13
мөлшері жағынан ішкі үй тіректерінің аралығына сай келеді, ал ішкі үй тас
бағандар арқылы үш метрлік екі бөлікке бөлініпті. Кесененің шығыс
жағындағы кіреберіс ірі, биік, «қошқар»
тақтатастармен қапталған; бұл-
мәжусилік бейіт тамның маңыздылығын білдіретін болған.
Беғазыдағы бай кесенелердің көңіл қоярлық бай ерекшеліктерінің бірі-
діни ғұрыптық заттарды қою үшін және құрбандық шалу үшін арнайы
істелген мехрап орны. Бірінші қоршауда бұл-құрылыстың астына ор қазғанда
қалдырылған жер үстел немесе сөре. Ішкі үйдің батыс өабырғасына
жалғастырылған керте үстелдің үстіне үш тас баған орнатылған. Олардың
айналасындағы үстел бетіне май мен органикалық қылдықтар сіңген. Мұнда
толық жатқан қой сүйектері түрінде құрбан шалудың және ас берудің іздері
сақталыпты. Құрбан шалу үстеліне көптеген қыш ыдыс қойылған. Әр түрлі
керек жарақтарда, сәндік заттар мен қару-жарақ та осында тұрған.
Шаруашылықтың көшпелі қалыпқа
бейімделуімен кейінгі даму
кезеңінде бәр кезде жоғары дәрежеде болған Беғазы-Дәндібай мәдениеті жаңа
сатыға көшеді. Өткен замандағы күрделі бейіттік құрылыстардың орнына
қоршаусыз ірі тас жәшіктерден жасалған қарапайым құрылыстар пайда болды.
Бұлар Қарқаралы маңының Кент тауларындағы, Айдарлы, Бұғылы-2, құрылыс
алқаптарындағы ескерткіштер. Қыш ыдыстарда өткен уақыттағы дәстүрлер
әлі сақталады. Бірақ қазан сияқты, бүйірі өте шығыңқы, мойны қысқа,
ернеуі
сыртына қайырылған көзелер, жағалы деп аталатын, ернеуі сыртына қарай
кеңейтілген, ақырында мойнына білеулеп балшық жапсырылған ыдыстар
көбейе түседі.
Беғазы-Дәндібай заманының төлтума мәдениеті бар тұрғындары
Қазақстан даласында ертедегі темір дәуірінде қалыптасқан жаңа этникалық
мәдени құрамдардың бір компоненті болды.
Достарыңызбен бөлісу: