Еңбек қатынастарының түсінігі
ҚР Еңбек кодексінің 20-бабында еңбек қатынастарының туындау негіздері төмендегідей анықталған:
1.Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда еңбек қатынастары қызметтер мен жұмыс берушінің арасында осы кодекске сәйкес жасалған еңбек шартының негізінде туындайды.
2.Қазақстан Республикасының заңдарында,құрылтай құжаттарында,жұмыс берушінің актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен еңбек шартын жасау алдында:
1)лауазымға сайлану,сайлау;
2)тиісті лауазымға орналасуға конкурс бойынша сайлану;
3)лауазымға тағайындау немесе лауазымға бекіту;
4)заңда уәкілеттілік берілген берілген органдардың белгіленген квота есебіне жұмысқа жіберуі;
5)еңбек шартын жасау туралы сот шешімін шығару рәсімдері болуы мүмкін.
ҚР Еңбек кодексінің 20-бабында 1-тармағында айтылғандай еңбек қатынастарының мазмұны жеке еңбек шартында қалыптасады.Ал,жеке отырып , белгілі бір еңбек функциясын (белгілі бір мамандық,біліктілік және кәсіп бойынша жұмысты ) орындау міндетін ,ал жұмыс берушінің қызметкерге уақтылы және толық көлемде жалақы төлеп отыру және қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету міндетін көздейтін қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім.
Жеке еңбек шартының мазмұнын тараптардың өзара құқықтары мен міндеттерін анықтайтын жағдайлар құрайды.Мұндай жағдайлардың екі тобын айтуға болады:
a)еңбек туралы заңдармен және өзге де нормативтік құқықтық алдын ала белгіленген мәндетті жағдайлар;
ә)тараптар өздері анықтайтын қосымша жағдайлар.
Бірінші топтағы жағдайларды қызметкер үшін нашарлатуға жол берілмейді.Олар еңбек шартының тараптары үшін нашарлатуға жол берілмейді.Олар еңбек шарты тараптары үшін міндетті сипатқа ие.Оларсыз еңбек шарты мүмкін емес.Мысалы, «ҚР еңбек кодексіне »сәйкес,жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс және жеке еңбек шартының тараптары өз қалауы бойынша заңда көзделген жұмыс уақытының ұзақтығынан асатын ұзақтықты белгілей алмайды.Қажетті жағдайлары көрсетілмесе , еңбек шарты жасалмады деп есептеледі.Мұндай жағдайларға мыналар жатады:нақты ұйымның жеке еңбек шартын жасасқан күнгі орналасқан жерін көрсете отырып жұмыс орнын атау,яғни қызметкердің қай ұйымда не оның бөлімшесінде жұмыс істейтіні. Сондықтан қызметкерді бір ұйымның ішінде болса да ,басқа жерге ауыстыру оның келісімін қажет етеді,себебі ,бұл жеке еңбек шартының ережелерін бұзу болып табылады.Қазіргі Қазақстан Республикасының жағдайында бұл ереженің маңызы ерешелігі зор,өйткені ,ұйымның бөлімшелері , филиалдары және өкілдіктері бір-бірінен ұзақ арақашықтықта орналасуы мүмкін және бұл жерлерде табиғи және тұрмыстық жағдайларда өзгеше болатыны белгілі. Еңбек қатынастары (ағыл. labor relations) – Қазақстан Республикссының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар. Еңбек дауларының түсінігі және жіктелуі: жеке және ұжымдық. Жеке және ұжымдық еңбек дауларының пайда болу негіздері. Азаматтардың жеке және ұжымдық еңбек дауларына конституциялық құқығы, ереуілге құқықты қосқанда. Еңбек дауларын қарайтын органдар.Қазіргі кезде азаматтардың еңбекке қатысты өз құқықтарын жүзеге асыру нысандарының арасынан еңбек шартын ерекше атап өтсе болады.Себебі еңбек шарты ғана еңбектің жалдау сипатынлағы негізі ретінде нарықтық еңбек қатынастарының талаптарына анағұрлым толық жауап береді.Сонымен қатар,еңбек шарты ұғымымен қоса контракт ұғымы да теңдей танылды.Кең мағынада контракт дегеніміз кез-келген шарт ,яғни тең құқылы тараптардың арасындағы келісім.Бұл мағынада контракт келісім кәсіпкерлік және басқа да қызмет саласында жаппай пайдаланылады және де әр түрлі құқық салаларының нормаларымен байланысты болып келеді.Еңбек қатынастары саласында контракт ұғымы анағұрлым тар,ерекше мағынада қолданылады және еңбек шартының айырықша нысаны ретінде қарастырылады.Қарапайым еңбек шартына қарағанда контракттың мазмұнында заңмен көзделмеген жағдайларда көрініс табуы мүмкін.
Мысалы,контракт бойынша келісілген жағдайларға қол жеткізілгенде қызметкерге пәтер,автокөлік,бала-бақшадан орын берілуі немесе жұмыстан босату туралы ережелер айырықша көзделуі мүмкін әдетте контракт ірі кәсіпорындардың басшыларымен,спортшыларымен,мәдениет қызметкерлерімен , оқытушылармен және т.б жасалады.
Сурет 2 .Жұмыс беруші және қызметкер
Жеке еңбек шарты белгілерінің бірі болып шарт пәнінің өзгешелігі табылады.Жеке еңбек шартына сәйкес,қызметкер белгілі бір қызмет түріне жататын жұмысты,яғни белгілі бір мерзім көлемінде орындайтын мамандықты ,кәсіпті ,біліктілікті,лауазымды орындауға міндеттенеді.Ол кәсіп немесе мамандық бойынша атқарылу мүмкін.Оларды сипаттайтын болсақ:
Кәсіп-бұл белгілі бір қызметтің сипаты және мақсатымен анықталатын еңбек қызметінің бір түрі.Мысалы: дәрігер,оқытушы,заңгер және т.б.
Мамандық-бұл қызметкердің мейілінше тиімді еңбек етуіне мүмкіндік беретін терең және жа-жақты білімдері мен дағдылары көрініс тапқан белгілі бір кәсіптің бағыты,нақты бір түрі.Мысалы,дәрігер кәсібі бойынша хирург,педиатр,терапевт мамандықтары.
Біліктілік-бұл нақты бір мамандықты игергендіктің дәрежесі,арнайы дайындық пен тәжірибенің деңгейі.Біліктілік нақты бір қызметкердің қандай күрделіліктегі жұмысты орындай алатынын көрсетеді.Қызметкердің біліктілігінің деңгейі дәрежесімен санатпен анықталады.Мысалы,жоғарғы санаттағы хирург.
Жұмыс беруші жеке еңбек шартына сәйкес қызметкерден жеке еңбек шартында көрсетілген нақты бір кәсіп,мамандық және біліктілік бойынша жұмысты орындауды талап етуге құқылы.Тек жекелеген жағдайларда ғана қызметкерді жұмысқа қабылдаған кездегі оның негізгі қызметінің түріне жатпайтын басқада жұмысты орындауды талап етуге болады.Жеке еңбек шартында белгілі бір еңбек функциясын көрсетудің тәжірибелік маңызы зор.Осыған байланысты қызметкердің бір қызметтен екінші қызметке оның келісімінсіз ауысуы жүзеге асырылады.Бұл ретте жалақының мөлшері,ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы , жеңілдіктердің берілуі өзгеріссіз қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |