Реферат пәні: «Өмір қауіпсіздігі негіздері» тақырыбы:«Еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік реттеу»



бет1/5
Дата06.12.2023
өлшемі225,23 Kb.
#195308
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат ГКМ 4docx


Астана халықаралық университеті


РЕФЕРАТ

пәні: «Өмір қауіпсіздігі негіздері»


тақырыбы:« Еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік реттеу»

Орындаған: Қанатбекова Гүлзада


Тобы:ИЯ и НК 22-2
Қабылдаған:Карибаева М.К

Астана 2023



Мазмұны
I Кіріспе....................................................................................................................3
II Негізгі бөлім

    1. Еңбек қатынастарының түсінігі........................................................................4

1.2 Еңбек қатынастарының жіктелуі......................................................................7
1.3 Еңбек қатынастарын реттеу мәселелері және еңбек құқығы......................................................................................................................8
III.Қорытынды.......................................................................................................14
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................15

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әркімнің еңбек ету бостандығына қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар.Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына,еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына , сондай ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар (ҚР Конституциясының 24-бабы).Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде Қазақстан Республикасындағы азаматтардың еңбек бостандығына қатысты конституциялық құқығын жүзеге асыру барысында туындайтын еңбек қатынастарын реттейтіні көрсетілген.Ал ол қатынастардың мазмұны еңбек құқығының субектілерінің құқықтық жағдайына қарап қалыптасады және реттеледі.(сурет 1)
Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына қатысты конституциялық құқық , ең алдымен , әрбір адамның өзінің жұмыс күшін немесе еңбекке қабілетін өзі дербес жұмсауынан ,мүдделеріне ,кәсіби дайындығына , өзінің мүмкіндіктері мен қалауына қарап кәсіп түрі мен қызмет түрінің еркін таңдау құқығынан көрініс табады.Қазақстан Республикасының әрбір азаматы кез-келген нысандағы ұйымдарда жалданбалы жұмыс істеуге,кәсіпкерлік қызмет пен айналысуға,мемлекеттік әскери немесе кез-келген өзге де қызметпен айналысуға , заңды тұлғаны құрмастан жеке еңбек қызметімен айналысуға немесе ешқандай еңбек қызметімен айналыспауға құқылы.ҚР Конституциясының және 2007 жылы қабылданған ҚР Еңбек кодексінің бұл ережелері Біріккен Ұлттар ұйымы Бас Асамблеясының 1948 жылғы 10-желтоқсанда бекіткен Адам құқықтары жалпы декларациясының және еңбек саласындағы бірқатар халықаралық-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келеді.
Сурет 1.Еңбек қатынастары

Құқықтың бір саласы ретінде еңбек құқығының рөлі,міндеттері және қызметі өзара тығыз байланысты болады.Олар қызметкердің,жұмыс берушінің,өндірістің,қоғамның және мемлекеттің мүдделерін білдіреді.Қызметкер мен жұмыс беруші еңбек шартын жасасқан жағдайда еңбек қатынастарына түседі,бұл ретте олардың әрқайсысы өз мақсаттарын көздейді.Сондықтан,еңбек құқығының негізгі рөлі-реттеушілік рөл.Еңбек құқығы адамдардың еңбек үрдісі кезіндегі жүріс-тұрысын реттейді,еңбек қатынастарының екі тарабы да бағынуы тиіс нормаларды анықтайды.Бұл ережелер мен нормалар өндірістің міндеттеріне жауап береді,қызметкерлердің еңбегін , құқықтары мен мүдделерін қорғайды,жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асуын және олардың кепілдіктерін қамтамасыз етеді.Сөйтіп, еңбек құқығы толығымен еңбек қатынастарының салыстырмалы түрде қорғалмаған тарабы-қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған.Бұдан шығатын қорытынды, еңбек құқығының бір мақсаты-қорғау қызметі.







    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет