақ, биос - тіршілік, логос - ғылым) – биология ғылымының жеке бір саласы болып саналады. Микробиологияның зерттеу объектілері – ұсақ, жай көзбен көрінбейтін, тек микроскоппен ғана көріп-білуге болатын организмдер. Олар өлшемі және құрылысы жағынан әртүрлі организмдер - вирустар, бактериялар, балдырлар, ашытқы және микроскоптық санырауқұлақтар, қарапайымдар.
Микробиологияның дамуы бактериялардың ашылуымен байланысты. Бактериялар тудыратын құбылыстарды адамзат ертеден байқап пайдаланса да олар жөніндегі деректер тек XVII ғ. алына бастады. Көпке дейін бактерияларды ауру қоздыратын агенттер, одан кейін геохимиялық агенттер деп санап, микробиология көбінесе іс жүзінде қолданылатын ғылым болып дамыды. Ең үлкен биологиялық маңызды және микробиологияны фундаменталды ғылымдардың қатарына қосқан жаңалықтар ХХ г. ашылды.
Микроорганизмдердің әртүрлі макроорганизмдермен өзара қатынасының сипаттамасы сәйкес келетін биотикалық байланыстардың қалыптасуымен анықталады. Бір көпклеткалы организм бірнеше микроорганизммен бір мезетте байланыска түседі. Микроорганизмдер бір-бірімен өзара әртүрлі қатынастарда болады. Әртүрлі екі организмдердің бірге тіршілік етуі-симбиоз (грек тілінде symbiosis –бірге тіршілік ету) деп аталады. Пайдалы өзара қатынастардың бірнеше варианты бар:метабиоз, мутуализм, комменсализм, сателлизм.
1. Нейтрализм – бір-біріне ешбір әсер тигізбейді;
2. Кооперативті – екі не одан да көп организмдер бірлесіп тіршілік етеді және белгілі бір функцияларын атқарады;
3. Симбиоз – ұзақ уақыт тығыз байланысып, бір-біріне пайда келтіріп тіршілік етеді. Симбиоз облигатты не факультативті болуы мүмкін;
4. Агрессивті – бір организм екінші организмге зиян келтіріп пайда табады.
Метабиоз - біреуі екіншісінің тіршілік өнімін пайдаланатын микроорганизмдердің өзара қатынасы. Метабиозға нитрифицирлеуші бактериялар өздеріне қажетті аммиакты-аммонифицирлеуші топырақтық бактерияның тіршілік өнімін алатын симбиоз жатады.
Мутуализм - әртүрлі организмдердің өзара пайдалы арақатынасы. Мутуалистік симбиозға мүктер- саңырауқұлақ пен көк-жасыл балдырлар симбиозы мысал бола алады. Балдыр жасушасынан органикалық заттарды алып, саңырауқұлақ балдырларға минералды тұздарды жеткізіп, оларды кеуіп кетуден қорғайды.
Комменсализм (лат.-kommensalis –бірге тамақтанушы)әртүрлі даралардың бірге тіршілік етуі, мұндай симбиозда бір түр басқасына зиянын тигізбей өзіне пайда түсіреді. Адамның қалыпты микрофлорасының өкілдері - бактериялар комменсал болып табылады.
Сателлизм-бір микробтың әсерінен екінші микробтың өсуінің күшеюі. Мысалы, ашытқы мен сарцина колониялары қоректік ортаға метаболиттер бөліп, басқа микробтардың өсуін ынталандырады. Микроорганизмдердің бірнеше түрлері бірге өскенде, олардың физиологиялық функциялары мен қасиеттері белсендірленіп, олардың субстратқа әсер етуі жылдамдайды.
Антагонистік өзара қатынас немесе антагонистік симбиоз, бір микроб басқасына қолайсыз әсер етіп, оның зақымдаулына, тіпті жойылуына әкеледі.
Антагонист –микроорганизмдер топырақта, суда және адам организмі мен жануарларда кең таралған. Адамның тоқ ішегінің қалыпты микрофлорасының өкілдері-бифидобактериялар, лактобактериялар, ішек таяқшаларының және т.б. бөгде және шіріткіш микрофлораға қарсы антагонистік белсенділігі жоғары. Антогонистік өзара қатынастың механизмі әртүрлі. Антагонизмнің кең таралған түрі-микроорганизмдердің арнайы зат алмасу өнімдері-антибиотиктер түзуі, ол басқа микроорганизмнің дамуын тежейді. Антагонизмнің басқа көріністері де бар, мысалы, жылдам көбею, бактериоциндер, соның ішінде колициндер өндіру, органикалық қышқылдар өндіру және ортаның рН-ын өзгертетін өнімдерді түзу т.б.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет