Реферат пәні: «Өмір қауіпсіздігі негіздері» тақырыбы:«Еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік реттеу»



бет3/5
Дата06.12.2023
өлшемі225,23 Kb.
#195308
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат ГКМ 4docx

1.2.Еңбек қатынастарының жіктелуі

Еңбек құқығындағы қатынастардың субектілерін айтпас бұрын еңбек қатынастарының төмендегі түрлеріне тоқтала кетейік.Оларға негізгі қатынастар-жұмыс берушінің (ұйым,жеке кәсіпкер)қызметкердің еңбекке қабілетін(оның жұмыс күшін,білімін,дағдыларын және т.б)пайдаланумен байланысты еңбек қатынастары шарттық және ақылы негізде жүзеге асырылады.Қызметкер өз еңбегі үшін алдын-ала белгіленген нормалар тарифтер бойынша жалақы немесе ұйым табысының бөлігін алады,ал жұмыс беруші өзіне қажетті еібек өнімін алады.Еңбек қатынастарына қызметкер және жұмыс беруші өз еркі бойынша қатысады.Еңбек құқығы қатынастарын қызметкердің жұмыс берушімен еңбек жағдайларын пайдалану жөніндегі заңды байланысы (қызметкер өз жұмысын мұқият орындауға ,ал жұмыс беруші оған жалақыны жүйелі түрде беруге төлеуге міндетті)құрайды.Еңбек қатынастары келесі ерекше белгілермен сипатталады:


а )Қатынастар еңбек үрдісінде туындайды және дамиды.Қызметкер өзіне жүктелген белгілі бір еңбек функциясын орындайды.Ал функция тұрақты сипатқа ие және соңғы нәтижемен аяқталмайды,яғни еңбек қатынастары-бұл ұзақ уақытқа созылатын созылатын қатынастар.Өзге құқықтық қатынастарда мысалы, еңбекпен байланысты азаматтық құқықтық қатынастарда орындаушыға нақты бір тапсырма беріледі,ол бұл тапсырманы орындаған соң барлық міндеттемелерде тоқтатылады,яғни ,құқықтық қатынастар тәмәмдалады;

ә )еңбек қатынастары-бұл нәтижесінде жұмыс беруші еңбек өнімін , ал қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі бір ақы алатын ақылы қатынастар;

б)еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі болып табылады,яғни еңбек және еңбек қатынастары мәжбүрлі түрде жүзеге асырылмайды,ал қызметкер мен жұмыс беруші өз қалаулары бойынша серіктерді еңбек жағдайын және т.б таңдай алмайды.Еңбекті таңдау кезіндегі ерік білдіруге дәлел ретінде қызметкердің жұмысқа тұрардағы өтініштіөз қолымен толтыратынын және жұмыс берушінің осы өтінішке қол қоя отырып,қызметкерді қызметке алу туралы еркін білдіруін келтіруге болады.
в)қызметкердің еңбек тәртібіне бағына отырып еңбек ұжымына қосылуын білдіреді.Бұл дегенміз еңбек белгілі бір ішкі еңбек тәртібі жағдайында жүргізіледі.Ішкі еңбек тәртібі ережелерінде еңбек ұжымы мүшелерінің бірлеске қызметінің жағдайлары және тәртібі белгіленеді.Ішкі еңбек тәртібінің өзіне тән элементі болып қызметкердің еңбек қызметі үрдісінде жұмыс берушінің,тікелей басшылықтың өкіміне бағынуы табылады.Бұл элемент еңбекпен байланысты өзге қоғамдық қатынастарда көрініс таппайды.Бұл кезде орындаушы еңбек режиміне бағынуға емес ,өнімді уақтылы және сапалы дайындауға міндетті;

г) еңбек қатынастарыерекше заңды фактпен-еңбек шартымен,келісіммен лауазымға сайлау туралы актімен байланысты;

д)мамандығына,біліктілігіне,лауазымына қарай жұмысқа тікелей қатысудың қажеттігімен байланысты.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет